Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audit_teoria.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
264.46 Кб
Скачать

6. Аудиторға объективтілік қағидаты қандай міндеттер жүктейді.

Аудитордың объективтілігі, кәсіби біліктілігі, тәуелсіздігі, әділдігі.

7. Тұтас тәуекелдікке елеулі әсер етуі мүмкін мысалдар мен жағдайлар:

  1. Ұйымның табыстылығы;

  2. Экономикалық факторлардың жедел нәтижелерге сезімталдығы;

  3. Айналым капиталының тапшылығынан туындайтын мәселелер;

  4. Белгілі болған және күтілген тәуекелдіктерге ұшырауы ықтимал жағдайлардың табиғаты, себебі және көлемі;

  5. Басқару құқығын, беделін немесе біліктілігі мен дағдысын беру;

  6. Технологиялық дамудың компанияның жұмысына және бәсекелестік қабілетіне әсері.

8. Аудитордың топшылауы бойынша жеткілікті және сәйкес (тиісті) дәлелдер қандай факторлардың ықпалында болуы мүмкін:

  1. Қаржылық қорытынды есеп деңгейіндегі, ішкі бақылау және шоттар қалдықтарының және шаруашылық операцияларының деңгейінде;

  2. Бухгалтерлік есеп жүйесі және ішкі бақылау жүйесі және бақылау тәуекелдігі сипатындағы;

  3. Баптарының маңыздылығында;

  4. Бұрыңғы өткізген аудиторлық тексеруде алған тәжірибеге;

  5. Қажетті ақпараттың көзінде және оның сенімділігінде;

  6. Аудиторлық іс-әрекеттің нәтижесінде.

9. Аудитор сенімді ақпаратты қандай көздерден алады:

Аудитор өзіне қажетті ақпараттарды ішкі және сыртқы көздерден алады. Мысалы: аудитор ақпараттарды БАҚ құралдарынан, статистикалық органдардан, бұрын жүргізілген аудиторлық есептен, шаруашылықтың ішкі ақпарат көздерінен, қызметкерлерден, басшылардан, серіктес болған компаниялардан, банк қызметкерлерінен, басқа да сараптаушылардан алу мүмкін. Ескере кететін жағдай, сыртқы ақпараттар ішкі ақпараттарға қарағанда сенімдірек болады. Сенімділігі б\ша алынатын ақпарат көздері келесідей болуы мүмкін:

  1. Сыртқы көздерден алынған ақпарат.

  2. Берілген статискалық есептерден алынған ақпарат.

  3. Аудитордың нақты тексеру жүргізу нәтижесінде алынған ақпарат.

  4. Шаруашылықта сақталған құрылымдық бөлімшелердің есеп беру құжаттарынан алынған ақпарат.

  5. Шаруашылықтың есеп құжаттарынан алынған ақпарат.

  6. Шаруашылықтың басшылары мен қызметкерлерінен алынған жазбаша немесе ауызша ақпарат.

10.Сапаны бақылау және оның түрлері.(ахс 220)

Сапаны бақылау жүйелері, саясаттар және шаралар аудит фирмасының жауапкершілігі болып есептеледі. Фирманың сапасын бақылау жүйесі жоба бойынша жасақтар аудиторлық келісімге қолданылатын сапаны бақылау шараларды енгізуге және тәуелсіздікке қатысы бар фирманың сапасын бақылау жүйесінің бір бөлігі қызмет етуін қамтамасыз ету үшін фирманы өзіне тән ақпаратпен қамтамасыз етуге жауапты. Сапаны бақылауда Аудитордың мақсаты – аудиторға ақылға қонымды сенімділік беретін келісім деңгейінде сапаны бақылау шараларын ендіру. Жоба бойынша әріптес орындауға тағайындалған әрбір аудиторлық келісім ортақ иелікті сапасына жауапты болады. . Сапаны бақылау жүйесі келесі элементтерді реттейтін саясатты мен шараны қамтиды:

• Фирманың шегіндегі сапағы қатысты басқарушылық бойынша жауапкершіліктер;

• Байланысты әдептану талаптар;

  • Клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісімдермен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыру;

• Адами ресурстар;

• Келісімді орындау; және

• Мониторинг.

Келісімді орындау сапасын бақылауды тексеруші жоба бойынша командамен бірге жасаған маңызды мәселелерді талқылау, қаржылық есептілікті және ұсынылған аудитордың есебін тексеру, Жоба бойынша жасақ жасаған тиісті пікірлерге және қол жеткізілген қорытындыларға  қатысты таңдалған аудиторлық құжаттаманы тексеру объективті бағаны және аудитордың есебін түйіндеу кезінде қол жеткізілген қорытындыларды біріктіруі тиіс және Аудитордың есебін түйіндеу кезінде қол жеткізілген қорытындыларды бағалау мен ұсынылған аудитордың есебі сәйкес келетінін қарастыру. Аудит сапасының маңыздылығы:кəсіптік стандарттарға, реттеуші мен заңдық талаптарға сəйкес келетін жұмыстарды атқару; фирманың сапаны бақылау бойынша шаралары мен саясатына сəйкестік; қалыптасқан жағдайға сəйкес келетін аудиторлық есепті шығару; айыптаудан қорқпай қауіптенулерді көрсету жоба бойынша жасақтың қабілеттілігі; аудиторлық келісімді орындау кезінде, сапа негізсалушы фактор болып есептеледі.

Сапаны бақылау және оның түрлерi

1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған.

2. Сапаны iшкi және сыртқы баќылау сапаны бақылау түрлерi болып табылады.

Сапаны iшкi баќылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.

Сапаны сыртқы бақылауды кәсiби ұйым өз мүшелерiне қатысты үш жылда бiр рет жүзеге асырады.

3. Сапаны сыртқы баќылауды жүргiзудiң ережесiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi кәсiби ұйымдар әзiрлейдi.

Сапаны сыртқы бақылауды аудиттi жүзеге асырушы аудиторлар ғана жүргiзе алады.

4. Аудиторлық ұйым кәсiби ұйымның қорытындысына сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]