Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 -тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
412.67 Кб
Скачать

2.11. Өндірістік қорларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары

Өндірістің тиімділігін арттырудың ең маңызды шарттарының бірі, жұмыс істеп тұрған өндірістік қорларды жақсарту.

Жоғарыда айтылғандай, қор қайтарылымы – негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштерінің бірі. Кәсіпорындардың қор мөлшерінің өсуімен қатар, олардың есесін қайтаруды арттырудың мәні де өседі. Қор қайтарылымы негізгі өндірістік қорлардың 1 теңгесіне келетін өнім өндірумен белгіленгендіктен, көп көлемінде пайдалы қазбаларды ақшалай сату керек. Ал негізгі құралдар қысқа мерзім ішінде, еңбектің қормен жарақтануының өсуі де, негізгі қорларды тиімді пайдалануға ықпал етеді. Негізгі қорларды тиімді пайдалану - өндіріс факторларын үнемдеуді қамтамасыз етуі және өнімнің өзіндік құнын азайтумен тығыз байланысты. Ол үшін еңбек ресурстарын, материал шығындарын өнімнің бір өлшеміне азайтып, материал мен еңбек сыйымдылығын төмендету керек.

Өндіріске жаңа жоғары өнімділігі бар техниканы енгізумен қатар, оны неғұрлым толық пайдалану негізінде ең алдымен негізгі қорлардың актив бөлігін жетілдіру жөніндегі, ілгері технологиялық процесті, өндірісті кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыру жөніндегі шараларды қолдануға тиіс. Сондай-ақ, өткізуге мүмкін өнімді жаңғырту, оның сапасын арттырып, сапалы кенбайлықтың көлемін ұлғайтып, өндіріс факторларын неғұрлым орынды пайдалану, өнімнің өзіндік құнын арзандатып және соның негізінде, өндірістің пайдасын арттыру жөніндегі шараларды қарастыру керек.

Негізгі өндірістік қорлардың актив бөлігін толық және үнемді пайдалануда, жабдық жұмысында болатын уақыт ысыраптарды, бос тұрушылықты болдырмау аса қажет. Қазір кейбір тау-кен кәсіпорындарында жұмыс уақытының ысыраптары 20-40% құрайды. Бұл жерде әлі де болса көптеген кәсіпорындарда жабдықтардың ауысымдық коэффициенті төмен деңгейде. Кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығынының көп болуы, өндірістік қуаттар мен жабдықтардың өнімділігінің толық пайдаланылмауынан туады.

Өндірістік қорды пайдалануды жақсарту – ресурс үнемдейтін технологияны енгізумен, ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдаланумен, еңбек ресурстарын, энергия және материал шығындарын үнемдеумен, негізгі қорлардың актив бөлігінің қуатын арттырумен, өнімнің сапасын жақсартумен, пайдалы кенбайлықтардың өзіндік құнын азайтумен, өндірістің пайдалылығын арттырумен тығыз байланысты.

Өндірісте, өнеркәсіпте негізгі қорлардың пайдалануын жақсарту - өндірістің өсуінің негізгі көзі болып табылады. Қор қайтарымы өсуінің әсерін, өнім шығару көлеміне индекстік әдіспен санауға болады.

Жалпы өнім көлемі пайдаланылатын негізгі қорлар мен олардың қор қайтарылымының көбейтіндісіне тең болғандықтан, өзара байланысты мынадай көрсеткіштер жүйесін құруға болады:

Жалпы өнім қор қайтары- негізгі қорлар

серпінінің  лымының х индексі

коэффициенті индексі

Яғни,

ӨӨ 1 /ӨӨ 0  (ҚҚ 1 ·НҚ 1)/(ҚҚ 0 ·НҚ 0) 

=(ҚҚ 1 ·НҚ 1)/(ҚҚ 0 ·НҚ 1)* (ҚҚ 0 ·НҚ1)/(ҚҚ 0 ·НҚ 0) , (2.33)

мұндағы ӨӨ 1 және ӨӨ 0 – көтерме сауда бағасындағы есепті (жоспарлы) және базистік өнім өндіру көлемі;

ҚҚ1 және ҚҚ 0 – есепті және базистік қор қайтарылымы;

НҚ 1 және НҚ 0 – есепті және базистік негізгі қорлардың мөлшері.

Экономикалық және статистикалық талдауда негізгі қорлардың актив бөлігінің қайтарылымының өзгеру әсері, сандық бағалауда ең маңызды болып саналады. Ол үшін мынадай көрсеткіштердің өзара байланысын зерттеуге болады:

ҚҚ  ӨӨ/НҚ  (ӨӨ/НҚ а )*(НҚ а/НҚ)  ҚҚ а *d , (2.34)

мұндағы НҚа - негізгі қорлардың актив бөлігінің шамасы;

ҚҚа - негізгі қорлардың актив бөлігінің қор қайтарылымы;

d – негізгі қорлардағы актив бөлігінің үлесі.

Индекс әдісін пайдаланып былай жазуға болады:

ҚҚ 1/ҚҚ 0  (ҚҚ 1а ·d 1)/(ҚҚ 0а·d 0)  (ҚҚ 1а ·d 1 )/(ҚҚ 0а·d 1·

(ҚҚ 0а·d 1)/(ҚҚ 0а·d 0). (2.35)

Енді шартты мысал келтіріп, айтқанымызды түсіндірелік (2.3-кесте).

2.3-кесте

Өнім өндіру, негізгі қорларды пайдалану

көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер

Базистік жыл

Есепті жыл

Өзгеру (+) (-)

Абсолюттік (+) (-)

Салыс-тырмалы, %

1.

Өнім өндіру, млн теңге

830

1100

+270

+32,53

2.

Негізгі құралдардың құны, млн теңге

100

110

+10

+10,00

Оның ішінде актив бөлігі, млн теңге

63

77

+14

+22,22

3.

Қор қайтарылымы

(1 жолды: 2 жолға)

8,3

10

+1,7

+20,48

Негізгі қорлардың актив бөлігінің қор қайтарылымы (1жолды: 2а жолға)

13,1746

14,2857

+1,1111

+8,43

4.

Негізгі қорлардың актив бөлігінің үлесі (2а жолды:

2 жолға)

0,63

0,70

+0,07

+11,11

Негізгі құралдардың құнының абсолюттік өзгеруі мынаған тең:

НҚ  НҚ 1 – НҚ 0  110 – 100  +10 млн теңге.

Оның салыстырмалы өзгеруі:

НҚ %  (НҚ 1 – НҚ о ) ·100 /НҚ о (110 – 100) ·100 /100  10%.

Ал негізгі қорлардың қор қайтарымының абсолюттік өзгеруі:

ҚҚ  ҚҚ 1 - ҚҚ 0  10 – 8,3  +1,7,

ал салыстырмалы өзгеруі:

ҚҚ %  (ҚҚ 1 - ҚҚ о) ·100 / ҚҚ 0 1,7·100 /8,3 +20,48%.

Енді негізгі қорлардың актив бөлігінің қор қайтарылымының абсолюттік өзгеруі:

 ҚҚа  ҚҚа1 - ҚҚао  14,2857 – 13,1746  1,1111,

ал салыстырмалы өзгеруі:

ҚҚа %  (ҚҚ -ҚҚ ) ·100 / ҚҚа 0 1,1111·100 /13,1746  + 8,43%.

Осы мысалда жалпы қор қайтарылымының өзгеруін мына формуламен негіздеуге болады:

ҚҚ 1/ҚҚ0 (ҚҚ 1а ·d 1) /(ҚҚао·d о) 

 (14,2857 ·0,7)/(13,1746 ·0,63) 1,2048 немесе 20,48%.

Ал оның негізгі қорлардың актив бөлігінің қайтарылымының өзгеруіне байланысты былай есептеледі:

ҚҚа  (ҚҚ 1а ·d1 )/(ҚҚ 0а·d1) 

 (14,2857 ·0,7)/(13,1746 ·0,7)  1,0843,

яғни, абсолюттік өсуі былай есептеледі:

+ҚҚа  (ҚҚ1а - ҚҚ0а) ·d 1  (14,2857 – 13,1746) ·0,7  0,7777.

Енді жалпы қор қайтарылымының негізгі қорларының актив бөлігі үлесінің өзгеруі салдарынан оның артуын, былай табамыз:

ҚҚd  (ҚҚa0·d 1) /( ҚҚa0 · d 0) 

 (13,1746 ·0,70) /(13,1746·0,63)  1,1111 ,

ал абсолюттік өзгеруі:

+ҚҚd  ҚҚ0а· (d 1 - d 0)  13,1746 (0,7 – 0,63)  0,9222.

Енді екі фактордың әсерінен жалпы қор қайтарылымының өзгеруін санайық.

Абсолюттік өзгеру:

0,7777 + 0,9222 1,7.

Ал салыстырмалы (қалыпты) өзгеруі:

ҚҚ  ҚҚа ·ҚҚd  1,0843·1,1111  1,2048 немесе

20,48 %-ға өсті.

Сонымен, негізгі қорлардың қор қайтарылымы 1,7 теңгеге артты. бұл біріншіден, негізгі қордың актив бөлігінің қор қайтарылымының 1,1111 теңгеге артуынан, ал екіншіден, негізгі қорларының актив бөлігінің үлесі 0,07-ге өсуіне байланысты.

45