Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
342.56 Кб
Скачать

52.Қырғызстан қаржы жүйесі.

Қаржылық процесстерді реттеу мақсатында барлық мемлекеттерде қаржылық жүйе қалыптасады. Қырғыз Республикасының қаржы жүйесін екі маңызды бөліктен тұрады деуге болады: орталықтандырылған қаржы және орталықтандырылмаған қаржы. Орталықтандырылмаған қаржы- бұл кәсіпорынның,ұйымның,фирманың басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың,сонымен қатар салалардың ақша қаражаттарының қоры.Олар ақша қаражатттарының,жинақ қорының ,сақтандыру қорының ,жалақы қорының орталықтандырылмаған қорлары жұмсалып,қалыптасатын экономикалық қатынастарды қамтиды. Орталықтандырылған қаржылар келесі сатыдан тұрады:әлеуметтік сақтандыру қоры;мүлік және жеке сақтандыру қоры;мем бюджет;кредит.

Қаржылық жүйе өзіне кіретін буындармен ғана ерекшеленбейді,сонымен қатар қаржылық қатынастардың маңызды салаларын қамтитын қаржылық ағымдармен ерекешеленеді.Басты қаржылық қатынастардың салаларына мем бюджет,банктер,шаруашылық қатынастар және т.б жатады.

53.Түркіменстан қаржы жүйесі.

Екi деңгейлi банктiк жүйе.Банктiк жүйенiң бiрiншi деңгейi Түрiкменстан орталық банк. Банк Түрiкменстанның коммерциялық банктері және олардың филиалдарына, ақша-кредит саячатының реттеуiн, қадағалау және бақылауын жүзеге асырады.Екінші деңгей 5 мемлкеттік клммерциялық банктермен және олардың 120 филиалдарынан, 1 коммерциялық банк, 3 акционерлік-коммерциялық банктер, 2 — шет ел капиталының үлесімен құрылған банктер кіреді.Түрiкменстан орталық банк - Түрiкменстан, банктiк реттеу және банктiк қадағалау орган орталық банк. Банк Туркменияның президентiне жауапты. Түрiкменстанның Орталық банк төрағасы, Түрiкменстанның Орталық банк төрағасының орынбасарлары лауазымдары тағайындайды және Түрiкменстанның президентi лауазымдардан босатады.Түрiкменстанның Орталық банкмақсаттары: Манаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету;Түрiкменстанның банктiк жүйесiн дамыту және күшейту. Түрiкменстанның Орталық банк негiзгi есептерiн жасау Түрiкменстанның банктiк жүйесiнiң қызмет етуi үшiн заңға сүйенген жағдайлар және кепiлдiк қажеттi; тиiмдi бiртұтас мемлекеттiк ақша-кредит саясатының өткiзуi; нақты ақша айналысының ұйымы; жүйе тиiмдi қызмет етудi есеп-төлеу; банктiк реттеу және банктiк қадағалауды ұйымдастыру; баға тұрақтылығының сүйемелдеуi; несие берушiлер және несие мекемелерiнiң салымшыларының қызығушылықтарын қорғау; Түрiкменстанның заңы бар сәйкестiгiнде қылмыстық жолымен алған табыстарды заңдастырудың қарсы әрекетi және терроризмның қаржыландыруына; Түрiкменстанның (алтын валюталық активтермен) халықаралық резервтерiнiң тиiмдi басқаруын қамтып, резервтегi мемлекеттiң сақтаулы алтын қорды сақтау.

.

54.Орта Азия республикаларында салық салуды ұйымдастыру ерекшеліктері.

1991 жылы тәуелсіздігін алған Орта Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттері қатарына : Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы жатады.Орта Азия елдері экономикасының дамуына және гүлденуіне әсер ететін факторлар ірі мәселелерді тудыруда. Орта Азия елдері экономикасы бірін-бір толықтырғаннан гөрі , өзара бәсекелестікке ұмтылады. Сыртқы инвесторлар үшін Орта Азия елдері тартымды объект болып табылады.  Орта Азия елдері экономика қуаттылығын салыстыра келе , 2007 жылы Қазақстанның ЖІӨ көлемі 132 млрд.долларды , Қырғызстанда -3,8 млрд.доллар, Тәжікстанда- 3,7 млрд.доллар. Түрікменстанда – 13 млрд.доллар, Өзбекстанда – 45млрд.долларды құраған. Қазақстанның  ЖІӨ-дегі экспорт үлесі 49 пайыз , Қырғызстанда  - 45пайыз, Тәжікстанда -21 пайыз ,Түрікменстанда- 63 пайыз және Өзбекстанда -40 пайызға тең болып табылады. Осы елдер экономикаларын ашық деп айтуға болады , себебі олар экспортқа бағытталған.Осы елдер экономикасының басты мәселесі монотәуелділік болып табылады , яғни бір-екі тауар топтарына тәуелділік .  Дүниежүзілік банк  мәліметтері бойынша , Қазақстан үшін бұлар көмірсутек, минералды ресурстар, металдар және астық , ал Қырғызстан үшін – алтын , мақта, Тәжікстан үшін-алюминий , мақтан , Түрікменстан үшін –газ ,мақта және Өзбекстан үшін – мақта , алтын , газ болып табылады. Орта Азия елдері үшін регионалды біртұтастылыққа жетудегі басты кедергі – Орта Азия елдері экономикаларының құрылысы бойынша ұқсас болып келеді. Қазіргі уақытта олар бірін-бірі толықтырмай , керісінше бәсекелестікке ұмтылады.Өзбекстан экономикасының қалыпты дамуы үдерісінде Үкімет салықтар рөлін ынталандыруға ерекше назар аударады. Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтың 2009 жылдың 22 желтоқсанындағы «2010 жылға арналған Өзбекстан Республикасы Мемлекеттің бюджетінің  параметрлері мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне болжау туралы » Қаулысы елдің салық саясатының тиімділігін арттыруының басты факторы болып табылады.  Ел Президенті Ислам Каримовтың басшылығымен экономиканы либерализациялау бойынша қабылданатын ірі,  кеңмасштабты шаралары  өз нәтижесін беруде. Шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауда  салықтық жеңілдіктер беру маңызды рөл атқарады. Бұл өз кезегінде ел экономикасына қалыпты қызмет етуге және өсу қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді. Елбасы қаулысы бойынша 2010 жылдағы шаруашылық субъектілердің  табыс салығының базалық қойылымы  10 пайыздан 9 пайызға дейін төмендетілді.  Үнемделген ақша қаражаттары кәсіпорындарға техникалық жаңартылуына , өндірістің кеңеюіне және жұмысшылар жалақысының артуына мүмкіндік береді. 

  Жеке тұлғалар табысына салықтық ауыртпалықты азайту , халық табысы мен сатып алу қабілеттілікті үлкейту мақсатында 2010 жылдан бастап , жеке тұлғалар үшін табыс салығы 12 пайыздан 11 пайызға дейін төмендетілді .  Микрофирмалар мен шағын ұйымдар үшін  бірыңғай салық төлемдері бойынша базалық қойылым 8 пайыздан 7 пайызға дейін төмендетілді. Үнемделген ақша қаражаттары  шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жеделдетілген дамуына мүмкіндік береді.  Зейнетақы қорына міндетті аударымдары бойынша тауар ( жұмыс, қызмет ) сату көлемінен қойылым  1 пайыздан 1,5 пайызға дейін көтерілді. Мектеп қорына міндетті аударымдары бойынша қойылым 1 пайыздан 0,5 пайызға дейін төмендетілді. Республикалық жол корындағы  аударымдар қойылымы 2009 жылғы деңгейі бойынша сақталды.2010 жылы бірыңғай әлеуметтік төлем қойылымы 24 пайыздан 25 пайызға дейін артты, осылайша Зейнетақы қорына 159,7 млрд сумдардың қосымша қосылуына әкелді. 2010 жылы бойынша кейбір салықтық жеңілдіктер мерзімі ұзартылды. Сонымен қатар Салық кодексінің кейбір баптарына өзгеріс енгізілген.Қырғызстанның Ресей , Қазақстан және Беларустьтің Кедендік одағына кіруі республиканың ұлттық өндірісінің қалпына келуін талап етеді.Қырғызстанда ұлттық өндіріс біртіндеп жойылып кеткендіктен ,республикада Қытай тауарларының реэкспорты кең таралған. Ұлттық өндірісті қалпына келтіру қажеттілігі – жағымды үрдіс болып табылады, ал ол өз кезегінде  ұлттық экономиканың және әлемдік қоғамдастықта Қырғызстан позициясының  сақталуына алып келеді. Осыдан кейін болатын салдарларды да ескеру керек,себебі Қытай тауарларының рекэкспортына , қайта сатуына дағдыланып алған халық жағдайы өзгеріске ұшырайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]