Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
342.56 Кб
Скачать

6.Германияның қаржы жүйесі

Германияда ата Заң бойынша мемлекеттік биліктің екі деңгейі бекітілген — Федеративті Республика (Федерация) жэне жергілікті (Федерация мүшелері). Ал, қауымдастықтар мемлекеттік деңгейге кірмейді, тек жергіліктердің бөлшегі болып табылады. Қауымдастықтардың қаржы жағдайын жергіліктер кадағалауға міндетті. Қазіргі кезде Германияньщ бюджет жүйесінің кұрамына федерация бюджеті арнайы екі қорымен кірді, сонымен бірге 16 жер-гілік және 11 мыңнан астам қауымдастық бюджеттері кіреді. Аты аталған буындардың бәрі «біріккен мемлекеттік бюджет» ұғымын құрайды. Біріккен жиынтық бюджеттегі салықтардың үлесі бірнеше жылдар бойы 80% құрап келеді.Германияда заң бойынша мемлекеттік міндеттер федерация мен жергілікті жерлер арасында. бөлінеді. Жергілікті бюджеттерді иемденген қауымдастықтар федерация мен жергілікті жерлер сиякты әлеуметтік-қогамдык міндеттерге араласа алады. Германияның қаржы құрылымы федерация, жергілікті жерлер. Берлин қаласы және кауымдастықтардьң шығындарын бөлу сипатынан тұрады. Мемлекеттік буындар арасында шыгындарды бөлу тәртібі төмендегідей: Мысалы, элеуметтік шығындардың негізгі үлесі - федера-ция еншісінде, жоғарғы білім беру бойынша шығындар жергіліктілер үлесінде, денсаулық сактау шыгындары - қауымдастықтар үлесіне тиеді. Ал, қорғаныс шығындары толығымен (100%) федерация үлесінде.Германия ата Заңына сэйкес, аймақтық экономикалық құрылымды жақсартуға байланысты жалпы ұлттық багдарламаларды қаржыландыру федерация мен жергіліктілер арасында тепе-тең үлеспен жүзеге асырылады. Үлттық деңгейдегі аса маңызды міндеттердің бірқатарын федералды үкімет пен жергілікті жер бірлесе отырып жоспарлайды және қаржыландырады. Мұндай мақсаттарға жататыны: экономиканың аймақтық құрылымын. аграрлық сектор құрылымын жетілдіру, алынған аймақты күзету, университет кор-пустарының құрылысы. Ата заңға сэйкес қалалар мен кауымдастықтар өз істерімен өздері айналысуға құқылы. Жергілікті органдар сонымен катар әлеуметтік көмектер де береді. Қаржы ресурстарын бюджеттік қайта бөлу мемлекеттің экономикаға эсер етуінің маңызды құралы.Үкіметтің эскери бағыттағы шыгындарының жалпы бюджеттік шығыстардағы үлес салмағы 19,2%.

7.Германияның ақша несие жүйесі

Германияның ақша несие жүйесі: еуропадағы ең дамыған жүйелердің бірі. Германияның ақша несие жүйесінің құрылымы екі деңгейлі. Бірінші дейгейде Неміс федералды банкі. Ал екінші дейгейде коммерциялық банктер және банктік емес ақша несие мекемелері(4000 нан астам.) Олардың қызметін бақылау қаржы министрлігіне бағынатын Федералды басқару органына жүйктелген. Коммерциялық банктер өзінің бағыты мен қызмет түріне байланысты әмбебап және мамандандырылған болып жіктелген. Германияның ақша несие жүйесінде маңызды орынды әмбебап банктер алады. Оларға гросс банктер және аймақтық банктер жатады. Гросс банктер: ең ірі немістік несие мекемелі болып табылатын коммерциялық банктер. Олардың ішінде үш ірі банк: «Дойче банк», «Дрезден Банк» және «Коммерцбанк». Аймақтық банктер: бұл шамамен 200 мекеме. Олардың қызметі акционерлік қоғамдарда, акционерлік коммандиттік серіктестерде және ЖШС базасында жзеге асырылады. Коммерциялық банктерге сонымен қатар шетел банктерінің филиалдары да жатады. Германияның мамандандырылған банктеріне ипотекалық банктер, пошталық банктер және кооперативті орталық банктер жатады. Ипотекалық банктер шамамен отыз банктен тұратын топты құрайды. Олар жер учаскелері мен коммуналды кредиттер беруге маманданған. Пошталық банктер: есеп айырысулар мен салымдар жүйесіне маманданған банк. Кооперативті орталық банк: әр түрлі кооперативтік кредиттік серіктестермен есеп айырысу операцияларын жүгезе асыратын банктік мекемелер. Жинақ кассалары. Ерте кезде жинақ кассалары несиелерді нақты бағада жинақтап немесе кепілге берумен айналысты.Жироорталықтар. он екі жироорталық аумақтағы жинақ кассалының орталық ұйымдары болып табылады. Олар кредиттік операцияларды жүзеге асырады. Несиелік серіктестіктер. Үш мыцңға жуық несиелік серіктестіктер қалаларда орналасқан, оның ішінде ең негізгісі Фольксбанк, ал ауылдық жердегі Райфайзенбанк. Кепілдендірілген несиелік бірлестіктер: бұл орта буындағы кәсіпорындардың өзіндік көмек ұйымы. Бұл мекемелердің негізгі міндеті (50жж ортасынан бері қызмет етіп келеді) шағын және орта кәсіпорындарды қажетті қаржы ресурстармымен қамтамасыз ету. Құрылыс жинақ кассалары: тұрғын үй құрылысын қаржыландырумен маманданған ақша несие мекемелері. Мұндай мекемелердің басты артықшылығы: несие бойынша төменгі пайыз мөлшерлемері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]