Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12клЛабыЭкзамен-7-12кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.47 Mб
Скачать

Өткiзгiштегi ток күшiнiң оның ұштарындағы кернеуге тәуелдiлiгiн зерттеу. Кедергiнi өлшеу.

Жұмыстың мақсаты:Өткізгіштегі тоқ күшінің оның ұштарындағы кернеуге тәуелділігін эксперимент арқылы анықтау және кедергіні есептеу.

Құрал-жабдықтар: ток көзi, кiлт, сым резистор, вольтметр, жалғағыш өткiзгiш, амперметр, реостат.

Жұмыстың барысы.

  1. Вольтметр мен амперметр шкаласы бөліктерінің құнын анықтаңдар.

  2. Тізбекті құрастырыңдар.

  3. Амперметрді тізбекке резистор мен реостат арасына қосыңдар. Вольтметрді резисторға параллель етіп қосыңдар. Ток көзінде 8В кернеуді орнатып, желіге қосыңдар. Кілтті тұйықтап , реостат көмегімен резисторда 3В кернеуді орнатыңдар.

  4. Амперметр мен волтьметр көрсеткіштерін кестеге жазыңдар.

  5. Реостат көмегімен резисторда 5В кернеуді орнатыңдар.

  6. Амперметр мен волтьметр көрсеткіштерін кестеге жазыңдар.

  7. Реостат көмегімен резисторда 7В кернеуді орнатыңдар.

  8. Амперметр мен волтьметр көрсеткіштерін кестеге жазыңдар.

  9. Өлшеулер нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін салыңдар.

  10. Бұл функция сипаттамасы бойынша қорытынды жасаңдар.

  11. Резисторлар кедергілерін формула бойынша есептеңдер.

  12. Кедергінің салыстырмалы қателігін формула бойынша есептеңдер.

I,A

U,B

R,Ом

Бірінші өлшем

0,06

3

50

Екінші өлшем

0,1

5

50

Үшінші өлшем

0,14

7

50

= 0,05=0,15

Қорытынды. Өткізгіштегі ток күші оның ұштарындағы кернеуге тура пропоционал. Кедергі тұрақты, яғни ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі түзу сызық.

Өткізгіштерді тізбектеп жалғауды зерттеу

Жұмыстың мақсаты: тәжірибе барысында тізбек құрастыра отырып, өткізгіштерді тізбектеп жалғауды зерттеу

Құрал-жабдықтар: ток көзi, кiлт, екi сым резистор, амперметр, вольтметр, жалғағыш өткiзгiштер.

Жұмыс барысы:

1 ) Сурет бойынша тізбекті құрастырыңдар.

2) Амперметрді резистор мен қорек көзінің арасына қасыңдар. Резисторларды тізбектеп бірінен соң, бірін қосыңдар.

3) Ток көзінде 9B кернеуді орнатып, жүйеге қосыңдар. Кілтті тұйықтаңдар. Амперметрдің көрсетулерін жазып алындар

І₁=0,11А

4) Вольтметрді алдымен бірінші резисторға қосып, кернеудің мәнін өлшеңдер. Содан соң вольтметрді екінші резисторға қосып, кернеудің мәнін өлшеңдер. Вольтметрді бір мезгілде резисторларға қосып, оның корсетулерін алыңдар.

U₁=5B U₂=9,5B Uж=15B

5) Екі резистордағы кернеуді келесі формула бойынша есептеңдер:

Uжал есеп=U₁+ U₂ Uжал есеп=14,5B

Вольтметр көрсетулерін кернеудің есептелген мәнімен салыстырыңдар.

Uжал есеп < Uж

6) Тізбек бөлігіндегі жалпы кедергіні келесі формула бойынша есептеңдер:

Rжал=131,81 Ом

Rжал = R₁+ R₂

Rжал=131,81Ом

7) Өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.

U₁, В

U₂, В

Uжал есеп

Іжал

Rжал

5

9,5

14,5

0,11

131,81

6,9

12,5

0,5

16,48

Қорытынды: барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей, жалпы кернеу жеке өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына, ал жалпы кедергі жеке өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына өлшеу қателігімен есептегенде тең болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]