
- •1.Ұлыбритания қаржы жүйесі
- •2.Ұлыбританияның ақша - несие жүйесі
- •4.Ұлыбританияның салық жүйесі
- •5.Ұлыбританияның банк жүйесі
- •6.Германияның қаржы жүйесі
- •7.Германияның ақша несие жүйесі
- •8.Германияның бюджет және қаржы жүйесі
- •9.Германияның салық жүйесі
- •10.Германияның банк жүйесі
- •11.Герман экономикалық ғажайыбы
- •12.Францияның қаржы жүйесі
- •13.Францияның ақша несие жүйесі
- •14.Францияның бюджет және қаржы жүйесі
- •15.Францияның салық жүйесі
- •16.Францияның банк жүйесі
- •17.Жапонияның қаржы жүйесі
- •18.Жапонияның ақша несие жүйесі
- •19.Жапон экономикалық ғажайыбы
- •20.Жапонияның бюджет және қаржы жүйесі
- •21.Жапонияның салық жүйесі
- •22.Жапонияның банк жүйесі
- •23.Ресейдің қаржы жүйесі
- •24.Ресейдің ақша несие жүйесі
- •25.Ресейдің бюджет және қаржы жүйесі
- •26.Ресейдің салық жүйесі
- •27.Ресейдің банк жүйесі
- •33.Қытайдың қаржы жүйесі
- •34.Қытайдың ақша несие жүйесі
- •35.Қытайдың бюджет және қаржы жүйесі
- •36.Қытайдың салық жүйесі
- •38.Экономикалық интеграция түсінігі, түрлері және дамуы.
- •39.Дамыған мемлекеттердегі қаржылық интеграция
- •40.Мемлекеттік қаржылардың посткейнсиандық теориялары
- •41.Неоклассикалық синтез.
- •42.Мультипликатор концепциясы.
- •43.Қоғамдық тауар теориясы: оның мәні мен дамуы.
- •44.Мемлекеттік қаржылардың қазіргі кездегі неоклассикалық теориялары.
- •47.Мемлекеттік қаржылардың ұдайы өндіріс процесіндегі ролі
- •48.Қаржы қатынастарының субъектілері мен объектілері.Қаржының ерекше белгілері.
- •49.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде. Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.
- •52.Қырғызстан қаржы жүйесі.
- •53.Түркіменстан қаржы жүйесі.
- •55.Өзбекстан мемлекеттік бюджетінің кірістері мен шығыстарының құрамы мен сипаттамасы.
- •56.Қырғызстанның бюджет құрылымының ерекшеліктері.
- •58.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде.
- •59.Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.
- •60.Орта Азия және Қазақстан республикаларының экономикалық интеграциясының мәселелері
- •Ұлыбритания қаржы жүйесі
40.Мемлекеттік қаржылардың посткейнсиандық теориялары
Екі кейнсиандық ағындардын қосылуы нәтижесінде посткейнсиандық қалыптасты. Бір жағынан бұл кембридж университетіндегі Кейнстің шәкірттері мен серіктерінің (ДЖ. Робинсон, Н. Калдор, П. Сраффа және т.б.) солшыл кейнсиандықтар, ал екінші жағынан 60-ші жылдары Р. Клауер,П.Девидсон, және тағы басқа экономистердің бастауы бойынша АҚШ – та кейнсиандыққа сыни тұрғыдан қайта баға беру басталды. Олар ортодоксалды кейнсиандық теорияның “толық емес жұмыспен қамтылушылығының тепе – теңдігін” “неоклассикалық синтездің” бөлігі ретінде сынады.Бұл жаңа ағым, Кейнс теориясы мен неоклассикалық теорияның бір – бірімен мүлде сыйымсыз екіндігін бекітті. Шын мәнісінде, Кейнс болжамдарын әзірлеушілер – Э. Хансен, Р. Харрод, Д. Хинс, П. Самуэльсон оның теориясының мағынасын біршама бұрмалады. Бұл кейнсиандықты “қайта құрудың” екінші ағымын, жиі “монетарлық кейнсиандық” деп атады, себебі олар үшін, ақша процесімен байланысты тұрақсыздық пен белгісіздік шешуші фактор болды.Посткейнсиандықтың осы екі ағыны 70- ші жылдары “неоклассикалық синтездің” ортодоксалды формаларына қарсы баламалы жүйе жасауға таласты. 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында “жаңа” кейнсиандық атауымен постейнсиа-ндықтың жаңа дамуы байқалды. Оның міндеті – Кейнстің теориясын одан әрі қарай дамыту, осы теорияны қазіргі нарықтық жағдайларда инфляция процессі мен экономиканы интернационалдыруды макроэкономикалық саясат талаптарына бейімдеумен болды. Бұл, мемлекеттің белсенді араласу көмегі мен монетаризмінің неоклассикалық синтезінің жаңаруы болып табылады.
41.Неоклассикалық синтез.
Жалпы бұл теориялық түсініктерді не олардың хронологиясы бойынша, не экономикалық және қаржылық қызметте мемлекеттің қатысу дәрежесі бойынша, яғни тиісті үдерістерге оның араласуында қарастыруға болады. «Неоклассикалық синтез» идеясын америка экономистерінің ішінде бірінші Нобель сыйлығының лауреаты Пол Самуэльсон(1915)ашты. «Синтездің» мәні теориялар арасындағы алшақтықты жою, қазіргі ғылыми жетістіктер мен бұрынғы жұмыстардың бүкіл оңды істердің бәрін сәйкестендіру болды. «Неоклассикалық синтез» тұжырымдамасында фискализмнің кейнстік идеялары ақшалай-кредит саясат арқылы экономиканы реттеуді қарастыратын неоклассиктердің тұжырымдамасымен біріктірілді. Бұл теорияның жақтаушыларының (П.Самуэльсонның, Дж. Хикстің) пікірлері бойынша сұранымды реттеу мемлекеттің шығыстары немесе салықтары саласындағы өзгерістердің негізінде ғана емес, сондай-ақ пайыздың есептік мөлшерлемесінің шамасымен айла-шарғы жасаумен және ашық рынокта тиісті операцияларды жүргізумен де жүзеге асырылуы тиіс. Ұлттық табыс өсуін зерделеудің кейнстік тәсілдемесін бағалардың, жалақының, пайданың қозғалысын талдау мен толықтырып, «неоклассикалық синтез» зерттеудің макроэкономикалық әдістерін микроэкономикалық әдістермен біріктіреді. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болады. «Таза жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық» және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің «заңды күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретіңде қарастырылған. Нарықтық коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып, Пол Самуэльсон екі бағыттағы экономист өкілдерінің ұсынысын қолданған. Оның неоклассикалық синтез теориясы ерекше жаңалыққа жатпайды және ол екі бағыттың негізгі принциптерін экептикалық қосудан туындап, экономиканы мемлекетік реттеу теориясының басымды ролі атқаратындығын көрсетеді. Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж.) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек қолданып. әлеуметтік қақтығыстарды бәсендету еді.