Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
844545.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91.14 Кб
Скачать

14) Телефонмен сөйлесу этикасы

» Телефон шалған адам алдымен өзін таныстыруы, кім екенін айтуы керек, содан кейін кімді іздегенін айтуы керек.

» Телефон шалған адам тұтқаны бірінші қоюы керек.

» Телефон қысқа әрі нұсқа сөйлесулерге арналғандықтан ұзақ уақыт әңгімелесу жақсы емес.

» Үйге беймезгіл уақытта (өте ерте немесе өте кеш) телефон шалуға болмайды.

» Жұмыс орнына телефон шалғанда қысқа әрі нұсқа сөйлесу керек, жеке шаруаларға тоқталып ұзақ әңгімелеспеу керек.

» Бір жерге телефон шалып, оғаш дауыстар шығарып: «Тапшы ал, мен кіммін?» деген сияқты сұрақтар қоймау керек.

» Іздеген адам орнында болмаса, тұтқаны көтерген адамға есім және телефон номерді қалдыру керек. Біреу сізді іздеген болса, ертерек сол кісіге хабарласу керек.

» Өте қатты, жоғары дауыспен сөйлесу әдепсіздік болып саналады.

15) Іскерлік хат жазысу.

Іскерлік хаттың кұрылымы. Іскерлік хатты жазудың қалып-тасқан тәртібі бар. Ол әр кез сақталуы керек. Әдетте, хат мынадай бөліктерден тұрады:

1. Тақырыбы.

2. Уақыты.

3. Хат жолданып отырған мекемінің аты мен жіберушінің аты-жөні.

4. Кіріспе сөз.

5. Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлігі.

6. Негізгі мәтін.

7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сездері.

8. Жіберушінің қолы.

9. Қосымша берілетін болса, оған сілтеме.

10. Қосымша.

11. Кұжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет.

12. Постскриптум (хаттың соңына қол қойғаннан кейін "Р. S." таңбасын қойып жазылатын).

16) Ілеспе хат адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда негізгі құжат не үшін жіберілді, онымен не істеу керек және оны қанша мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі.

Ілеспе хаттың мынандай түрлері жиі кездеседі:

- мағлұмат үшін;

- уағдаластық бойынша;

- келісу (ақылдасу) үшін;

- қарау үшін;

- жауап беру үшін;

- Сіздің хатыңызға орай;

- шара қолдану үшін;

- қайтаруды сұраймыз.

Қызметтік хаттардың еркін түрде жазылатын кездері де жиі кездеседі. Ол әр лауазым иесінің жеке басының шеберлігіне, сауатына, мәдениеті мен біліміне байланысты болғандықтан, ондай хаттарға тоқталмадық. Әрі олар қызметтік хаттарға қарағанда жеке хат сипатында болады.

17) Хабарлама хат

Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және ақпараттық хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады және сұратуға жауап болып табылады. Ақпараттық хаттың мәтінінде қандай да деректер немесе шаралар туралы хабарланады. Ақпараттық хат арқылы көбіне ұйымның қызметі немесе әртүрлі өнімі насихатталады. Ақпараттық хат нақты адресатқа арналып, сұрау салуға жауап болып табылады.

Хабарландыру, жарнама.

Хабарландыру - мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжат түрі.

Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесу т.б. жайлар) айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымның аты қойылады. Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.

Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.

Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері:

1.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда - Күн тәртібі толық.

2.Мәдени шараларға хабарландыруда - Бағдарламасы ұсынылады.

3.Тендерге хабарландыруда - Шарттары ұсынылады.

4.Вакансияға хабарландыруда - жұмыс орнына тиісті талаптар.

үлгілер

Хабарландыру!

14 сәуір күні, сағат 15.00-де Жаратылыстану-гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен "ҚБТУ көктемі шақырады" атты фестиваль өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық. Бағдарламада:

1. Қаржы-экономика факультеті деканының құттықтау сөзі.

2. Көркемөнерпаздар өнер көрсетеді.

Деканат

Хабарландыру!

"Томирис" мейрамханасына сымбатты қыз-жігіттер конкурс негізінде жүмысқа қабылданады. Қатысамын деушілерге есік ашық, талапқа сай құжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 15а-үй, Абай даңғылының қиылысы. Телефон: 56-48-31, ұялы телефон: 8-333-768-65-34.

Мейрамхана әкімшілігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]