Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audit_teoria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
264.46 Кб
Скачать

13. Ішкі аудит.

Ішкі аудит-кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орынсыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатты іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады. Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жүмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік көрсеткіштеріне экономикалык талдау жасап, оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жүмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын күрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын шаруашылығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қоймай, ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады. Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны осы көрсетілген шаруашылыққа тиісті. Оның ішінде өндіріс барысының шығыны, әсіресе материал шығыны, өндіріс, қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік қосалқы шығын, ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсіпорын және олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік қүжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.

14. ҚР-ның Аудиторлық қызмет туралы заңы. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы 19.02.2007 жылы қабылданған. Бұл Заң Қазақстанда аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында қатынастарды реттейтін бірден-бір заңы болып табылады. Заң алты тараудан, жиырма бес баптан тұрады. 1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).2-т. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).3-т. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және ауди-торлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).4-т. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар).5т. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың кұқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17-20 баптар).6-т. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және, жауапкершіліктері (21-25 баптар). Аудит жөніндегі анықтама Қазақстан Республикасының өз ерекшіліктерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңында «аудитке» төмендегідей анықтама береді. Аудит – бұл қаржы есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есбін, оның толықтығын және қолданып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру. Отандық аудиттің дамуына Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы үлкен әсерін тигізді. Осы Заңның арқасында Қазақстан сапалы жаңа деңгейіне өтті. Біздің еліміздің аудиторлық қызметі шарықтау ширегінде тұр. Аудитті жетілдірудің бірден-бір жолы заңды шығару болғандықтан, бұл Заң аудитті елімізде дамыту мен тұрғызу сатысында мықты импульс берді. Ел тарихында алға қойған мақ­саттарға қол жеткізуде ұйым­ның қаржы қозғалысының ашық­тығын, каптиалдың ықпалдасуын және ел экономикасының жедел дамуын қамтамасыз етуде бүтіндей алғанда Қаржылық есептіліктің ха­лықаралық стандарттары (ҚЕХС) маңызды құрал болып та­былады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]