Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 лекционный материал(бух учет).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
289.79 Кб
Скачать

Дәріс кешені

1- тақырыбы: «Бухгалтерлiк есеп ақпараттық жүйе ретінде»

Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есептің негізін құрайтын түсініктермен танысу, оның пәні мен әдістерін, есептің объектілерін ашып зерттеу.

Дәріс сұрақтары:

1. Ұлттық экономикада қолданылатын есеп түрлері.

2. Бухгалтерлік есептің пәні, объектілері

3. Бухгалтерлік есептің әдісі және оның элементтері

4. Есепте қолданылатын өлшем түрлері.

5. Әлемдегі бухгалтерлік есеп үлгілері.

6. Қазақстандағы кәсіпкерлік нысандары.

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп, статистикалық есеп, оперативтік есеп, актив, капитал мен міндеттемелер, құжаттау, түгендеу, бағалау, калькуляциялау, баланс, екі жақты жазу, шоттар, есептілік, өлшемдер.

Дәрістің негізгі мазмұны:

Шаруашылық есеп-кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі туралы мәліметтер алуға көмектесетін құрал.

Есептік жүйенің даму тарихын қарастыра отырып, дүние жүзілік ауқымда бухгалтерлік есеп жүз жыл бойы жүргізіліп келе жатқанын айтуға болады. 1904 жылы Сент-Луисте (АҚШ) өткен алғашқы Халықаралық бухгалтерлер конгрессі бұл дамуға бастау болды. 1952 жылы Лондонда өткен соғыстан кейінгі алғашқы конгресстен бастап әрбір бес жыл сайын конгресс өткізіліп отыруы туралы шешім қабылданды.

Бухгалтерлік есеп мәселелері, оның әдістемелік түсіндірілуі посткеңестік аумақтағы мемлекеттерде дамыған батыс елдеріндегі сондай сияқты зерттеулерден қалып отыруы көрініс тапты. Осыған байланысты ресейлік ғалымдардың «ұлттық ғылым деген мүмкін емес, олай болса, ұлттық көбейту теориясы сияқты бухгалтерлік есептің ұлттық теориясы мен әдістемесінің болуы да мүмкін емес» деген пікірлері орынды. Дұрыс және толық түсінуге мүмкіндік беретін және де тәжірибеде қолдануға болатын есепті ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негізі аса маңызды болып отыр.

Соңғы жылдары бухгалтерлік есеп теориясын қарастырған басты авторлардың бірі – Э.С. Хендриксон мен М.Ф. Ван Бреда болып табылады. Олардың еңбектерінде қарастырылған есеп аспектілерінің констатациясы белгілі бір дәрежеде қазіргі есептік жүйеге тән ұғымдардың мағынасы мен мәнін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Есептік жүйе ретінде (грек тілінен аударғанда system – бөлшектерден тұратын тұтастық, бірігу) бір-бірімен өзара байланыста болатын белгілі бір тұтастық немесе түрлі есеп элементтерінің жиынын қарастырамыз. Басқаша айтқанда, мұндай жүйе экономикалық субъектілер мен мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің соңғы нәтижесін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпараттарды жинақтайтын логикалық кешеннен тұрады. Дәлдік, уақыттылық, өзіндік құны төмен және ұрлау немесе алдау мүмкіндіктеріне жол бермейтін және т.б. талаптарға сай келетін есептік жүйе ең тиімдісі болмақ.

Бухгалтерлік есептің дамуы – адамзат қоғамының дамуының құрамдас бөлігі. Мүдделердің қарама-қайшылығы, шаруашылық қызметті ұйымдастыру күрделілігі, мемлекет пен құқық рөлінің өсуі бухгалтерлік есептің мәнін күшейтеді. Есеп алғашында қолданбалы іс ретінде пайда бола отырып, біртіндеп қоғамдық болмыстың элементіне айналды.

Есеп - кәсіпорындарды ресурстармен, материалдармен және басқада түрлерімен қамтамасыз ету үшін, қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жасалатын, материалдық игіліктерді бөлу саласын қамтиды. Есеп деректері шаруашылық процесстерді бақылау, оларды басқару үшін пайдаланылады. Есеп басқа экономикалық пәндермен: статистика, қаржы, талдау, бақылау, менджмент, аудит, маркетинг және т.б. тығыз байланысты. Өндіріс процесін бейнелеу үшін есептің үш түрі қолданылады:

1. Оперативтік есеп.

2. Статистикалық есеп.

3. Бухгалтерлік есеп.

Бухгалтерлік есеп туралы түсінікті келесі сызба түрінде көрсетуге болады:

1-Сызба. «Бухгалтерлік есеп туралы түсініктің» мазмұны

Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау - бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.

Бухгалтерлік есептің пәнін анықтау үшін біріншіден, объектілерін анықтап алу қажет. «Объект» латын сөзінен аударғанда «пән» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепті меншік түріне тәуелсіз барлық кәсіпорындар жүргізеді. Кәсіпорындар қызметкерлерді,өндіріс құрылыс - жабдықтарын пайдалану арқылы өнімдер өндіреді, жұмыстар орындайды, қызметтер көрсетеді. Әрбір кәсіпорынның өзінің қарамағында меншік құрайтын шаруашылық құрал-жабдықтар болады. Бұл құрал - жабдықтар әртүрлі құралу көздерінен құралады. Сондықтан, бухгалтерлік есептің объектілеріне мыналар жатады:

  • Шаруашылық құрал-жабдықтар (активтер)

  • Олардың құралу көздері(міндеттемелер мен меншікті капитал)

  • Шаруашылық процестер мен шаруашылық операциялар

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі барысындағы кәсіпорын қаржысының ауыспалы айналымын есепке алады. Ол дайындау, өндіріс, сату процесін қамтиды.

Қаржының сақталуы мен қозғалысын бақылайтын және шаруашылық қаржының ауыспалы айналым процесін оның көздерін ескеретін әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы бухгалтерлік есеп есеп әдісінің негізгі элементтері болып табылады:

1. Құжаттау және түгендеу. Бұлар шаруашылық құралдарының көздері мен процестерін есептеу және бағал,бақылау.

2. Есеп объектілерінің құнын өлшеу тәсілі ретінде бағалау және калькуляциялау.

3. Шоттар мен екі жақты жазу шаруашылық операцияларын тіркеу және ағымдағы топтастыру ретінде қолданылады.

4. Баланс және есеп беру деректерін қорытындылау тәсілі ретінде қолданылады.

Шаруашылық қаржысы өлшенетін және жасалған операцияларды есепте бейнелейтін өлшеу бірліктерін есептік өлшемдер деп атайды. Олардың үш түрі бар.

1. Заттай өлшемдер.

2. Ақшалай өлшемдер.

3. Еңбек өлшемдері.

Бухгалтерлік есеп меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындарда жүргізіледі. Кәсіпорын – бұл мемлекеттің немесе жеке сектордың кез‑келген коммерциялық, өнеркәсіптік немесе шаруашылық субъектісі. ҚР 27.12.94 ж. Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалар екі түрге бөлінеді:

-коммерциялық, мақсаты- табыс алу және оны қатысушыларына (акционерлеріне) тарату;

- коммерциялық емес‑ табыс алу мақсаты жоқ. Оларға табысты қатысушылар арасында бөлуге тыйым салынған. Олар кәсіпкерлік қызметпен айналыса алса да, алған табысын тек қызметінің мақсатына ғана жұмсай алады.

Бухгалтерлік есептің дамуы өзінен-өзі әр түрлі есеп тәжірибелерінің пайда болуына әкеп соқтырды. Әр түрлі елдердің экономикалық және сауда қатынастарының жүйелері қаншалықты ұқсамаса, олардағы бухгалтерлік есеп үлгілері мен әдістері де соншалықты ұқсас келмейді. 1966 жылы Г.Р. Хэтфилд бухгалтерлік есептің үш үлгісін аныұтап берді. Олар: британ‑американдық, континентальдық және оңтүстік-американдық.