Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 -тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
412.67 Кб
Скачать

Ерекшеліктері

Негізгі өндірістік қорлар құрамына тау-кен қазбалары кіреді. Пайдалы кенбайлықтарды қазып алу үшін арнаулы қазбаларды өту және жүргізу керек. Тау-кен өндірісіне тән ерекшеліктің бірі, негізгі қорлар құрамында ғимараттардың үлесі өте жоғары, олардың құрамына негізгі тау-кен қазбалары кіреді.

Тау-кен өнеркәсібінде амортизацияланатын үйлер, үймереттер, ғимараттар мен кен қазбаларын екі топқа бөлуге болады:

– бірінші топқа жататындар: рудник, карьер, шахта жұмыс істейтін мерзімі және өнеркәсіптік қорларды қазып алу уақытымен байланысты (арнаулы үйлер, ғимараттар, оқпандар, оқпан албары, күрделі бремзбергтер, өрлейқаздар мен еңістер);

– екінші топқа жататындар: пайдалы қазбалар қорларын қазып алу уақытымен байланысты емес.

Карьерлер мен разрездерде кен қазбалалары бірінші топқа жатады (күрделі, жарма орлары, сутөкпе (кәріз) шахталары), олар өнеркәсіптік қорларды қазып алғанша қызмет істеуі қажет.

Арнаулы үйлерге жататын негізгі өндірістік қорлар (шахта бетіндегі үйлер мен құрылыстар), сондай-ақ ғимараттарға жататын (көпірлер (діңдер), шанақтар, эстакадалар, қоймалар) негізгі қорлар салық Кодексінде бекітілген шекті нормалар бойынша амортизацияланады.

Кейбір тау-кен кәсіпорындарында күрделі қазбалардың амортизациялық аударымдарын тонналық мөлшерлеме бойынша есептеуге болады.

Тонналық мөлшерлеме – белгілі уақыт мерзіміне сай кен қазбалардың құнын сол қазбалармен ашқан пайдалы кенбайлықтардың өнеркәсіптік (баланстық) қорына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш пайдалы қазбаның бір тоннасын қазып алу үшін, күрделі кен қазбаларды өтуіне қанша ақшалай қаражаттар керегін білдіреді (2.2-кесте).

2.2-кесте

Темір кенін өндіретін

кәсіпорынның тонналық мөлшерлемесін есептеу

Көрсеткіштер

Кәсіпорын бойынша

Топтар бойынша негізгі қорлар, соның ішінде

І

ІІ

  1. Негізгі қорлардың жоспарлы жыл басындағы тозуды шегергендегі құны, мың теңге

1100000

475000

625000

  1. Жоспарлы жыл басында өнеркәсіптік қорлар, мың тонна

12000

10000

  1. Жоспарлы жылға амортизацияның тонналық мөлшерлемесі

102,1

39,6

62,5

4. Кен өндіру жоспары, мың тонна

950

950

500

І-топқа кәсіпорынның қызмет ету мерзімі бойынша және оның қорларының барлығын қазып шығаруға арналған негізгі қорлар жатады;

ІІ-топқа шахталық немесе карьер алаңының әр бөлігінің өнеркәсіптік қорларын қазып шығаруды қамтамасыз ететін негізгі қорлар жатады.

Егер, жоспарлап отырған жылда біз 950 мың тн. кен алуымыз керек десек, онда тонналық мөлшерлемені 950 мың тоннаға қөбейтіп, аммортизацияланатын шығындарды шығарамыз (3 х 4):

39,6·950 + 62,5·500 68870 мың теңге.

Шахта бойынша жоспарлы жылға амортизацияның есептелген тонналық мөлшерлемесі былай есептелінеді (5 : 4):

(39,6·950 + 62,5·500) / 950  72,5 теңге/т.