Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 -тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
412.67 Кб
Скачать

2.7. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

Негізгі қорларды бағалау, пайдалану дәрежесін анықтау, негізгі қордың амортизациялық аударымдарын есептеу үшін олардың орташа жылдық құнын білу керек.

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны былай анықталады:

Н Қ жНҚ жб+ Қ е *t1 /12 - Қ ш (12 – t2) /12 , (2.12)

мұндағы НҚ жб – негізгі қорлардың жыл басындағы құны, теңге;

НҚ е – жыл бойы жаңадан енгізілген (іске қосылған) негізгі қорлардың құны, теңге;

НҚ ш – жыл ішінде істен шыққан негізгі қорлардың құны, теңге;

t1 және t 2 – жаңадан енгізілген және істен шыққан негізгі қорлардың толық пайдаланған айлар саны.

Негізгі қорлардың орташа жылдық құнын хронологиялық орта мәнін есептеу арқылы табуға болады:

НҚ ж  (1/2 НҚ жб + НҚ 2 + НҚ 3 + ···+ НҚ 12 +1/2 НҚ жа )/(n –1), (2.13)

мұндағы НҚ жа - негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны, теңге;

НҚ 2, НҚ 3 , ···, НҚ 12 – негізгі қорлардың ақпан, наурыз, ... , желтоқсан айларының басындағы құндары, теңге;

n - қатардағы деңгейлер (көрсеткіштер) саны, 13.

Жеңілдетілген тәсілді пайдаланғанда, негізгі қорлардың орташа жылдық құны былай есептелінеді:

НҚ ж  (НҚ жб + НҚ жа )/ 2. (2.14)

Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны мына формуламен анықталады:

НҚ жа  НҚ жб + Қ е - Қ ш , (2.15)

мұндағы НҚ е, НҚ ш – жыл бойы жаңадан енгізілген және істен шыққан негізгі қорлар құны, теңге.

2.8. Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері

  1. Сызықтық, біркелкі (бірқалыпты) әдіс, бұл әдісте жылдық амортизациялық аударымдар сомасы негізгі қорлардың (құралдар) бастапқы құны мен сол қорлардың пайдалы қызмет мерзімімен есептелген амортизация нормасы негізінде анықталады. Пайдалы қызмет мерзімі – негізгі қорды пайдаланудан пайда алу көзделген кезең.

  2. Қалдықты азайту (кеміту) әдісі. Бұл әдісте жылдық амортизациялық аударымдар сомасы есепті жыл басындағы негізгі қорлардың қалдықтық құны мен сол топтың пайдалы қызмет мерзімімен есептелген амортизация нормасы негізінде есептеледі.

  3. Амортизация кезеңінің жылдар санының қосындысы бойынша есептен шығару (шығынға жазу) әдісі. Осы әдісті кумулятивтік (шоғырланбалы) әдіс дейді және амортизация аударымдар сомасы негізгі қорлардың бастапқы құны мен жылдық арасалмақ негізінде анықталады. Арасалмақтың алымында негізгі қорлардың қызмет мерзімінен қалған жылдар, ал бөлгішінде – жылдар санының қосындысы болуы тиіс.

Мысал: негізгі қордың бастапқы құны 15 миллион теңге делік, қызмет мерзімі 5 жыл. Осы мысалда жылдар санының қосындысы 15-ке тең (5+4+3+2+1). Бірінші жылдың амортизациялық аударымы негізгі қордың бастапқы құнын 5/15 көбейткішке көбейткенде табылады:

15 х 5/15  5 млн. теңге,

ал келесі жылдардың амортизациялық аударымдары былай есептеледі:

15 х 4/15  4 млн теңге;

15 х 3/15  3 млн теңге;

15 х 2/15  2 млн теңге;

15 х 1/15  1 млн теңге.

Осы бес жылдың амортизациялық аударымдарын қоссақ,15 млн теңге шығады. Жылдар санының қосындысын мына формуланы пайдаланып, есептеуге болады:

Т қ  Т нн + 1) / 2 , (2.16)

мұндағы Тн – негізгі қорлардың нормативтік немесе пайдалы қызмет мерзімі, жылдар.

Ал амортизация нормасын былай есептеуге болады:

На і  1/Тқ ·(Тн + 1 – Ті) ·100, (2.17)

мұндағы На і – әр жылдағы амортизация нормасы, %;

Ті – қызмет мерзімінің рет жылдары.

Айталық негізгі қордың нормативтік қызмет мерзімі 10 жыл. Сонда келтірілген жылдар саны мынаған тең:

Тқ  10* (10+1) / 2  55 жыл.

Бірінші жылдың амортизациялық нормасы:

На1  1/55*(10+1-1) 100  18,18%.

Төртінші жылдың амортизациялық нормасы:

На4  1/55*(10+1-4) 100  12,73 %.

  1. Кемімелі құн әдісі. Бұл әдісте негізді қордың құны мен амортизация нормасы арқылы амортизациялық аударымдар мына формуламен есептеледі:

Aі = [НҚ (1 - а)і-1] а , (2.18)

мұндағы Aі – жылдар бойынша амортизациялық аударымдар, теңге;

НҚ – негізгі қордың құны, теңге;

а – амортизация нормасының қатысты шамасы.

Мысал: Негізгі қордың құны 100 млн теңге делік, ал амортизация нормасы 0,1 (10 %).

Бірінші жылғы амортизациялық аударымы:

А1 = [100 (1-0,1)1-1] ·0,1 = 10 млн теңге;

2-ші жылдағы: А2  [100 (1-0,1)2-1] ·0,1 9 млн теңге;

3-ші жылдағы: А3  [100 (1-0,1)3-1] ·0,1  8,1 млн теңге.

5. Негізгі қорлардың құнын өнім өндіру көлеміне пропорционал-ды (тепе-тең жолымен) шығынға жазу (өндірістік әдіс).

Амортизациялық аударымды есептеудің жоғарыдағы келтірілген әдістерін екі түрге жатқызуға болады: пропорционалды-сызықтық және тездету (шоғырланбалы) әдістері.

Амортизациялық аударымдарды біркелкі әдіспен есептегенде, негізгі қорлардың құны пайдалану мерзімі кезінде әр жылы тең бөліктермен өндірілетін пайдалы қазбалардың өзіндік құнына көшіріледі. Мысалы, пайдалану мерзімі 4 жыл болса, онда жыл сайын негізгі қор құнының 25 % тауарға көшіріледі.

Негізгі қорлардың, әсіресе актив бөлігінің жылдам амортизациялануы, өндірісті, құрылымдық жағынан қайта құру мен жаңғыртуға (жаңарту) арнаған. Осы әдісте екі еселенген амортизация нормасы пайдалануы мүмкін.

Тездетілген, жеделдетілген амортизация әдісінде негізгі қорлардың қалдықтық құны мен жоғары амортизация нормасы пайдаланылады.

Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда амортизациялық аударымдарды есептеуде біркелкі емес әдіс кең таралған. Осы әдіспен құрал-жабдықтардың құнының едәуір бөлігі бірінші жылдарда өндіріс шығындарына енгізіледі. Мысалы, бірінші жылы – 40 %, екінші – 30, үшінші – 20, төртіншіде – 10 %. Бұл инфляция жағдайында жұмсалған шығындарды жылдам өтеуге мүмкіндік береді.