Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 -тарау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
412.67 Кб
Скачать

2.10. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін бағалау үшін, бірнеше экономикалық көрсеткіштер пайдаланылады. Олар: жалпы қорытынды, жинақтау және талдамалы жекелеген көрсеткіштерге бөлінеді. Көрсеткіштер – заттай және құндық нышанында болуы мүмкін.

Жалпы қорытынды көрсеткіштерге: пайдалылық, қор қайтарылымы мен қор сыйымдылығы жатады. Осы көрсеткіштер сандық, сапалық, салалық және жалпы өнеркәсіптік болуы мүмкін. Жалпы қорытынды көрсеткіштер – барлық негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын сипаттайды, ал жеке көрсеткіштер – негізгі қорлардың жекелеген топтары мен ішкі топтарының пайдаланылуын білдіреді.

Жеке (талдамалы) көрсеткішке бірінші кезекте, негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігін пайдаланудың техника-экономикалық көрсеткіштері жатады. Олар да өлшеуіш белгілері бойынша: заттай және құндық көрсеткіштерге бөлінеді. Заттық көрсеткіштерге тонна өлшемінде кен өндіру, адам-сағат мөлшерінде еңбек шығындары жатады. Заттық көрсеткіштер – өндірісті жоспарлағанда маңызды рөл атқарады, соларды пайдаланып кеніштер мен карьерлердің, цехтар мен әр түрлі телімдердің өндірістік қуаттарын есептейді.

Негізгі өндірістік қорлардың бүкіл жиынтығы пайдаланудың қорытындылаушы көрсеткіші – қор қайтарылымы болып саналады. Қор қайтарылымы – өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болумен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру үшін пайдаланған негізгі өндірістік қорлардың шамасын көрсетеді.

Қор қайтарылымы (ҚҚ) – өндірілген және өткізілген (сатылған) өнім құнының негізгі өндіріс қорлар құнына қатынасын сипаттайтын, бүкіл жиынтығын пайдаланудың экономикалық көрсеткіші:

Қ Қ  ӨӨ / НҚ , (2.24)

мұндағы ӨӨ – кәсіпорында бір жыл ішінде өндірілген және өткізілген өнім көлемі, теңге;

НҚ – орташа жылдық негізгі өндірістік қорлар құны, теңге.

Қор қайтарылымы көрсеткішінің шамасы – ақшалай тұлғадағы өндірілген өнімнің өндірістік негізгі қорларының бір өлшеміне шаққандағы мөлшерін көрсетеді. Қор қайтарылымының шамасы – өнім шығару сипатымен, өнімнің өзіндік құнындағы материалдар үлесімен, өндірістің еңбек сыймдылығымен байланысты. Негізгі қорлар – өндіріс процесінің материалдық негізі болғандықтан, көбінше нақты еңбек пен еңбек заттарының үнемділігін айқындайды.

Негізгі қорларды пайдаланудың қорытындылаушы көрсеткішінің, негізгі капиталдың құрылымының және оның актив бөлігінің қайтарымының өзара байланыстарын мына үлгі көрсетеді:

Қ Қ а  ӨӨ /НҚ а ; d а  НҚ а / НК; ҚҚ ҚҚ а * d а , (2.25)

м ұндағы ҚҚ а – негізгі қордың актив бөлігінің қайтарымдылығы;

НҚ а – негізгі қорлардың актив бөлігінің орташа жылдық құны;

d a – негізгі қорлардың құнындағы актив бөлігінің үлесі.

Қор қайтарылымына кері көрсеткішті – қор сыйымдылығы (ҚС) деп атайды:

ҚС  1/ҚҚ  НҚ / ӨӨ. (2.26)

Қор сыйымдылығы – кәсіпорынның ақшалай тұлғадағы өндірілген және сатылған өнімінің бір өлшеміне шаққандағы негізгі өндірістік қорлардың не олардың актив бөлігінің мөлшерін көрсетеді. Осы көрсеткішті кейде негізгі құралдарды орнықтыру коэффициенті деп те атайды.

Қор сыйымдылығын төмендету арқылы біз қоғамдық еңбек өнімділігін арттырып, өнім шығару көлемін ұлғайтамыз, күрделі қаржы салымдарын үнемді пайдаланамыз. Тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындарында өнімнің қор сыйымдылығына әсер ететін негізгі факторларға: негізгі қорлар мен өнім өндіру өрлеу қарқындарының арақатысы, өндірісті ұйымдастыру нысаны, өнімнің материал сыйымдылығы, өндіріс циклінің (кезеңінің) ұзақтығы, технологиялық жабдықтардың қызмет ету мерзімі, еңбектің қормен жарақтандырылуы және еңбек өнімділігі жатады.

Тағы бір маңызды көрсеткіш - өндірістің пайдалылығы. Ол – пайданың өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаражаттарының қатынасымен (процент есебімен) айқындалады:

ӨП  П*100 /(НҚ + АҚ н), (2.27)

мұндағы ӨП – өндірістің пайдалылығы,%;

П – баланстық, жалпы немесе таза пайда, теңге;

АҚн– кәсіпорынның нормаланатын айналым қаражаттары.

Өндірістің пайдалылығы өндірістік қызметтің белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі пайдалылығын сипаттайтын кәсіпорындар қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, шығындар қайтарымының деңгейі және өнім өндіру мен сату процесінде қаражаттың пайдалану дәрежесі.

Негізгі өндірістік қорлар құнының өндірістік қызметкерлер санына қатынасын, еңбектің қормен жарақтандырылуы дейді:

Қ Ж  НҚ / N , (2.28)

мұндағы ҚЖ – енбектің қормен жарақтандырылуы, бір жұмыс істейтін адамға шаққандағы теңге көлемі;

N – тізімдегі өндірістік қызметкерлер саны.

Еңбектің қормен жарақтандырылуы - өндірістік негізгі қорлардың орташа жылдық баланстық құнының ауысымдағы жұмыс істейтіндердің не жұмысшылардың ең көп санына, не олардың орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады.

Негізгі қорлардың актив бөлігін пайдалану көсеткіштері, жеке көрсеткіштерге жатады және олар мынадай:

  1. Машиналар мен құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті, олардың уақыт аралығында пайдалану деңгейін көрсетеді де, мына формуламен анықталады:

К экс  t н / t ж , (2.29)

мұндағы t н – машиналар мен құрал-жабдықтардың нақты жұмыс істеу уақыты, сағ;

t ж – машиналар мен құрал жабдықтардың жоспарлы немесе норма бойынша есептелген жұмыс уақыты, сағ.

  1. Машиналар мен құрал-жабдықтарды интенсивті, яғни оның өнімділігі (қуаты) бойынша пайдалану коэффициенті:

К ин  В н / В ж , (2.30)

мұндағы В н – белгілі бір кезеңде жабдықтардың нақты өндірімі немесе өнімділігі;

В ж – технологиялық жабдықтардың нормативтік, техникалық негізделген өнімділігі.

  1. Машиналар мен құрал-жабдықтарды уақыт аралығындағы және өнімділігі (қуат) бойынша пайдаланылатын көрсеткішті – олардың интегралды пайдалану коэффициенті дейді. Ол жабдықтарды экстенсивті және интенсивті пайдалану коэффициенттерінің көбейтіндісі ретінде анықталады:

К инт  К экс ин . (2.31)

  1. Жабдықтарды экстенсивті пайдалануды ауысу коэффициенті сипаттайды, ол мына формуламен есептеледі:

К а  М к / М , (2.32)

мұндағы М к – жабдықтың бір күнде жұмыс істеген жалпы машина – ауысымдар саны;

М – іске қосылған жабдықтар саны.

Мысалы, карьерде 20 бұрғылау станоктары жұмыс істейді. Бірінші ауысымда 15, екінші – 12, үшінші ауысымда 5 станок жұмыс істеді. Сондағы ауысу коэффициенті:

К а  (15 + 12 + 5) / 20  1,6.