
- •1.Ұлыбритания қаржы жүйесі
- •2.Ұлыбританияның ақша - несие жүйесі
- •4.Ұлыбританияның салық жүйесі
- •5.Ұлыбританияның банк жүйесі
- •6.Германияның қаржы жүйесі
- •7.Германияның ақша несие жүйесі
- •8.Германияның бюджет және қаржы жүйесі
- •9.Германияның салық жүйесі
- •10.Германияның банк жүйесі
- •11.Герман экономикалық ғажайыбы
- •12.Францияның қаржы жүйесі
- •13.Францияның ақша несие жүйесі
- •14.Францияның бюджет және қаржы жүйесі
- •15.Францияның салық жүйесі
- •16.Францияның банк жүйесі
- •17.Жапонияның қаржы жүйесі
- •18.Жапонияның ақша несие жүйесі
- •19.Жапон экономикалық ғажайыбы
- •20.Жапонияның бюджет және қаржы жүйесі
- •21.Жапонияның салық жүйесі
- •22.Жапонияның банк жүйесі
- •23.Ресейдің қаржы жүйесі
- •24.Ресейдің ақша несие жүйесі
- •25.Ресейдің бюджет және қаржы жүйесі
- •26.Ресейдің салық жүйесі
- •27.Ресейдің банк жүйесі
- •33.Қытайдың қаржы жүйесі
- •34.Қытайдың ақша несие жүйесі
- •35.Қытайдың бюджет және қаржы жүйесі
- •36.Қытайдың салық жүйесі
- •38.Экономикалық интеграция түсінігі, түрлері және дамуы.
- •39.Дамыған мемлекеттердегі қаржылық интеграция
- •40.Мемлекеттік қаржылардың посткейнсиандық теориялары
- •41.Неоклассикалық синтез.
- •42.Мультипликатор концепциясы.
- •43.Қоғамдық тауар теориясы: оның мәні мен дамуы.
- •44.Мемлекеттік қаржылардың қазіргі кездегі неоклассикалық теориялары.
- •47.Мемлекеттік қаржылардың ұдайы өндіріс процесіндегі ролі
- •48.Қаржы қатынастарының субъектілері мен объектілері.Қаржының ерекше белгілері.
- •49.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде. Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.
- •52.Қырғызстан қаржы жүйесі.
- •53.Түркіменстан қаржы жүйесі.
- •55.Өзбекстан мемлекеттік бюджетінің кірістері мен шығыстарының құрамы мен сипаттамасы.
- •56.Қырғызстанның бюджет құрылымының ерекшеліктері.
- •58.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде.
- •59.Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.
- •60.Орта Азия және Қазақстан республикаларының экономикалық интеграциясының мәселелері
- •Ұлыбритания қаржы жүйесі
42.Мультипликатор концепциясы.
Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) – табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 ж. ағылшын экономисі Р.Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс “Жұмыспен қамтылудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді.. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұранымның, жалпы ұлттық өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраным тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері: инвестициялық мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы;ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қанша артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.
43.Қоғамдық тауар теориясы: оның мәні мен дамуы.
Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер - өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттік тікелей қатысу нұскалары болуы мүмкін алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдімгі рыноктықтауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидасының іс-әрекетіне ұшырамайды.Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға кол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігінанықтайды. Шығарып тастау қағидасы тұтынушыны егер ол тауардың рыноктық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді. Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет өтпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады.Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде- құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттікбасқару қызметтері жатады. Кез келген жағдайда рыноктық жүйене қоғамдық тауарларға қоғамдық тауарлар мен кызметтер көрсету үшін) ресурстарды бөлмейді, немесе оларды жеткіліксіз көлемде («аральқ» қоғамдық қызметтер көрсету үшін) бөледі. Сондықтан мемлекет қарқының механизмі аркылы мұндай тауарларды, игіліктерді және кызметтер көрсетуді өндіру және қоғамды олардың белгілі бір көлемімен камтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салык-бюджет жүйесі арқылы жетеді: салық және басқа міндеттітөлемдер аркылы, жекеше сектор дара, рыноктық тауарларды өндіруде, ал халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп, ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктер, қоғамдык мүдделерді канағаттандыруды камтамасыз етуші салалар, өндіріс каржыландырылады.