Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 -тарау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
412.67 Кб
Скачать

2.9. Негізгі қорлардың жай-күйі, қозғалысы, серпіні

Тау-кен кәсіпорнының балансында негізгі құралдардың есепті кезеңінің басында және соңында мынадай мәліметтер келтірілуі тиіс: бастапқы құны, тозу және қалдықтық құны. Негізгі қорлардың саны мен құны жыл ішінде олардың іске қосу және істен шығуына байланысты өзгеріп тұрады.

Негізгі қорлар – объектіні пайдалануға қабылдау актісі бойынша есепке алынады. Олар кәсіпорындарға аяқталған күрделі қаржы салымдары бойынша, жеке және заңды тұлғалардан кәсіпорынның жарғылық қорына жарна ретінде түседі.

Негізгі қорлардың істен шығуы – олардың тозуымен, басқа жеке немесе заңды тұлғаға объектіні сату және жалға берумен байланысты. Істен шыққан негізгі құралдар, бухгалтерлік баланстан толық бастапқы немесе қалпына келтіру құны бойынша есептен шығарылады. Бұған есептен шығару актісі негіз бола алады, онда баланстық құны, есептеген тозу жарнасы, күрделі жөндеулердің саны мен олардың құны, негізгі қорлардың жай-күйі, істен шығу себептері туралы деректер баяндалады.

Негізгі құралдардың белгілі бір кезең соңындағы құны – сол құралдардың кезең басындағы құнына жыл ішінде іске қосылған негізгі құралдар құнын қосып, істен шыққан негізгі құралдар құнын шегеріп есептейді.

Негізгі қор объектілері ұзақ уақыт пайдаланылады. Осыған байланысты оларды қайта бағалап, түгендеу жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан Республикасында негізгі құралдардың орташа жылдық құны көбінесе хронологиялық орта мәні бойынша есептеледі. Бірақ, қор қайтарылымын есептеуге бұл әдіспен шығарылған негізгі құралдардың орташа жылдық құнын ұсынуға болмайды.

Негізгі құрал-жабдықтың қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер мынадай:

  1. Негізгі құралдарды іске қосу коэффициенті:

К іқ  НҚ е / НҚ а , (2. 19)

мұндағы НҚ е – негізгі құралдардың жаңадан іске қосылған құны,

теңге;

НҚ а – есепті кезең соңындағы негізгі құралдардың құны,

теңге;

  1. Негізгі құралдардың жаңартылу коэффициенті (Кжк) – жаңа негізгі қорлардың құны (НҚ ж) мен есепті кезең соңындағы негізгі құралдардың құнына қатынасы:

К жк  НҚ ж / НҚ а . (2.20)

  1. Негізгі құралдардың істен шығу коэффициенті (К ш):

К ш  НҚ ш / НҚ б, (2.21)

мұндағы НҚ ш– барлық істен шыққан негізгі құралдардың құны, теңге;

НҚ б – есепті кезең басындағы негізгі құралдардың құны, теңге.

  1. Негізгі құралдарды жою коэффициенті (К л), жойылған негізгі құралдардың құнымен есепті кезең басындағы негізгі құралдардың құнына қатынасымен анықталады:

К л  НҚ л /НҚ б . (2.22)

Жою құны дегеніміз – негізгі құралдардың пайдалы қызмет мерзімінің соңында жою кезінде істен шығуына байланысты межелі шығынды шегеріп тастағанда пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтың, қалдықтардың алдын ала ойластырылған болжамды құны. Бұл негізгі қорлардың амортизация нормасын есептеу кезінде қажет.

Негізгі қорлардың жай-күйін сипаттайтын және олардың қатысты көрсеткіші болып саналатын негізгі қорлардың тозу және жарамдылық коэффициенттері. Тозу коэффициенті өндірілген өнімге негізгі қорлар құнының қай бөлігі аударылғанын көрсетеді, ал жарамдлық коэффициент (КЖ) негізгі қорлардың тозған бөлігін сипаттайды. Осы екі коэффициенттер қосындысы бірге тең, яғни:

К т  1- К ж және К ж  1-К т . (2.23)

Негізгі қорлардың серпінін сипаттау үшін, нарықтық экономика кезінде нақты бағамен есептелген, олардың қалпына келтіру құнын пайдаланған дұрыс. Егер салыстыру кезінде бағаларда маңызды өзгерістер болмаған жағдайда, негізгі құрал-жабдықтардың серпінін талдау үшін, олардың бастапқы баланстық құнын пайдалануға болады.

Негізгі қорлардың серпінін сипаттайтын көрсеткіштер – негізгі қорлардың, оның ішінде актив бөлігінің абсолюттік және қатысты өсуі мен біркелкілігі.