
- •1.Ұлыбритания қаржы жүйесі
- •2.Ұлыбританияның ақша - несие жүйесі
- •4.Ұлыбританияның салық жүйесі
- •5.Ұлыбританияның банк жүйесі
- •6.Германияның қаржы жүйесі
- •7.Германияның ақша несие жүйесі
- •8.Германияның бюджет және қаржы жүйесі
- •9.Германияның салық жүйесі
- •10.Германияның банк жүйесі
- •11.Герман экономикалық ғажайыбы
- •12.Францияның қаржы жүйесі
- •13.Францияның ақша несие жүйесі
- •14.Францияның бюджет және қаржы жүйесі
- •15.Францияның салық жүйесі
- •16.Францияның банк жүйесі
- •17.Жапонияның қаржы жүйесі
- •18.Жапонияның ақша несие жүйесі
- •19.Жапон экономикалық ғажайыбы
- •20.Жапонияның бюджет және қаржы жүйесі
- •21.Жапонияның салық жүйесі
- •22.Жапонияның банк жүйесі
- •23.Ресейдің қаржы жүйесі
- •24.Ресейдің ақша несие жүйесі
- •25.Ресейдің бюджет және қаржы жүйесі
- •26.Ресейдің салық жүйесі
- •27.Ресейдің банк жүйесі
- •33.Қытайдың қаржы жүйесі
- •34.Қытайдың ақша несие жүйесі
- •35.Қытайдың бюджет және қаржы жүйесі
- •36.Қытайдың салық жүйесі
- •38.Экономикалық интеграция түсінігі, түрлері және дамуы.
- •39.Дамыған мемлекеттердегі қаржылық интеграция
- •40.Мемлекеттік қаржылардың посткейнсиандық теориялары
- •41.Неоклассикалық синтез.
- •42.Мультипликатор концепциясы.
- •43.Қоғамдық тауар теориясы: оның мәні мен дамуы.
- •44.Мемлекеттік қаржылардың қазіргі кездегі неоклассикалық теориялары.
- •47.Мемлекеттік қаржылардың ұдайы өндіріс процесіндегі ролі
- •48.Қаржы қатынастарының субъектілері мен объектілері.Қаржының ерекше белгілері.
- •49.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде. Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.
- •52.Қырғызстан қаржы жүйесі.
- •53.Түркіменстан қаржы жүйесі.
- •55.Өзбекстан мемлекеттік бюджетінің кірістері мен шығыстарының құрамы мен сипаттамасы.
- •56.Қырғызстанның бюджет құрылымының ерекшеліктері.
- •58.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде.
- •59.Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.
- •60.Орта Азия және Қазақстан республикаларының экономикалық интеграциясының мәселелері
- •Ұлыбритания қаржы жүйесі
8.Германияның бюджет және қаржы жүйесі
Германияның бюджеттік жүйесі үш бөлімнен құралады: федералді бюджет; аймақтық бюджет (16); жер бюджеті (11 мыңнан астам қауым). Сонымен қатар, қаржылық жүйеге арнайы үкіметтік және бюджеттен тыс қорлар кіреді: темір жол Федералді қоры (Bundesbank) және Федералді пошта (Bundespost), мемлекеттік ұйымдар, әлеуметтік сақтандыру мекемелері, федералді жұмыспен қамту мекемесі.
Салықтық түсімдер бюджеттік түсімдердің төрттен бес бөлігін құрайды. Салықтық емес түсімдер мемлекеттік ұйымдардардың және ренталық төлемдерден құралады. Сонымен қатар, салықтық емес түсімге Неміс федералді банктің көпмиллиардты табысы жатады.Федералді бюджеттің шығындары федерацияның жер, қауымдық және дәстүрлі өрістегі қызметті қамтамасыз етеді. Бюджеттік процеске төрт негізгі кезең кіреді:Құрастыру;Бекіту;Жүзеге асыру;Жүзеге асыруды қадағалау;Бірінші кезеңде, жыл басына дейін тоғыз ай бұрын министрліктер Қаржы министрлігіне келесі жылға өтініштер тапсырады. Қаржы министрі сметаларды тексеріп, бюджет жоспарын құрады (мемлекеттің қаржылық жағдайына байланысты, олар көбіне салық түсімдерінің жоспарынан анықталады), оны министр кабинетіне жібереді. Онда жоспар тексеріледі, түзетулер енгізіледі (қаржы министрі тек қана федералді канцлерге бағынады). Түзетулер енгізілгеннен кейін ғана бюджет туралы заңдық жоба ретінде заң шығарушы органға бекітуге тапсырылады. Алдымен бюджет жобасы парламенттің жоғарғы палатасына жіберіледі (бундесрат), онда үш апта шамасында қарастырылады. Бюджеттің ары қарай жылжуына бундесраттың қолдауы керек емес. Кейін заңдық жоба төменгі палатаға жіберіледі (бундестаг). Егер парламент палаталарының біреуі түзету енгізсе, онда бюджет қайта қарап талқылауға жіберіледі. Төменгі палата заңдық жобаны қабылдағаннан кейін үкімет бюджетке қол қойып, заң қабылданады. Тек қана Германияда бюджет алдымен жоғарғы палатада, ал кейін төменгі палатада қарастырылады. Жоғарғы тек қарастырады және ұсынады, одан мақұлдау талап етілмейді, ал төменгі палатаның жобаны қабылдауға құқығы бар. Бюджет айналысы бундестаг пен бундесраттық бюджеттің жүзеге асуына есеп беруінің қолдауымен аяқталады, бұл қаржы министрлігімен құрастырылады, ал Федералді есептеу палатасымен есепке алынады.Жер және қауым бюджеттері мемлекеттік сияқты атқарушы билік мүшесімен құралады – жергілікті әкімшілікпен, билік өкілімен қабылданады – кеңеспен (депутаттар жиналысы) және билік өкімет органдарымен жүзеге асады. Әр федералді жердің есебі, қаржылық (бюджеттік) кезеңнің соңында (қағида бойынша бұл бір жыл, кейде екі жыл) құралады. Онда бюджеттің орындалған нәтижетері жазылады. Жергілікті органдардың бюджеттік жылы әдетте күнтізбелікпен сай келеді: 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін
9.Германияның салық жүйесі
Германияда салық ісін ұйымдастыру Л. Эрхард ұсынып кеткен кагидаларды ескере отырып құрылады. Ол қагидалар төмендегідей:Салықтар мүмкіндігінше ең аз болуы тиіс;Белгілі бір объектіге салық салынғанда салық алудың экономикалық максаттылыгы ескерілуі тиіс;Салықтар бәсекеге кері әсерін тигізбеуі керек;Салықтар саясат құрылымына сэйкес болуы керек;Салық салу жүйесі салық төлеушінің жеке өміріне сыймен қарау жэне коммерциялық құпияны сақтаудан түруы қажет;Салық жүйесінде қосарлы салык салу болмағаны жөн;Салықтар қоғамда табыстарды эділ бөлуді қамтамасыз етуі қажет;Салық көлемі мемлекет көрсететін кызмет көлеміне сәйкес болуы керек. Салық саясатындағы негізгі мемлекеттік акт болып конституция табылады – ГФР-нің негізгі заңы, 23 мамыр 1949ж қабылданған. Салықтық түсімдер бюджетке 80% дейін таыс әкеледі. Салықтар келесідей бөлінеді:Федералді;Жергілік;Муниципалдіқауым;Бірлескен;Шіркеулік.Барлық салық түсімдердің федералді салықтарға - 48% келеді, жергілікті - 34%, қауымдарға - 13% (қалғанын (5%) соғыс ауыртпашылығын түзету фондына жарналар). Негізгі салық төлеушілер болып жұмысшылар мен қызметшілер жатады (елдің бүкіл салық түсімдерінің шамамен 70%).Бюджетке Федералді түсімдер тұтынушылық сұраныстағы заттарға салық салудан бөлінеді: бензин және басқа да мұнай отындары (5,6%), темекі (3,1%), арақ-шарап өнімдері (0,8%) және т.б. Федералді бюджетке түгелімен келесі салық түрлерінен түскеннен есептеледі:Кедендік жинау;Капитал қозғалысына салық;Сақтандыруға салық;Вексельдік салық;ЕО шамасындағы жинау;Спирттік арақ түрлеріне салық және басқа да қолдану өнімдеріне, бірақ сыраға салықты есептемегенде (акциздер).Федералді бюджетке салық түсімдерінің үштен екі бөлігі – тура салықтар: табыс салығы, корпорациялық салық, айналыстан және кәсіпкерлік. Бірлескен салықтар тігінен қаржылық тегістеу механизмінің үлгісі болып табылады. Осылайша федералді бюджетке бағытталады:42,5% табыс салығы жинаулары;50% корпорациялық салыққа;65% айналыс салығы, импорттық айналыстағы салықты санағанда;9% кәсіпкерлік салық жинаулары.Жер бюджетіне толық мөлшерде келесі салық түрлерінен аударылады:мүлік салығы;мұрагерлік салық;жер учаскесін иемдену салығы;транспорттық құралдарға салық;сыраға салық;лотореяға және бәйгеге салық;өрт салығы;ойын үйлерінен салық.Тігінен тегістеу механизмі арқылы федерация мен жерлерге бірлескен салықтардан бөлінеді.