Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12клЛабыЭкзамен-7-12кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.47 Mб
Скачать

Серіппелі маятниктің тербелісін үйрену

Жұмыстың мақсаты: серіппелі маятник тербелісі периодының маятниктің амплитудасына, серіппенің қатаңдығына және жүктің массасына тәуелділігін эксперимент арқылы тексеру.

Құрал-жабдықтар: штатив, таразы, серіппе, пластилин.

Гипотеза:

  • Серіппелі маятниктің периоды серіппенің қатаңдығына тәуелді ме?

  • Серіппелі маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді ме?

  • Серіппелі маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді ме?

Аспаптың бөлік құны және аспаптық қателік:

Аспап шкаласындағы бөліктің құны өлшенетін шаманың шкаладағы кез келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу арқылы анықталады.

Аспаптық қателік аспап бөлігі құнының жартысына тең.

Жұмыстың барысы.

  1. Тұрғыны үстелдің шетіне орнатыңдар.

  2. Тұрғыға серіппені орнатып, оған жүкті іліңдер.

  3. Серіппені тепе -теңдік күйінен ауытқытып, N тербеліс жасауға кеткен t1 уақытты секундомер көмегімен өлшеңдер.

  4. Маятниктің тербеліс периодын анықтаңдар

  5. Серіппенің ығысуын өзгерте отырып, 3-4 пунттерді қайталаңдар.

  6. Серіппелі маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.

  7. Матниктің ығысуын x1 өзгертпестен, оның массасын m2 арттырып, 3-4 пунттерді қайталаңдар.

  8. Серіппелі маятниктің периоды жүктің массасына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.

  9. Бастапқы m1 шардың массасын және ығысуын озгертпей, тұрғыға қатаңдығы өзгеше серіппені орнатып, 3-4 пунттерді қайталаңдар.

  10. Тербеліс периодының серіппенің қатаңдығына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.

  11. Абсолют және салыстырмалы қателікті анықтаңдар.

Тәжірибе №

k,Н/м

m, кг

xm, м

N

t, с

T, с

1

20

0.11

-

6

3

0.5

2

0.08

-

8

3

0.375

3

20

0.08

-

8

3

0.375

4

3

-

10

10

1

5

3

0.08

0.7

10

10

1

6

0.45

10

1

Қорытынды. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды жүктің массасына тура пропорционал, серіппе қатаңдығына кері пропорционал. Амплитуға тәуелді емес.

Электр тізбегін құрастыру. Ток күшін және кернеуді өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу

Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі, жалғауға арналған сымдар, электр шамдары, кілт.

Жұмыс барысы:

1) амперметр мен вольтметрдің шкалаларын, аспаптың жүйеге қосылу клеммаларын, аспаптың өлшеу шегін мұқият қарап шығыңдар.

2) амперметр мен вольтметр шкаласы бөліктерінің құнын анықтаңдар.

n= 0,02А n=0,5В

3 ) сурет бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Амперметрді тізбекке ток көзі мен бірінші шам арасына қосыңдар. Қорек көзінде 9B кернеуді орнатып, кілтті тұйықтаңдар.

4) амперметр көрсетуі бойынша ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі ток күшін анықтаған соң, қорек көзін өшіріңдер.

І=0,06А

5) өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.

6 ) сурет бойынша электр тізбектерін жинаңдар.

7) амперметрді бірінші және екінші шамдар арасында қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.

8) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, амперметр көрсетуі бойынша ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі ток күшін анықтаған соң, қорек көзін өшіріңдер.

l=0,06А

9) өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.

1 0) сурет бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Амперметрді екінші шам мен ток көзі арасындағы тізбекке қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.

11) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, амперметр көрсетуі бойынша ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі тоқ күшін анықтаған соң, қорек көзін өшіріңдер.

I=0,06А

12) өлшеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар.

1 3) тізбекті құрастырыңдар.

14) вольтметрді бірінші шамға параллель етіп қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.

1 5) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, бірінші резистордағы вольтметр көрсетуі бойынша кернеуді анықтаңдар. Тізбекте кернеуді анықтаған соң, ток көзін өшіріңдер.

U=5,5В

16) өлшеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар.

18) тізбекті құрастырыңдар.

19) вольтметрді екінші шамға параллель етіп қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.

20) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, екінші резисторда вольтметр көрсетуі бойынша кернеуді анықтаңдар. Тізбекте кернеуді анықтаған соң, ток көзін өшіріңдер.

U=5,5В

21) өлшеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар.

22) тізбекті құрастырыңдар.

23) ток көзінде кернеу мәнін ауыстырмай кілтті тұйықтап, вольтметрдің көмегімен екі шамнан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.

U=11,75В

24) Өлшеу нәтижесін кестеге жазыңдар.

Тізбектің бірінші бөлігіндегі ток күші

І₁ , А

Тізбектің екінші бөлігіндегі ток күші

І₂ ,А

Тізбектің үшінші бөлігіндегі ток күші

І3, А

Бірінші шамдағы кернеу

U₁ , В

Екінші шамдағы кернеу

U₂ ,В

Тізбек бөлігіндегі кернеу

U, В

0,06

0,06

0,06

5,5

5,5

11,75

Қорытынды. Шамдар тізбектей жалғанған кезде тізбектің кез-келген бөлігіндегі токтың мәні бірдей, ал әр шамдағы кернеу қосындысы тізбек бөлігіндегі кернеуге өлшеу қателігімен есептегенде тең болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]