- •Дәріс кешені
- •Дәрістің негізгі мазмұны:
- •Қорытынды:
- •Дәрістің негізгі мазмұны
- •Қорытынды
- •Дәрістің мазмұны:
- •Қорытынды.
- •Дәріс мазмұны:
- •Қорытынды:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Қорытынды.
- •Ақша қаражаттарыі»
- •Дәрістің мазмұны:
- •Тақырып 8. Дебиторлық борыштар есебі.
- •Дәріс мазмұны:
- •Дәріс мазмұны
- •Қорытынды:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Қорытынды:
- •Дәрістің мазмұны
- •Қорытынды:
- •2. Қаржы есептіліктің компоненттері
Қорытынды:
Шоттар-қажетті деректер алу мақсатымен ағымдағы есепті топтау және объектілерді бақылау тәсілі болып табылады Баланстың активінің негізінде ашылған шоттар активті, пассивінің негізінде ашылған шоттар пассивті деп аталады. Есеп тәжірибесінде актив, капитал және міндеттемелер шотында әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін, яғни шоттардың азаюы немесе көбеюі. Осы өзгерістерді көрсету үшін шоттардың дебеті мен кредиті қолданылады. Екі жақты жазу тәсілі бухгалтерлік есептің спецификалық әдістерінің бірі болып табылады. Екі жақты жазу арқылы баланстың тепе‑теңдігі қамтамасыз етіледі..
5 -Тақырып: «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру»
Сабақ жоспары:
Бухгалтерлік құжаттар, олардың мақсаты мен жіктелуі.
Түгендеу және оны жүргізу тәртібі
Есеп тіркелімдері
Есеп нысандары
Бухгалтерлік жазулардың қатесін түзету тәсілдері.
Есеп саясаты туралы түсінік және оның мәні мен маңызы
Сабақтың мақсаты: Құжаттар мен құжатайналымының мәні мен маңызын түсіну, олардың жіктелуін, Қазақстанда қолданылатын есеп нысандары мен есғп регистрлерін білу, түгендеуді жүргізу тәртібін меңгеру және бухгалтерлік жазулардағы қателіктерді түзете білу, сонымен қатар, есеп саясатының шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін жүргізуде алатын орны мен маңызын жете түсіну.
Негізгі түсініктер: бухгалтерлік құжат, құжаттау, деректеме, түгендеу, қызыл сторно, корректура, есеп тіркелімдері, есеп нысандары, есеп саясаты.
Дәрістің мазмұны:
Үздіксіз қызмет қағидасына сәйкес, бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектісінің құрылуынан бастап оның жойылуына дейін жүргізіледі. Барлық шаруашылық операциялары бухгалтерлік есептің шоттарында алғашқы растаушы құжаттарға тіркелуі арқылы есепке алынады. Бухгалтерлік құжаттар олардың растылығы мен заңдылығын бекітеді.
Есеп құжаттары есептік жазулардың негізі болып табылады және шаруашылық қызметті басқару үшін де қолданылады. Бухгалтерлік құжат негізінде шаруашылық операциялардың дұрыстығы бақыланып, шаруашылық қызметке ағымдық талдау жүргізіледі және де кейбір шаруашылық бұзушылық себептері анықталады.
Құжат белгілі бір түрде кодталған және арнайы тасмымалдаушыда тіркелген ақпараттық хабарлама болып табылады. Құжаттарда экономикалық ақпаратпен қоса заңдық ақпараттар да қолданылады.
Заңды ақпаратты тасымалдаушы ретінде көріну себебі – олар материалдық объект ретінде, жүргізілген шаруашылық операциялар туралы толық ақпарат алуға және оның дәлелдік күшін қамтамасыз етуге қажетті мәліметтер жинақтайды. Құжаттар «деректеме» деп аталатын жекелеген элементтерден тұрады. Деректемелер тұрақты және айнымалы болып екі түрге бөлінеді. Тұрақты деректемелерге шаруашылық субъектісіне қатысты мүлде өзгермейтін немесе ұзақ уақыт бойы өзгермейтін деректемелер жатады. Олар: шаруашылық субъектісінің атауы мен мекен –жайы, банктегі ағымдық шотының нөмірі, цех немесе қоймасының нөмірі, жұмысшылардың табельдік нөмірлері. Айнымалы деректемелер операцияның сипатына байланысты болып келеді.
Есептеу процесінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктер бойынша жіктеледі: Мақсаты бойынша, олардың түрлері: Үкімдік, атқарылушылық, бухгалтерлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді. Құрастырылған орнына байланысты ішкі және сыртқы құжаттар болып бөлінеді. Көрсету тәсілі және операцияның мазмұнының көлемі бойынша жіктеледі.
Құжат айналымын басқару жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:
бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау
бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау
кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құру
есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру
істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі
Құжат айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарының папкаларға тігіліп нөмірленуі сақтаудың тәртібіне және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамасыз етуге арналған.
Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оның көздерінің есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:
нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;
есепте міндеттемелердің көрсетілуін анықтау.
Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады.
Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтижесінде кемуі, өлшеу мен операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктер және т.б.
Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақтылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сойкес мына жағдайларда кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу міндетті болып табылады:
ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда;
жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасау алдында;
тауарлы-материалды қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда;
мүлікті ұрлау, зиян келтіру фактлері анықталғанда;
• ұйым қайта құрылған немесе таратылған кезде бөлу балансын құру алдында жүргізіледі;
• нормативті актілерімен қарастырылған өзге де жағдайларда.
Түгендеу жүргізілу ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мысалы, белгіленуі мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және ағымдағы болып бөлінеді және т.с.с.
Нақты қалдық және бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы түгендеу нәтижесінде анықталған ауытқулар келесідей көрініс табады.
Тауарлық – материалдық құндылықтар артық шыққан жағдайда, оның пайда болу себептерін және кінәлі адамдарды анықтайды. Қалдықтар кірістеледі және шаруашылық субъектінің кірісіне енгізіледі.
Д 1310, 2410, 2710-2740 К 6280
Тауарлық – материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқы мерзімді дебиторлық борыш» шотында «Жетіспеушілік пен жоғалтулар» аралық шотында есепке алынады.
ТМҚ-ның жетіспеушілігі табиғи кему нормасының шегінде өндіріс шығындарына жатқызылады.
Алайда, жетіспеушілік фактісі анықталғанша ТМҚ - ды табиғи кему нормасының шегінде есептен шығаруға тыйым салынады. Егер кәсіпорында бекітілген табиғи кему нормасы болмаса, онда тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі нормадан тыс жетіспеушілік болып саналады. Табиғи кему нормасынан асқан жетіспеушілік сомасы кінәлі адамға жүктеледі.
Есеп тіркелімдеріне бухгалтерлік жазуларды тіркеу барысында қателіктер жіберілуі мүмкін. Оларды түзету үшін бухгалтерлік есепте келесі тәсілдер қолданылады:
1. Корректуралық тәсіл қателіктер шаруашылық операцияларын құжаттарға бухгалтерлік өткізбе құру арқылы тіркеу барысында, есеп тіркелімдерінде қорытынды шығарылмай тұрып анықталғанда қолданылады. Қате жазу бір сызықпен сызылып, үстінен дұрыс сомасы немесе шоты жазылады. Мысалы, кассаға есеп айырысу шотынан 5721 теңге келіп түсті. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік өткізбе құрады:
Дт 1010 Кт 1040 5271. Бухгалтерлік өткізбе сомасынан қате жіберілген. Қате келесі тәртіппен түзетіледі:
5721
Д 1010
К1040 5271
2. Сторнолық жазу. Бұл тәсіл шоттар корреспонденциясында немесе сомасында қате жіберілгенде қолданылады. Есеп автоматтандырылған жағдайда операцияның сомасынан қате жіберілсе, бұл жазуды кері сан жазу деп атайды.
Мысалы, ұйымның кассасынан қызметкер Б.С. Султановқа операциялық шығыстарға 17520 теңге берілді. Оған келесі бухгалтерлік өткізбе құрылған:
Дт 7210 Кт1010 17520,
Ал негізінен бұл соманы Б.С. Султановтың есебіне жазу керек еді. Мұндай жағдайда сторнолық жазу жазылады:
17520
Дт 7210 Кт 1010 , , осыдан кейін дұрыс корреспонденция беріледі:
Дт 1250 Кт 1010 17520
Дәл осылай сторнолық жазу қате берілген жазудың күшін жояды.
Егер операцияның сомасы ұлғайтылып қате берілсе, онда кері сан жазу тәсілі қолданылады. Мысалы, жоғарыда берілген операция бойынша кәсіпорын шығынына 17250 теңге апарылған делік. Онда кері сан жазу арқылы артық соманы алып тастаймыз.
Дт 7210 Кт 1010 17520
Дт 7210 Кт 1010 -270
Бұл тәсілді есеп тіркелімдерінің қорытындысы шығарылып қойылғаннан кейін де қолдануға болады.
3. Қосымша жазу тәсілі шаруашылық операциясын бейнелеу кезінде сомасы азайтылып қате берілгенде қолданылады.
Мысалы, кәсіпорын қызметкеріне 28547 теңге еңбек ақы есептелінді. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік жазу құрады:
Дт 7210 Кт 3350 27547
Жетпей тұрған сомаға дәл осындай қосымша бухгалтерлік жазу құрылады:
Дт 7210 Кт 3350 1000.
