Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audit_teoria.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
264.46 Кб
Скачать

9.Аудиторлық дәлелдер алу барысында қолданылатын бекітулер

Бухгалтерлік жазбалары – жазбалары бастапқы жазбалар мен растаушы жазбалар, мысалы чектер мен қорларды электронды ауыстыру жазбалары; инвойстар; келісім-шарттар; бас жəне талдау кітаптары, қаржылық есептілікті журналдық салыстырымдар жəне басқа түзетулер; шығындарды, есептерді салыстырулар мен ашуларды көрсететін жинақты сызба – кестелер.

Негіз болатын принциптер:

Адалдық. Объективтілік. Кәсіби жетік білімділік және тиісті ұқыптылық. Ақпараттардың құпиялылығын сақтау. Кәсіби мінез –құлық. Техникалық стандартттар

Аудитордың адалдығы, объективтілік қасиеттері мамандық этикасының кодексінде өте қысқаша қарастырылған. Кодексте аудитор тек өз қызметін адал атқарып шыншыл болып қана қоймай , ол өзімен қатар қызметтестерінен де сондай адалдықты талап етуі қажет делінген. Аудитор өз жұмысында обьективті болуға және қате түсініктерді немесе қате қарым-қатынастарды, мүдде қақтығыстарына немесе обьективтілікті ескермеуге бағытталған қандай да бір әсер етуші факторларды болдырмауға тиісті.

Мамандық этикасының кодексінде аудитордың дербес, тәуелсіз қызмет етуіне көп мән берілген.Аудитор қорытынды есепті дайындау бойынша тапсырманы орындау кезінде адалдық, әділдік немесе тәуелсіздік принциптерімен қабысуы мүмкін емес мүдделерді (бұл мүдделердің нақты нәтижелері қандай болса да) көздемеуге тиісті.

Аудит этикасының кодесінде қойылған талаптың бірі ол – құпиялылықты сақтау.Аудит тексеруі барысында анықталған кемшіліктер немесе әртүрлі қылмыстық фактілерді аудитор тек қана тапсырушыға хабарлап және сол кемшілік немесе қылмыстық фактілерді қалай түзетуге болатынына толық түсініктеме беруі қажет.Яғни, тексеру барысында анықталған кемшіліктер туралы тек қана тапсырушы және аудитор ғана білуі керек.

Аудитор аудиторлық тексеру материалын үшінші бір жаққа немесе мемлекет құрылымына тек қана тапсырушының келісімі, рұқсаты бойынша немесе мемлекет заңының талабына сәйкес жағдайда ғана хабарлайды немесе жазбаша түрінде береді.

Құпиялылықты сақтау – бұл, тек ақпараттарды жария етпеу мәселесі ғана емес.Өзінің кәсіби қызметін орындау барысында алынған ақараттарды кәсіби аудитор жеке басының мақсаттары немесе үшінші жақтың мақсаттары үшін пайдаланбауға тиісті.

Тиістілігі (аудиторлық дәлелдерге қатысты) – Аудиторлық дәлелдердің сапасын өлшеу; аудиторлық пікірге негізделген қорытындыларды қалыптастыруда өз қатыстылық пен өз сенімділі.Аудиторлық дəлелдер – аудиторлық нəтижеге негiзделетiн қорытындыларды тұжырымдау барысында аудитор алатын ақпарат.Аудиторлық дəлелдерге қаржылық есептілік негiзiнде жататын жəне де басқа көздерден ақпарат кiредi. (d) Басшылықтың сарапшысы – Есеп қисап пен аудит саласынан басқа салалық білігтілігіне ие болатын жеке тұлға немесе ұйым, басқа саладағы жұмыс субъектіне қаржылық есептілікті дайындауға жәрдемдесу мақсатымен қолданылады.

Жеткіліктілігі (аудиторлық дәлелдерге қатысты) – аудиторлық дәлелдердің санын өлшеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]