Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
342.56 Кб
Скачать

44.Мемлекеттік қаржылардың қазіргі кездегі неоклассикалық теориялары.

Неоклассицизмді жақтаушылар әлі күнге дейін мемлекеттің экономикаға араласпауын тілейді.Бұған қарамастан капитализм рыноктық механизмінің арқасындағы сұраныс пен ұсыныс, тұтыну мен өндіру арасындағы динамикалық тепе – теңдікті қамтамасыз ете отырып экономикалық процестерді реттейді. Неоклассиктер – еркін кәсіпкерлікті, тең мүмкіндікті, нарық күшінің еркін болуын, экономиканың өзін-өзі реттеу формаларын жақтаушылар. Олар бірінші орынға инфляциямен күресу, бәсекелестікті, өндірістің тиімділігін арттыру мәселелерің қояды.Неоклассицизмнің теориктері жаңа міндеттердің іске асырылуының негізгі шарты деп әлемдік ҒТП кеңеюін есептейді. Маржиналдық экономикалық теория «Классикалық мектептің» құндылықтарын қайта бағалау арқылы экономикаға «маржиналдық революция» ретінде кірді.Маржинализмнің негізгі ойы фирма масштабындағы шекті экономикалық мөлшерді, салаларды (микроэкономика), сондай – ақ бүкіл халық шаруашылығының өзара байланысқан құбылыстарын зерттеу.Маржиналдық теорияның өзгешелігі:болып жатқан өзгерістерді сипаттау үшін шекті шараларды анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың жаңа әдістерін қолдану;маржиналистер экономиканы шаруашылық игілікке ие өзара байланысқан субъектілердің жүйесі ретінде қарастырады;маржиналдық теория математикалық әдістерді кең қолданады, сонын ішінде дифференциялдық теңдеулерді;маржинализмнің әдістемелік құралы экономикалық категориялардың бастапқы және қайталама сұрақтарын шешуге мүмкіндік жасауы.Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде маржинализмнің ізбасарларының негізгі принциптері (сондай–ақ «маржиналдық революция») бірінші және екінші «Госсен заңымен» сипатталады. Маржиналдық революция – классикалық экономикалық мектептің концепциясынан неоклассикалық теорияға ауысу. Маржиналдық революция екі кезеңге бөлінеді.Бірінші кезең – ХІХ ғ. 70-80 жж. саяси экономиада тауар құндылығын анықтау шартымен тауардың шекті пайда теориясын бекітуге байланысты «субъективті бағыт» аталуына ие болды. Соңғысы психологиялық деңгейдегі нақты тұтынушының позициясымен қалыптасқан.Екінші кезең – ХІХ ғ. 90 ж., бұған саяси экономианың «субъективті бағытынан» және заттардың пайдалылығын бағалаудың психологиялық аспектілерінен бас тарту тән.Қазіргі кездегі неоклассикадан бірнеше мектептер тарайды:Австриялық мектеп – шекті пайда теориясы. Оның негізін салушылар К. Менгер, Ф. Визер, Е. Бем-Баверк;А. Маршалдың басқаруымен Кембридж мектебі;А. Вальрастың басқаруымен Лозан мектебі.

45.Қаржы саясатының типтері: классикалық, реттеуші, жоспарлы-директивті. Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жүмылдыру.Қазіргі кезде қаржы саясатын жүзеге асыру барысында шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы;Мемлекеттік қаржылардық ұлғаюы;Ақша тауар ағындарында тепе-теңдікке қол жеткізу;Басқа заңсыз бағыттарға қаржылардың жұмсалуына жол бермеу;Банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету;Өндірісте тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі.Көптеген елдердегі қаржы саясатына талдау жүргізе отырып, олардың 4 негізгі типтерін атап көрсетуге болады: классикалық, реттеушілік, жоспарлы –директивті және қазіргі қаржы саясаты. Мұндай қаржы саясаты классикалық саяси экономияның өкілдерінің еңбектерінде А. Смит (1723-1790) және Д. Рикардоның(1772-1823 еңбектерінде және олардың ізбасар ғалымдарының еңбектерінде айқын көрінеді.Олардың негізгі ұстанған бағыттары – экономикаға мемлекеттің араласпауы, еркін бәсекелестіктің қалыптасауы және  нарықтық механизмді шаруашылық үрдістердің басты реттеушісі ретінде қолдану. Реттеушілік қаржы саясатының негізін ағылшын  экономисті ДЖ. М. Кейнстің (1883-1956) және оны қолдаушылар қалыптастырған. Олар экономиканың циклдық дамуын мемлекет әр уақытта реттеп отыруы қажет деген тұжырымды ұстанады. Реттеушілік қаржы саясаты жағдайында салықтар түбегейлі өзгеріп отырады.  Басты реттеуші механизм ретінде прогрессивті салық мөлшерлемелерінде пайдаланылатын   табыс салығы жиі қолданылады.Жоспарлы – директивті қаржы саясаты экономиканы жоспарлы басқару жүйесін қолданатын мемлекеттерде жүзеге асырылады. Өндіріс қаражаттарының мемлекеттік меншікке негізделуі экономиканы, қаржыны және әлеуметтік саланы тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайдағы қаржы саясатының мақсаты – мемлекеттік жоспарды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің   қаржы ресурстарын максималы түрде шоғырландыруға бағытталған.Қазіргі қаржы саясаты – бұл кәсіпкерлік қызметтің көп түрлерінің дамуымен, мемлекеттік меншіктің жекешеленуімен, шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларының қалыптасуымен және аралас экономиканың жүзеге асырылуымен сипатталады.

46.Қаржының әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы ролі.

Материалдық игіліктерді игеру, олардың үздіксізділігін қамтамасыз ету  яғни ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдістерінің жүзеге асырылуы  ақшалай түрдегі құн қозғалысынсыз мүмкін емес. Ақша айналымының негізінде қаржы  немесе ақша сомасының бір адамнан  екіншісіне өту үрдісі жүзеге асады. Бүл ерекше үрдіс нәтижесінде «қаржы » термині қалыптасты. Құндылықты категория ретінде қаржы   мемлекеттік шаруашылық субъектлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды  береді.Қаржы тек орталықтандырылмаған және орталықтандырылған қорларды қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық қатынастарды ғана қамтиды.   Осыған сәйкес қаржы ғылымының  нысанына қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастар жатады. Жоғарыда келтірілгендерді қорытындылайтын болсақ, қаржының мазмұны тауар-ақша қатынастарының қалыптасуы және құндылық заңының жүзеге асырылуымен айқындалады.Қаржының мәнін тереңірек түсіну үшін өнімнің дайындалу мен бөлістірілу уақыты аралығындағы ақшалай нысандағы қозғалысты, қатынастарды   қарастыру қажет. Жеке кәсіпорынның өнімінің өндірістік құны келесі элементтермен анықталады  -  C+V+m Мұндағы :С- өндірістік материалдық шығындар;V- еңбек ақы;m- қосалқы өнім.Келтірілген элементтер ақшалай қорларды қалыптастырып, жинақтап, тұтынуды қарастырады. Алынған кірістің бір бөлігі кәсіпорын қарамағында қалып,екінші бір бөлігі мемлекетке аударылады.Осының нәтижесінде ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорлары қалыптасады. Қаржылар ақша қорларының әртүрлі мақсаттағы қозғалысы барысында пайда болады. Тауарлардың құндылықты нысандағы қозғалысы ақша айналымын және ІЖӨ бөлістіруде орын алатын экономикалық қатынастырды туындатады.Қаржы – бұл ұлттық табыс пен ІЖӨ бөлістіру мен қайта бөлістірудің экономикалық құралы.Қаржы  - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында  және шаруашылық субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады.Қаржының қажеттілік деңгейі  қоғамның даму қажеттілігіне  байланысты болады. Қоғамды материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту қажет. Ал мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін  ақша қаражаттарының қорлары қажет.Қаржылық қатынастар екі аяны қамтиды:мемлекеттік бюджет жүйесіне қажетті орталықтандырылған ақша қаражаттарының  қорларын  қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық ақша қатынастарын;кәсіпорынның орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты экономикалық ақша қатынастарын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]