Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
342.56 Кб
Скачать

38.Экономикалық интеграция түсінігі, түрлері және дамуы.

Экономикалық интеграция (экономикалық бірігу)-түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге Дейін).Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен еткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар Мең банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты эрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар — экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.

39.Дамыған мемлекеттердегі қаржылық интеграция

Қазіргі жағдайда халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы интеграциялық процесстердің күшеюімен айқындалады. Әлемдік экономикадағы негізгі 3 полюстік орталықтардың құрылуы интеграциялық процесстердің нәтижесі болып табылады. Олар:Солтүстік Америка аймағы;Батыс Европа аймағы;Оңтүстік-шығыс Азия аймағы.

Осы аймақтардың әрқайсысында көшбасшы ролін дамыған бір ел немесе елдер тобы атқарады. Мысалы, Солтүстік Америкада – АҚШ, Батыс Европада – Европалық қоғамдастық елдері, Оңтүстік-шығыс Азияда – Жапония көшбасшы ролін атқарады. Осы экономикалық аймақтар ішінен соңғы кезде Оңтүстік-шығыс Азия аймағы соңғы кезде елеулі дамумен ерекше сипатталады.Халықаралық қаржы ұйымдары: Халықаралық валюталық қор (МВФ), Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) – 1945жылы, Халықаралық Қаржы Корпорациясы (МФК) – 1956 жылы, Халықаралық даму ассоциациясы (МАР) – 1960 жылы, Инвестициялық кепілдік беретін жан-жақты агенттік (МАГИ) – 1988 жылы құрылған. Европалық аймақта соғыстан кейінгі кезеңдерде дамыған елдердің екі интеграциялық тобы – Европалық Одақ және Еркін Сауданың Европалық Ассоциациясы құрылды. Европалық Одақтың дамуын реттеу ұлтаралық және ұлттар үстінен қарайтын органдар арқылы жүзеге асырылады. Европалық Одақтың өзіндік бюджеті бар, бұл интеграция дамуының өте жоғары деңгейін көрсетеді.Еркін Сауданың Европалық Ассоциациясының құрамына кіретін елдер көптеген бағыттарда бір-бірімен тығыз байланыста араласуда, олардың өзара сауда үлесі 70 пайызды құрайды. Олар ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар салаларында біріккен бағдарламаларға қатысуда.Европалық экономикалық кеңістік Европалық Одақ пен Еркін Сауданың Европалық Ассоциациясы елдерінің арасындағы келісім бойынша 1990 жылы құрылды. Бұл келісімде мынадай мәселелер қарастырылған:топ арасында саудадағы шектеутерді жою;стандарттар мен техникалық нормаларды үйлестіру;үкімет тапсырыстарын орналастыруда ұлттық компанияларға арналған артықшылықтарды жою.

Европалық экономикалық кеңістікке қатысушы мүшелер өз өнімдерін өткеруде жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]