
- •1.Аудиттің пайда болу кезеңдері.
- •2. Аудиттің даму тарихы.
- •3. Аудиттің пәні мен обьектісі.
- •7. Аудиттің әдеп кодексі.
- •8. Аудиттің Қазақстан Республикасында даму тарихы.
- •9.Қазақстан Республикасында экономикалық бақылауды ұйымдастыру.
- •10. Аудиттің басқада түрлері.
- •11. Операциялық аудит.
- •12. Қоршаған орта аясындағы аудит (экологиялық аудит).
- •13. Ішкі аудит.
- •15. “Аудитор түсінігі және аудиторларды аттестациялау тәртібі.
- •16.Аудиторлық ұйымның және аудитордың құқықтары.
- •17. Аудиторлық ұйымның және аудитордың міндеттері.
- •18.Аудиторлық қызмет және оның принциптері
- •19. Аудиттелетін ұйымның құқықтары мен міндеттері
- •20. Алдау (алаяқтық) пен қате және олардың түрлері.
- •21. Алдау және қатеге байланысты аудитордың міндеті мен іс-әрекеттері
- •22. Алдау мен қатенің тәуекелдігін арттыратын жағдайлар мен оқиғалар.
- •23. Маңызды және маңызды емес бұрмалаулар.
- •25. Маңыздылықты тексеру әдістері.
- •1.Тәуекелдіктің туындау себептері.
- •2.Тәуекелдікке негізделген аудит.
- •3.Тәуекелдіктің құрамдас бөліктері
- •4.Ішкі бақылау жүйелері туралы түсінік және оның құрылымы.
- •5. Ішкі бақылаудың ұйымға қажеттілігі және сыртқы аудитке ықпалы
- •6.Бақылаудың ерекше әрекеттері
- •7.Аудиторлық дәлелдер және олардың сипаттамасы
- •8.Жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдер
- •9.Аудиторлық дәлелдер алу барысында қолданылатын бекітулер
- •10.Аудиторлық дәлелдер алу мақсатында орындалатын шаралар
- •11.Аудиторлық құжаттардың сипаттамасы
- •12.Аудиторлық құжаттардың нысаны,мазмұны мен ауқымы
- •13. Аудитордың жұмыс құжаттары, оларды жасау пайдалану және сақтау тәртіптері.
- •15.Іріктеп тексерудің әдістері және оларды салыстыру.
- •16.Іріктеуді жоспарлау, іріктелген үлгілерді таңдап алу және бағалау.
- •17. Аудиторлық жоспарлау мақсаты, қағидаттары, жоспарлау кезеңдері.
- •18. Аудиттің жоспары мен бағдарламасын әзірлеу.
- •19.Аудиторлық тексеру стратегиясы мен ауқымы
- •20. Аудиттің халықаралық стандарттары.
- •21. Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары.
- •22. Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды есеп.
- •23.Ұйым басшысына аудитордың жазбаша ақпараттары
- •24.Аудиторлық есеп жасау күні және онда жасаған және қаржылық есеп тапсырғаннан күннен кейінгі болған оқиғаларды көрсету.
- •25.Аудит өткізу алдындағы алдын ала жүргізілетін міндетті іс-әрекеттер.
- •1.Аудиттің түрлері
- •2. Аудиттің функцияларының сызбасын сызып көрсетіңіз.
- •3. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа өз қызметінің бейіні бойынша қандай қызметтер көрсете алады.
- •4. Аудиттің кезеңдерінің сызбасын сызып көрсетіңіздер.
- •5. Кестеде тұтас және бақылау тәуекелдіктерінің бағалауына қарай қолайлы таптырмас тәуекелділік деңгейінің өзгеру мүмкіндіктерін көрсетіңіздер.
- •6. Аудиторға объективтілік қағидаты қандай міндеттер жүктейді.
- •7. Тұтас тәуекелдікке елеулі әсер етуі мүмкін мысалдар мен жағдайлар:
- •8. Аудитордың топшылауы бойынша жеткілікті және сәйкес (тиісті) дәлелдер қандай факторлардың ықпалында болуы мүмкін:
- •9. Аудитор сенімді ақпаратты қандай көздерден алады:
- •10.Сапаны бақылау және оның түрлері.(ахс 220)
- •11.Аудиторлық қызметті сақтандару.
- •12. Қаржылық есептілік көрсеткіштерінің жинақталу тәртібі.
- •13. Клиенттің бизнесі туралы қажетті ақпаратты аудитор қандай көздерден алуы мүмкін.
- •14. Аудиттегі іріктеу қандай мәселелерді қамтиды.
- •15. Қандай ақпарат маңызды болуы мүмкін.
- •18. Ақпарат көздерін сенімділігіне қарай орналастырыңыз.
- •20. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылардың сызбасын көрсетіңіз.
- •21. Табылмау тәуекелдігін есептеп шығарыңыз.
- •22. Қаржылық есеп беруге аудит жүргізу ауқымы анықтау кезінде бөліп көрсетуді қажет ететін аудиттің кезеңдерінің сызбасын көрсетіңіздер.
- •23. Аудитті жоспарлау үрдісінің кезеңдерінің сызбасын көрсетіңіздер.
- •24. Алдын –ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының қандай кезеңдерін қамтиды.
- •25. Маңыздылықты бағалаудың бірізділік белгілері бойынша орындалуының сызбасын көрсетіңіздер.
- •26. Аудиторлық қорытынды құрылымының элементтерін атаңыздар.
- •27. Аудиторлық қорытынды есебінің нысандарын атаңыздар.
- •28. Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды есеп.
- •29. Клиент өткізу шығындарын қандай шоттарға жатқызады.
- •30. Аудиттің халықарылық стандарттарының мазмұн-мағынасына қарай топтастырылу тәртіптері.
15. “Аудитор түсінігі және аудиторларды аттестациялау тәртібі.
Аудитор-аудиторлық қызметпен айналысушы маман. Онымен жоғары экономикалық және заң білімі бар, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс істеген және тиісті аттестациядан өткен адам айналыса алады. Аудитордың аудиторлық қызметпен кәсіпкер немесе аудиторлық ұйымның (фирманың) қызметкері ретінде жеке айналысуына құқығы бар.Аудитордың негізгі міндеті - тексерілігі жағынан компанияның қаржы жағдайы туралы қорытынды жасау, ол занда белгіленген тәртіппен аталған компанияның қызметі жөніндегі жылдық есебінде ресми балансымен және пайда мен зиянның есептерімен бірге жарияланады. ҚР- сы үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен аудиторлық қызметті лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы қаулымен лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай- ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар белгіленді. Мемлекеттік емес мекеме- аудиторларды аттестациялау бойынша Біліктілік комиссиясының ережесінде оның ҚР- ның аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген, аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау мақсатында құрылғандығы атап көрсетілген. Комессияның құрылтайшысы болып табылатын аудитордың аумақтық палаталары. Ережеде, сондай- ақ, Біліктілік комиссиясының мақсаты мен міндетті қызметтері құқықтары мен міндеттері және жұмыс істеу тәртібі анықталған. Аттестациялау деп- өкілеттік орган бекіткен біліктілік талаптарының негізінде етихандар қабылдау арқылы аудиторлық кандидаттардың біліктілік деңгейін Аттестация аудиторлыққа кандидаттардың аудиторлық қызмет көрсетуге кәбіби дайындықтарын растайды. Сондай- ақ, аталмыш құжатта төмендегілер анықталған:
1.аудиторлыққа кандидаттардың құжаттарын тапсыру және сақтау тәртібі
2.модульдік емтихан тапсырмаларына қойылатын негізгі талаптар
3.аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау процедураларыаттестация нәтижелерін рәсімдеу
4.аттестацияның өткізілуіне жауапкершілік және бақылау жасау.
16.Аудиторлық ұйымның және аудитордың құқықтары.
Аудитордың аудиторлық қызметпен кәсіпкер немесе аудиторлық ұйымның (фирманың) қызметкері ретінде жеке айналысуына құқығы бар.Аудитордың негізгі міндеті - тексерілігі жағынан компанияның қаржы жағдайы туралы қорытынды жасау, ол занда белгіленген тәртіппен аталған компанияның қызметі жөніндегі жылдық есебінде ресми балансымен және пайда мен зиянның есептерімен бірге жарияланады.Бiлiктiлiк комиссиясы аттестациялаған және аудиторлық қызметпен айналысуға бес жыл мерзiмге бiлiктiлiк куәлiгi берiлген адам аудитор бола алады. Аудиторлар кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi ретiнде өз қызметiн жеке дара тәртiбiнде немесе мамандандырылған аудиторлық ұйымдар (фирмалар) арқылы атқара алады. Аудиторлар мен аудиторлық фирмалар бiрлестiктердiң әр алуан түрiн құра алады. Аудиторлық ұйым - бұл қызметiнiң негiзгi түрi аудиторлық қызметтер көрсету болып табылатынұйым. Аудиторлық ұйымдар меншiктiң кез-келген түрi негiзiнде құрыла алады. Аудиторлық ұйымға, егер онда бiр ғана аудитор жұмыс iстейтiн болса, аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға рұқсат етiледi.Аудиторлық ұйымға тек қана аудитор басшы бола алады. ҚР аудиторлық қызмет туралы заңына сәйкес:
Аудиторлар:
1) аудиттелетiн субъектiнiң аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;
1) кәсiби ұйымға кiруге;
2) аудиттелетiн субъектiнiң лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсiндiрме алуға;
3) кәсiби ұйым/ң шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
2. Аудиторлар: 1) ҚР/ң аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға; 2)коммерциялық құпияны жария етпеуге; 3) аудиттелетiн субъектiге бухгалтерлiк есеп жүргiзуде, қаржылық есептiлiкте және қаржылық есептiлiкке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге мiндеттi.
Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Аудиторлық ұйымдар:
1) аудит жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға;
2) аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамаларын сұратып алуға және тексеруге;
3) осы Заңның 24-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлi бейiндегi мамандарды аудит жүргiзуге қатысуға шарттық негiзде тартуға;
4) аудиттелетiн субъект аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргiзуден не аудиторлық есептi беруден бас тартуға;
5) аудиттелетiн субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүлiктiң нақты бар-жоғын тексеруге құқылы. Аудиторлық ұйымдар: 1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға; 2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргiзiлуiне, уәкiлеттi орган жүргiзетiн тексерулерге кедергi жасамауға; 3) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсiби ұйымнан ерiктi түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бiр ай iшiнде кәсiби ұйымға кiруге; 4) өздерi мүшелерi болып табылатын кәсiби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай iшiнде басқа кәсiби ұйымға кiруге; 5) коммерциялық құпияны жария етпеуге; 6) аудиттелетiн субъектiге бухгалтерлiк есеп жүргiзуде, қаржылық есептiлiкте және қаржылық есептiлiкке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге мiндеттi. Аудиторлық ұйымдар мемлекеттiк мекемелерде, мемлекеттiк кәсiпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит жүргiзген жағдайда аудиттелетiн субъектiге бюджет қаражатын, кредиттердi, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдалану кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге мiндеттi; 7) өздерi үшiн аудит жүргiзу мiндеттi болып табылатын қаржы ұйымдарына аудит жүргiзу нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетiн субъектiлердi хабардар ете отырып, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi