Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audit_teoria.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
264.46 Кб
Скачать

15.Іріктеп тексерудің әдістері және оларды салыстыру.

Іріктеп тексерудің екі әдісі бар:

1.Статистикалық әдіс- еркін таңдауды қолдануды және іріктеу көлемін анықтау, оның нәтижелерін сандық бағалау мен тәуекелділікті өлшеу үшін ықтималдық теориясын пайдалануды талап етеді. Статистикалық іріктеу біршама қымбаттау болып саналады, себебі, ол үшін тиісті процедураларды жасап, персоналды оқыту қажет. Статистикалық іріктеуді пайдалану үшін қажетті шарттар:

1.тексерілетін мәліметтер жиынтығын біртекті болуға тиісті.

2. мәліметтер жиынтығы мейлінше үлкен болуға тиісті, олай болмаса бұл әдісті пайдаланудан ешқандай пайда алу мүмкін болмайды.

3.ұсынылатын қателердің деңгейі төмен болуы керек.

4. мәліметтер жиынтығының баптарытаңдалып алынғаннан кейін анықтауға бірден берілуге тиісті.

Статистикалық емес іріктеу- негізгі әдіс аудитордың пікірі болып табылады. Статистикалық емес іріктеуді қолдану барысында іріктеу мөлшерінің қажеттіліктен асып кету қаупі әрқашан туындайды. Статистикалық емес іріктеу кезінде ықтималдылық теориясында негізделмеген, іріктеуге қатысты шешім қабылдауға қатысты улкен субьективтілікті талап етеін таңдау әдісін пайдалануға болады. Статистикалық емес іріктеуді кейде ой-пікірге негізделген іріктеу деп те атайды.

16.Іріктеуді жоспарлау, іріктелген үлгілерді таңдап алу және бағалау.

Аудиторлық іріктеудің көлемі мен құрылымын жоспарлау кезінде аудиторлар аудиттің ерекше мақсатын, үлгілер алынатын мәліметтер жиынтығын, олардың көлемі мен әдістерін назарға алуға тиісті.

1. Мәліметтердің жиынтығы- тиісті қорытынды пікірлерін құрау мақсатында іріктеу жасау үшін аудитор негізге алатын мәліметтер кешені.

2. Стратификация- жиынтықты әрқайсысы ұқсас сипаттарымен іріктеу бірлікиерінің тобы болып есептелетін кіші жиынтықтарға бөлу процесі. Стратификация мәліметтер жиынтығының шегінде баптардың өзгеру дәрежесін төмендету үшін қолданылады.

3. Іріктеу көлемі. Іріктеу көлемін анықтау кезінде аудитор іріктеу тәуекелдігін, жіберілетін қателердің санын және қатені табу дәрежесін ескеруге тиісті.

4. Жіберілетін қате-аудитор қабылдайтын және сол кезде өзінің мақсатына қол жеткізгендігі туралы қорытынды жасайтын мәліметтер жиынтығындағы ең көп қателер.

5. Болжамды қателер- егер аудитор мәліметтер жиынтығында қате бар деп болжайтын болса, онда үлкен көлемдегі іріктеуді зерттеу қажет. Егер аудитор мәліметтер жиынтығында қате жоқ деп есептейтін болса, онда іріктеудің кішкене көлемі ақталған болып табылады.

Үлгілерін таңдау барысында бірнеше түрлерін көрсетуге болады:

1.Еркін таңдап алу- бұл мәліметтердің жиынтығының барлық баптарының іріктеліп алынуға бірдей мүмкіншіліктері болатын таңдап алу әдісі. Сондықтан мұндай үлгі мәліметтердің барлық жиынтығын жалпы түрде көрсетеді.

2. Кездейсоқ таңдап алу- бұл жүргізілу барысында мәліметтер жиынтығын құраушы барлық баптардың таңдалып алынуға бірдей мүмкіншілік беруге аудитор ынталанатын таңдап алу процесі. Аудитор баптарды таңдап алу кезінде әдейі жасалынатын қарым-қатынастар мен болжамдарын аулақ болуға тырысуға тиісті.

3. Құны бойынша таңдап алу-мәліметтер жиынтығын іріктеу ретінде баптар емес, ақша бірлігінің құны пайдаланылады. Құн бойынша таңдап алудың артықшылығы жоғары көрсеткіш құны бар баптардың таңдалып алынуы мүмкіншіліктерінің үлкен болуында.

4. Жүйелі таңдап алу-үлгілерді жүйелі түрде таңдап алу кезінде аудитор мәліметтер жиынтығының көлемін іріктеудің көлеміне бөлу арқылы іріктеудің бірыңғай мнтервалын анықтайды.

5.Блок бойынша таңдап алу- барлық уақытта орынды бола бермейді. Себебі, мәліметтер жиынтығы ретімен орналастырылған баптардың бір біріне ұқсас сипаттамасы болып, мәліметтер жиынтығының басқа жерінде орналасқан басқа баптардан айырмашылығы болмайтындай етіп құрылуы мүмкін.

Іріктеу үлгілерін бағалау барысында аудитор әрбір бабы бойынша аудиторлық процедура өткізігеннен кейін аудитор:

1.үлгіден табылған қателерді талдауға тиісті;

2. іріктеу тәуекелдігіне қайта бағалау жасауға тиісті.

Іріктеу қателерді талдау кезінде-үлгіден табылған қателерге талдау жасап, аудиторға бірінші кезекте қарастырылып отырған бапта шын мәнінде қате бар екендігін анықтау қажет.

Іріктеу тәуекелдігін қайта бағалау- егер болжанған қателер ұйғарылған қатеден көп болса, онда тәуекелдікті қайта бағалау қажет. Осының нәтижесінде қосымша процедураларды жүзеге асыру қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]