- •Негізгі капитал
- •2.1. Жалпы ережелер
- •2.2. Негізгі қорлардың құрылымы мен жіктелуі
- •2.3. Негізгі қорларды есепке алу мен бағалау
- •2.4. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
- •Ерекшеліктері
- •2.7. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны
- •2.8. Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері
- •2.9. Негізгі қорлардың жай-күйі, қозғалысы, серпіні
- •2.10. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •2.11. Өндірістік қорларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары
2.3. Негізгі қорларды есепке алу мен бағалау
Нарықтық экономикаға көшу кезінде негізгі қорлардың құнын анықтау, олардың серпінін, шамасын, құрылымын, құрамын білу өте маңызды. Негізгі қорларды бағалау - амортизацияны, өнімнің өзіндік құнын және өндіріс тиімділігін есептеу үшін қажет. Негізгі қорлардың есебі, олардың жіктеуі мен құрылымына сәйкес заттай және ақшалай көрсеткіштермен жүргізіледі.
Заттай көрсеткіштер есебі мыналарды анықтауы керек:
кәсіпорындардың өндірістік қуатын;
негізгі қорлардың техникалық құрамын, жабдықтардың өндірістік алаңдарының әр түрлерінің арақатынасы мен жабдықтар санын;
негізгі қорлардың табиғи тозу дәрежесін.
Негізгі қорларды заттай көрсеткіштермен есептеуге бастапқы деректер - әр жылдық түгендеу мен техникалық төлқұжат болып саналады. Түгендеу дегеніміз - кәсіпорындардың балансында есептеулі мүліктің бар-жоғын, оның сақталуы мен дұрыстығын тексеру.
Негізгі қорлардың заттай көрсеткіштері - белгілі міндеттері мен өнімділігіне қарай жабдықтар саны, үйлер мен құрылыстардың көлемі (м3), электржабдықтардың қуаты (кВт), т.б. болып саналады.
Заттай көрсеткіштермен негізгі қорларды есепке алу - олардың ақшалай тұлғадағы есебімен тікелей байланысты. Осының негізінде негізгі қорлардың тозу дәрежесі белгіленіп, амортизация аударымдары есептелінеді. өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы жасалып, оның қор сыйымдылығы анықталады, өндірістің пайдалылығы шығарылады.
Негізгі қорлардың есеп пен бағалау тәжірибесінде оның бірнеше түрлері қолданылады. Бухгалтерлік есеп пен есептемеде негізгі қорлар баланстық құн (бастапқы немесе қалпына келтіру құны) бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың бастапқы құнына: оларды сатып алуға, салуға, дайындауға, жеткізуге, монтаждауға жұмсалған нақты шығындары жатады.
Қалпына келтіру құны – негізгі қорларды қазіргі кезең жағдайына және осы кезеңдегі баға бойынша өндіру құны. Ол жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды олардың нақты жәй-күйі мен сапалық тозуын ескере отырып, қайта бағалау жолымен айқындалады. Нарықтық экономикаға көшу кезінде негізгі қорлардың құнына инфляция (құнсыздану) әсерін ескере отырып, қайта бағалауды жиірек жүргізу керек.
Негізгі қорлар пайдалану барысында бірте-бірте тозады, осы факторды есептеу үшін, қалдықтық құны қолданылады. Ол негізгі қорлардың баланстық құны мен толық қалпына келтіруге арналған өтелім нормаларын басшылыққа ала отырып, есептелетін тозу сомасының арасындағы айырмамен анықталады.
2.4. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
Әр кәсіпорын өзінің шаруашылық – өндірістік қызметінде экономикалық ресурстарды немесе өндіріс факторларын пайдалануы қажет. Өндіріс факторларына - өнім өндіру барысында пайдаланатын еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал жатады. Материалдық-заттық түрінде капитал - негізгі және айналмалы капитал болып бөлінеді. Негізгі капиталға – ұзақ мерзімде пайдаланатын мына активтер жатады: үйлер, ғимараттар, әр түрлі машиналар мен жабдықтар, т.б. Ал айналмалы капитал – әр өндірістік цикліне (өндіріс кезеңіне) керекті материалдар мен энергиялық шығындарды сатып алуға, сондай-ақ жұмыс істейтіндерге жалақы төлеуге арналған қаражат.
Көп жағдайда негізгі капитал, кәсіпорынның негізгі қорларымен теңдестіріледі. Негізгі капитал құрамына негізгі қорлардан басқа, аяқталмаған күрделі құрылыс пен ұзақ мерзімді инвестициялар кіреді.
Негізгі қорлар, бағасы 50 АЕК-тен жоғары, ұзақ уақыт бойы бір жылдан астам үздіксіз қызмет ететін материалдық активтер. Өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи – заттай нысанын сақтайды да, құнының бөлегін жаңадан өндірілген өнімге көшіреді. Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорларды – өндірістік негізгі қорлар, ал бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорларды – өндірістік емес негізгі қорлар деп аталады.
Өнім өндіру процесінде негізгі өндірістік қорлар – тозудың екі түріне тап болады: табиғи және сапалық (моральдық).
Табиғи тозу дегеніміз – еңбек құралдарының өз тұтыну құнын жоғалтуы. Негізгі қорлардың тозуына себеп, оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Негізгі қорлардың табиғи тозуы –материалдар сапасымен, технологиялық тәртіпті сақтаумен, оларды уақытында жөндеумен, қызмет көрсететін қызметкерлер біліктілігімен, сондай-ақ сыртқы факторлар (ылғалдық, температура, тот басу) әсерімен байланысты.
Негізгі қорлардың тозу сомасының олардың баланстық құнына қатынасымен айқындалатын салыстырма көрсеткішті - табиғи тозу коэффициенті дейді:
К т = НҚ т / НҚбал , (2.1)
мұндағы К т - негізгі қорлардың табиғи тозу коэффициенті;
НҚ т – негізгі қорлардың тозу сомасы, теңге;
НҚ бал – негізгі қорлардың баланстық құны, теңге.
Негізгі қорлардың әр түрлі топтарының табиғи тозу деңгейі (Кн) мына формуламен анықталады:
К н = (НҚ б –НҚ қ)/ НҚ б, (2.2)
мұндағы НҚ б – негізгі қорлардың бастапқы құны, теңге;
НҚ қ - негізгі қорлардың қалдықтық құны, теңге.
Негізгі қорлардың белгілі бір кезеңдегі физикалық күйі мен олардың тозған бөлігінің жалпы құндылығының үлес салмағын сипаттайтын көрсеткішті – негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті деп атайды. Ол негізгі қорлардың топтары қалдық құнының олардың бастапқы құнына қатынасымен айқындалады:
К ж = НҚ қ / НҚ б. (2.3)
Егер еңбек құралдарының табиғи тозуы – оларды пайдалану нәтижесінде, сақтау жағдайында және атмосфера әсерінде техникалық қасиеттері мен сипаттамаларын жоғалтқан болса, негізгі қорлардың сапалық тозуы – кәсіпорындағы негізгі қорлар бағасының олардың жаңа, арзандау және өнімділігі жоғары түрлерінің шығарылуы нәтижесінде төмендеуімен байланысты. Сапалық тозу – ғылыми-техникалық прогресс, жаңа жабдықтар мен технологияның пайда болуымен, өндірісті ұйымдастыру және басқарудың өзгеруімен тығыз байланысты.
Сапалық тозуға ұшыраған негізгі құралдар – нормативтік қызмет мерзімінен өтпесе де, техникалық неғұрлым жетілдірілген және өнімділігі жоғары негізгі қорлармен ауыстырылады.
Сөйтіп, жабдықтың техникалық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануын – сапалық тозу дейміз. Сапалық тозудың екі түрі болады. Бірінші нысандағы сапалық тозу – негізгі қорлардың сондай машиналар мен жабдықты аз шығынмен шығару нәтижесінде арзандап, құнсыздануымен байланысты. Екінші түрдегі сапалық тозу – ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жетілген және өнімді машиналардың пайда болуымен байланысты.
Сапалық тозу шамасы негізгі қорлардың қалпына келтіру құнын (Сқ) есептеу арқылы мына формула бойынша анықталады:
Сқ = Сж · Qб / Qж, (2.4)
мұндағы Сқ - бұрынғы жабдықты қалпына келтіру құны, теңге;
Сж – жаңа жетілдірілген жабдықтың құны, теңге;
Qб - бұрынғы жабдықтың өнімділігі;
Qж – жаңа жабдықтың өнімділігі.
Сапалық тозу коэфффициенті (Кс) төменгі формуламен айқындалуы мүмкін:
Кс = (Сб – Сқ)/ Сб (2.5)
мұндағы Сб – бұрынғы жабдықтың бастапқы құны, теңге;
Сқ - бұрынғы жабдықты қалпына келтіру құны, теңге.
Сапалық және табиғи тозу негізгі қорлардың актив бөлігінің үлесі жоғары болғанда өте белгілі болады.
Табиғи және сапалық тозу коэффициенттердің шамаларын білетін болсақ, олардың жалпы тозу коэфициентін табуға болады:
Ко = 1-(1-Кт) (1-Кс). (2.6)
Ескірген, құнсызданған негізгі қорлардың жаңартуымен байланысты негізгі көзі – кәсіпорындардың меншікті қаражаттары болуы қажет. Негізгі қорлардың барлық пайдалану мерзімі ішінде олар амортизация аударымдары түрінде қорланады да, амортизациялық қорды құрады.
Амортизация (өтелім) – негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу процесі. Амортизация негізгі қорлардың тозуы себепті, оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозуының орны толтырылады. Ол үшін тозудың ақшалай құны, өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Негізгі қорлардың тозуын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін, осы қорлардың құнының бір бөлігін аударып отыруын – амортизация аударымы немесе өтелім жарнасы дейді. Өтелім жарнасы – өзіндік құнның “Амортизация” элементін құрайды. Сөйтіп, амортизация аударымдары – өнім өндіру мен өткізу шығындары құрамына кіреді.
Амортизация қоры (өтелім қоры) деп – ай сайынғы өтелім жарнасын аудару жолымен құрайтын ақшалай қаражаттың мақсатты қорланымын айтады. Оның сомасы – амортизацияланатын негізгі қорлардың орташа жылдық құны мен амортизация нормасының шамасынан құралатын туынды сома.
Амортизация нормасы – өтелім жарнасының белгілі бір кезеңде белгіленген мөлшерінің негізгі өндірістік қорлардың баланстық (бастапқы) құнына қатынасы, ол процент (пайыз) есебімен көрсетіледі. Еңбек құралдарын пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімді, әрі нысаналы кезеңін басшылыққа ала отырып, еңбек құралдарының табиғи тозуы мен сапалық тозуының қарқынын ескеріп есептейді. Негізгі қорлар құнының өндірілетін өнімге көшірілетін үлесі, амортизация нормасы арқылы анықталады.
Амортизация нормасы, жылдық амортизация сомасының негізгі қорларының бастапты құнына қатынасымен анықталып, мына формуламен есептеледі:
Н а = (НҚ б +ЖШ - В ) *100 / НҚ б *Т, (2.7)
мұндағы Н а – амортизация нормасы, %;
НҚ б – негізгі қорлардың бастапқы немесе баланстық құны, теңге;
ЖШ - негізгі қорларды жою шығыны, демонтаж, бөлшектеу, теңге;
В – негізгі қорларды жоюдан алынған түсім, теңге;
Т – негізгі қорлар қызметінің нормативтік мерзімі (өтелім кезеңі), жылдар.
Өтелім кезеңі дегеніміз – негізгі қорларды пайдаланудың экономикалық жағынан тиімді кезеңі. Ол сапалық тозуды, пайдалану шарттары мен басқа да факторларды ескергенде, негізгі қорлардың алуан түрлері мен топтары бойынша анықталады. ол амортизация нормасына немесе қайта жаңарту коэффициентіне кері шама болып табылады.
Негізгі қорлар (құралдар) өзінің құнын дайын өнімге көшіру кезеңін – нормативтік қызмет көрсету мерзімі деп атайды. Ол негізгі қорларды толық қалпына келтіруге арналған амортизация нормасы мен жөндеуге жұмсалатын нормативтерді анықтауға арналады.
Егер есептік кезең ретінде ай болса, онда амортизация нормасы мына формуламен есептеледі:
,
(2.8)
мұндағы n – амортизацияның айлық нормасы,%;
На – жылдық амортизация нормасы, %;
t – жылдағы (салық жылдағы) есептік кезеңдер саны.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жылдық амортизация аударымдары, негізгі қорлардың құнын (НҚ) амортизация нормасына көбейтумен табылады:
А ж = НҚ * Н а / 100, (2.9)
мұндағы А ж – жылдық амортизациялық аударымдары, теңге;
НҚ – негізгі қорлардың баланстық (бастапқы немесе қалпына келтіру) құны, теңге;
Н а – топтар, ішкі топтар бойынша негізгі қорлардың (құралдардың) амортизация нормасы, %.
Негізгі қорлардың пайдалану мерзімі белгілі болса, онда жылдық амортизация мөлшері мына формуламен есептелінеді:
А ж = (НҚ б +ЖШ – В )/ Т. (2.10)
2.5. Тіркелген активтер бойынша
амортизациялық аударымдарды есептеу
Активтер деп – өндірістік және бейөндіріс мақсаттағы пайдаланып жүрген жер, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар заңды және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрін айтады. Қысқаша айтқанда, активтер – кәсіпорындардың ақшалай құны бар меншігі. Бұл оның меншікті құрал-жабдықтары, бағалы қағаздары, тауар-материалдық құндылықтары, негізгі құралдары, меншікті патенттері, «ноу-хау», жер мен табиғат ресурстарын пайдалану құқықтары.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Заңында тіркелген активтерге мынадай анықтама берілген: «Тіркелген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер». Материалдық емес активтерге – жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланатын материалдық емес активтер (қаржы активтері, патенттер, сауда маркалары, авторлық құқықтар, «ноу-хау», франшиздер, т.б.) жатады.
«Қазақстан Республикасының салық Кодексіне» сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндіру, салу, монтаждау және орнату жөніндегі шығындар, сондай-ақ салық төлеушінің шегерімге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа шығындар да енгізіледі.
Сонымен негізгі қорлардың бастапқы құны (НҚ б) тең:
НҚ б = НҚс+Т+М+Ж+Д+Б; (2.11)
мұндағы НҚс – негізгі қорларды сатып алу, өндіру, салу шығындары,
теңге;
Т – негізгі құралдарды пайдалану орнына жеткізуге арналған
шығындар, теңге;
М– монтаж бен жөнге келтіру шығындары, теңге;
Ж–негізгі қорларды жөндеу мен жаңғырту шығындары;
Д – демонтаждау мен орнату шығындары;
Б – басқа негізгі құралдардың құнын арттыратын шығындар.
Қатысушылар, құрылтайшылар негізгі құралдарды жарғылық қорға өздерінің салымы ретінде енгізілген кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн – осы құралдардың құны болып табылады.
Реттелген активтер құны – амортизациялық аударымдарды есептен шығару арқылы өнім өндіру мен өткізу шығындарына жатқызылады (шегерімге жатады).
Жаңа салық Кодексіне сәйкес тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу, ішкі топтар бойынша жүргізіледі. Табиғи тозуға жатпайтын негізгі құралдар, амортизациялауға жатпайды: жер, өнім беретін мал, мұражай құндылықтары, сәулет пен өнер құндылықтары, аяқталмаған күрделі құрылыс, фильм қорына жататын объектілер, инвестиция жоба шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.
Әрбір ішкі топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында топтың құн балансына амортизациялық нормаларын Кодексте берілген шекті нормадан асырмай қолдану жолымен есептелінеді. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке-жеке белгіленеді.
Әрбір амортизациялық ішкі топ бойынша, салық кезеңінің басында ішкі топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар анықталады. Салық кезеңінің соңындағы ішкі топтың құн балансы былай есептелінеді: өткен салық кезеңінде есептелген амортизациялық сомаға азайтылған салық кезеңінің басындағы ішкі топтың құн балансына салық кезінде келіп түскен тіркелген активтерді қосады да, сол кездегі шығып қалған активтерді алып тастайды.
Егер ішкі топтың құн балансының сомасы салық кезінің соңында 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, онда сол соманы өнім өндіру мен өткізу шығындарына жатқызуға болады.
Әрбір топ бойынша негізгі қорларды жөндеуге жұмсалған шығыстар сомасы, топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансының 15-25 % шегінде шегеріледі. Көрсетілген шектен асып кеткен сома, топтық құн балансын ұлғайтады.
Амортизацияға жататын тіркелген активтер, амортизацияның мынадай шекті нормаларымен топтарға және ішкі топтарға бөлінеді (2.1-кесте).
2.1-кесте
Топтар мен ішкі топтар бойынша амортизацияның
шекті нормалары
Топ № |
Ішкі тор № |
Тіркелген активтердің атауы |
Амортизацияның шекті нормасы (%) |
І ІІ |
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11 12 13
14 15 16 |
Үйлер, құрылыстар Ғимараттар Мұнай және газ скважиналары Мұнай-газ қоймалары Кеме жүретін каналдар, су каналдары Көпірлер Бөгендер, плотиналар Өзен және теңіз аймақтық құрылыстары Кәсіпорын теміржолдары Жағалауды бекітетін, қорғайтын құрылыстар Резервуарлар, цистерналар, бактар, т.б. сауыттар Шаруашылық ішіндегі және шаруашылық-аралық суару желісі Жабық тоспа-кәріз желісі Әуе кемелерінің ұшу-қону белдеулері Парктер мен хайуанаттар парктерінің ғимараттары Спорт-сауықтыру ғимараттары Жылы жайлар мен көктемелер Өзге құрылыстар |
8
20 10 10 7 7 7 8 7 8
7
7 8 8
10 10 7 |
2.1-кестенің жалғасы
Топ № |
Ішкі тор № |
Тіркелген активтердің атауы |
Амортизацияның шекті нормасы (%) |
ІІІ |
|
Беріліс құрылғылары |
|
|
1 |
Электр берілісі және байланыс құрылғылары мен желілері |
10 |
|
2 |
Ішкі газ құбырлары мен желілері |
8 |
|
3 |
Су құбырлары, канализация мен жылу желілері |
7 |
|
4 |
Өзгелер |
7 |
ІV |
|
Қуат машиналары мен жабдықтары |
|
|
1 |
Жылу-техникалық құрал-жабдықтар |
15 |
|
2 |
Турбиналық құрал-жабдықтар мен газ турбиналық қондырғылар |
15
|
|
3 |
Электр двигательдері мен дизель-генера-торлар |
10 |
|
4 |
Кешенді қондырғылар |
8 |
|
5 |
Өзге де қуат машиналары мен құрал-жабдықтары (икемді көліктен басқа) |
7 |
V |
|
Қызмет түрлері бойынша жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтары (икемді көліктен басқа) |
|
|
1 |
Қара, түсті металлургия машиналары мен құрал-жабдықтары |
20 |
|
2 |
Химия өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары |
20 |
|
3 |
Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары |
20 |
|
4 |
Мұнай-газ өндіру машиналары мен құрал-жабдықтары |
15 |
|
5 |
Кен өндіру өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары, 40 т және одан да ауыр жүк көтеретін карьер автосамосвал-дарын қоса алғанда |
25 |
|
6 |
Электрондық өнеркәсіп құрал-жабдықтары |
25 |
|
7 |
Құрылыс материалдары өндірісінің машиналары мен құрал-жабдықтары |
20 |
|
8 |
Ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары |
20 |
|
9 |
Полиграфия өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары |
15 |
|
10 |
Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен құрал-жабдықтары |
20 |
|
11 |
Тамақ, балық, ет және сүт өнеркәсібі құрал-жабдықтары |
20 |
2.1-кестенің жалғасы
Топ № |
Ішкі тор № |
Тіркелген активтердің атауы |
Амортизацияның шекті нормасы (%) |
|
12 |
Сауда және қоғамдық тамақтандыру машиналары мен құрал-жабдықтары |
15 |
|
13 |
Көлік, машиналар мен механизмдер өндірісіне арналған құрал-жабдықтар |
20 |
|
14 |
Ауылшаруашылық тракторлары, машиналары мен құрал-жабдықтары |
20
|
|
15
|
Құю өндірісіне арналған машиналар мен құрал-жабдықтар, қажақ және алмас өндірісінің құрал-жабдықтары |
20
|
|
16 |
Коммутациялардың және деректер берудің цифрлы электрондық құрал-жабдықтары |
25 |
|
17 |
Спутниктік, ұялы байланыс, радиотелефон, пейджинг және транкинг байланысы құрал-жабдықтары |
15 |
|
18 |
Хабар беру жүйесі коммутацияларының ұқсас құрал-жабдықтары |
10 |
|
19 |
Киностудияның мамандырылған құрал-жабдықтары |
15 |
|
20 |
Өзге салалардың машиналары мен құрал-жабдықтары |
10 |
VІ |
|
Басқа машиналар мен құрал-жабдық-тары (икемді қөліктен басқа) |
|
|
1 |
Өнеркәсіптік тракторлар |
20 |
|
2 |
Металл кесетін құрал-жабдықтар |
15 |
|
3 |
Компрессорлық машиналар мен құрал-жабдықтар |
15 |
|
4 |
Ұста-пресс құрал-жабдықтары |
15 |
|
5 |
Насостар |
20 |
|
6 |
Жүк көтеру көлік, жүк тиеу-түсіру машиналары мен құрал-жабдықтары, жер, карьер және жол құрылысы жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар |
15
|
|
7 |
Тірек қазу жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар, ұнтақтау-үгу, сорттау, байыту құрал-жабдықтары |
20
|
|
8 |
Суасты техникалық жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар |
20 |
|
9 |
Электрмен дәнекерлеуге және кесуге арналған құрал-жабдықтар |
10 |
|
10 |
Технологиялық процестерге арналған сауыт-тардың барлық түрі |
8 |
|
11 |
Тиын ақша жасауға арналған құрал-жабдықтар |
2 |
|
12 |
Өзге де машиналар мен құрал-жабдықтар |
10 |
2.1-кестенің жалғасы
Топ № |
Ішкі тор № |
Тіркелген активтердің атауы |
Амортизацияның шекті нормасы (%) |
VІІ |
|
Икемді көлік |
|
|
1 |
Жылжымалы теміржол составы |
15 |
|
2 |
Теңіз, өзен кемелері, балық өнеркәсібі кемелері |
10 |
|
3 |
Автомобиль көлігінің жылжымалы составы, өндірістік көлік (жеңіл автомобильдер мен таксиден басқа) |
15 |
|
4 |
Жеңіл автомобильдер мен такси |
10 |
|
5 |
Магистральды құбыр желілері |
15 |
|
6 |
Коммуналдық көлік |
10 |
|
7 |
Әуе көлігі |
15 |
|
8 |
Өзге көлік құралдары |
7 |
VІІІ |
|
Компьютерлік, перифериялық құрылғылар мен деректер өңдейтін құрал-жабдықтар |
|
|
1 |
Компьютерлер |
30 |
|
2 |
Перифериялық құрылғылар мен деректер өңдейтін құрал-жабдықтар |
25 |
ІX |
|
Басқа топтарға енгізілмеген активтер |
|
|
1 |
Көпжылдық екпелер |
10 |
|
2 |
Материалдық емес активтер |
15 |
|
3 |
Офис жиһазы |
10 |
|
4 |
Құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық саймандары мен заттары |
10 |
|
5 |
Көшіру-көбейту техникасы |
20 |
|
6 |
Өлшеу және реттеу аспаптары мен құрылғылары, лаборатория құрал-жабдықтары |
15 |
2.6. Тау-кен қазбалары амортизацияларының
