- •1.Ұлыбритания қаржы жүйесі
- •2.Ұлыбританияның ақша - несие жүйесі
- •4.Ұлыбританияның салық жүйесі
- •5.Ұлыбританияның банк жүйесі
- •6.Германияның қаржы жүйесі
- •7.Германияның ақша несие жүйесі
- •8.Германияның бюджет және қаржы жүйесі
- •9.Германияның салық жүйесі
- •10.Германияның банк жүйесі
- •11.Герман экономикалық ғажайыбы
- •12.Францияның қаржы жүйесі
- •13.Францияның ақша несие жүйесі
- •14.Францияның бюджет және қаржы жүйесі
- •15.Францияның салық жүйесі
- •16.Францияның банк жүйесі
- •17.Жапонияның қаржы жүйесі
- •18.Жапонияның ақша несие жүйесі
- •19.Жапон экономикалық ғажайыбы
- •20.Жапонияның бюджет және қаржы жүйесі
- •21.Жапонияның салық жүйесі
- •22.Жапонияның банк жүйесі
- •23.Ресейдің қаржы жүйесі
- •24.Ресейдің ақша несие жүйесі
- •25.Ресейдің бюджет және қаржы жүйесі
- •26.Ресейдің салық жүйесі
- •27.Ресейдің банк жүйесі
- •33.Қытайдың қаржы жүйесі
- •34.Қытайдың ақша несие жүйесі
- •35.Қытайдың бюджет және қаржы жүйесі
- •36.Қытайдың салық жүйесі
- •38.Экономикалық интеграция түсінігі, түрлері және дамуы.
- •39.Дамыған мемлекеттердегі қаржылық интеграция
- •40.Мемлекеттік қаржылардың посткейнсиандық теориялары
- •41.Неоклассикалық синтез.
- •42.Мультипликатор концепциясы.
- •43.Қоғамдық тауар теориясы: оның мәні мен дамуы.
- •44.Мемлекеттік қаржылардың қазіргі кездегі неоклассикалық теориялары.
- •47.Мемлекеттік қаржылардың ұдайы өндіріс процесіндегі ролі
- •48.Қаржы қатынастарының субъектілері мен объектілері.Қаржының ерекше белгілері.
- •49.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде. Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.
- •52.Қырғызстан қаржы жүйесі.
- •53.Түркіменстан қаржы жүйесі.
- •55.Өзбекстан мемлекеттік бюджетінің кірістері мен шығыстарының құрамы мен сипаттамасы.
- •56.Қырғызстанның бюджет құрылымының ерекшеліктері.
- •58.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде.
- •59.Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.
- •60.Орта Азия және Қазақстан республикаларының экономикалық интеграциясының мәселелері
- •Ұлыбритания қаржы жүйесі
49.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде. Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.
Құндылықты категория ретінде қаржы мемлекеттік шаруашылық субъектлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды береді.
Қаржы - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында және шаруашылық субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады. Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуып айқындайды, өйткені өңдірілген өнімдер сатыпалу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
50.Тауралы-ақша қатынастар және қаржы. Қоғамдық тауарлар, игіліктер, қызметтер. Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жүмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер - өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттік тікелей қатысу нұскалары болуы мүмкін алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдімгі рыноктықтауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидасының іс-әрекетіне ұшырамайды.Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға кол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігінанықтайды.Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет өтпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады. Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде- құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттікбасқару қызметтері жатады.
51.Өзбекстан қаржы жүйесінің сипаттамасы. Өзбекстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Оарды өзбекстан Республикасының Орталық банкі бақарады. Орталық банктің негізгі қызметтері мен міндеттері 1995 жылы желтоқсанда қабылданған қабылданған «Өзбекстан республикасының орталық банкі туралы» заңымен анықталады. Қазіргі таңда, Орталық банк орталық ақша-несие ұйымының қызметін атқарады. Орталық банк қызметінің басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Орталық банктің негізгі міндеттері: елдің несиелік, валюталық және монетарлық саясатын іске асыру, түрлендіру; Өзбекстанда есеп айырысудың тиімді жүйесін ұйымдастыру; банктік жіне қаржылық қызметті лицензиялау; Өзбекстан Республикасының ресми резервтерін басқару. Өзбестан Республикасының банк жүйесінің бір бөлігі коммерциялық банктер. Оларға 30 лицензиясы бар банктер жатады. Олардың жалпы саны: а) Өзбекстанның халық саны мен экономикасының көлемімен салыстырғанда; б) Ресей Федерациясы және Қазақстан сияқты мемлекеттермен салыстырғанда көп емес. Өзбекстанның саяси басшылығы қаржылық және банктік секторлардың даму стратениясын айқындады. Орталық банк тұрғысынан саяси лицензиялаудың үш негізгі мақсаты бар: банк капиталымен жақсы қамтамасыз етілген мықты топ құру өз мақсаттары үшін немесе жеке дара акция ұстаушылардың шағын, әлсіз банктерді құруын болдырмау; ұлттық қаржылық мекемелердің қатысуымен жоғарғы беделді шетелдік қаржылық мекемелерді тарту.
