Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audit_teoria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
264.46 Кб
Скачать

1.Аудиттің пайда болу кезеңдері.

Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек. Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау болды. ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастың дамуы өндіріс саласындағы бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды тудырды. Қаржылық-шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерті, енгізу және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде қарқынды дамыту негізінде мына принциптер жатқызылды:

  1. Меншік түрлері және қаржы көздері бойынша бақылау объектілерін дәл оқшалау;

  2. Бақылау субъектілерін мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық, ведомствалық эәне іштей деп бөлу;

  3. Бақылау мәселелерін шектеу, оның ішінде бюджеттің кірісі мен шығысын дұрыс қалыптастыру, есеп берулердің анықтығы, өндіріс әлеуетін пайдаланудың тиімділігін артыратын резервтерді анықтау және бағалау;

  4. Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық, ішкі шаруашылық, тәуелсіз аудиторлық ұйымдар мен жекелеген аудитордың әрекет ету салдарын анықтау.

Аудит тарихы көрсеткендей, оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар арасындағы мүдделердің бөлінуінен болды. Америкалық бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырды:

  • Ақпарат жасаушылардың және пайдаланушылардың мүдделерінің қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың объективті болмауына әкеп соқтыруы мүмкін;

  • Объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;

  • Алынған ақпараттың шындыққа жанасымдлығын бағалау немесе тексеру үшін фирманың пайдалнушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;

  • Ақпаратты пайдаланушының оның сапасын тікелей бағалау үшін уақыты мен материалы әрдайым бола бермейді.

2. Аудиттің даму тарихы.

1773ж Шотландия астанасы Эденбург қаласында табылған мекен жай кітабында 7 аудитордың есімдері келтірілген. 1854ж бухг қоғамы құрылған. Осындай дәлелдер келтіре отырып, Шотландияда XIXғ Iiжартысында кәсіпқой аудиторлар пб.т бастаған. Кейбір авторлардың пікірі бойынша аудиторлар АҚ да п.б бастаған дейді.1844-1862жж Англияда комп туралы заңдар қабылдануына б.ты акционерлік комп басқармалары жылына бір рет акционер алдында бухг шоттарды және қорытынды есепті тексеру үшін арнайы маман шақыруды міндетіне алып отырған. Бастапқы кезде инвестор.ң, акционер.ң және басқа да меншік иелерінің мүдделерін қорғаушы деп түсінді. Келе келе аудиторлар туралы көзқарас өзгере бастады. 1929ж «Компаниялар туралы»қабылданған заңдар барлық компаниялар өзінің қорытынды есебінде міндетті түрде пайда мен зиянның қоса көрсетілуін және аудитор тек қана акционер.ң алдында жауапты екеніне б.ты аудиторлар туралы басқаша көзқарас қалыптаса бастады. 1940ж соңына дейін аудит ақша қаражаттар операциял.ң жазуларын және бұл операц.ң қорытынды есепте дұрыс топталып жинақталғандығын дәлелдейтін құжаттарын тексерумен ғана шектелген. Бұндай аудит дәлелдеуші аудит д.а. Аудиторлық қызметтің дамуы жүздеген дүниежүзілік мемлекеттерінде өздерінің өкілдіктері бар ірі трансұлттық аудиторлық компанияларды құруға алып келді. Мысалы, Ұлыбританияда осындай алты ұйым бар. 1970ж бастап аудиттің стандарт жасала бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]