Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekon_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
84.25 Кб
Скачать
  1. Қазақстанның сыртқы саудасы.

Сыртқы сауда-тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады.Қазақстан сыртқы сауда динамикасының күрт өзгеруіне мұнай өнімдері, қара және түсті металлургия өнімдеріне бағаның төмендеуі әсер етті.Сауда балансы пассивті болғанда мемлекет айырманы алтынмен жабуы керек немесе несие алуға өтініш жасайды.Сондықтан да әрбір мемлекет сыртқы тауарды көп шығарып, аз тасуға беиімделеді.Бұл тауар балансының активті болуын көрсетеді.Мемлекет имортты түсіру үшін қорғау іс- әрекетіне көшіп, тасылатын тауарларға жоғарғы қорғау салынғын қолданады немесе арзан ақша саясатын іске қосады.Сауда кедергілерінің ауқымы көп және бұған мыналар енеді:сырттан әкелінетін тауарларға жоғағы салымдар,ұлттық валютаның девальвациялануы, сыртқа шығаратын тауарларға квота, экспортқа еркін шектеулер. Мұның барлығын протекционистік шаралар дейміз

  1. Қр Президентінің 27.01.2012 жылғы «қр тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық даму нәтижелері туралы халыққа жолдауынан.

  2. Қр президентінің Жұмыс бастылықтың жаңа стратегиясы туралы 28.01.2011. Ж. Жолдауы.

  3. ҚР-да кәсіпкерліктің дамуы. «Бизнестің жол картасы-2020».

  4. ҚР-дағы адам капиталының сапалы өсімі. Әлеуметтік модернизациялау туралы (ҚР Президентінің 27.01.2012ж. жолдауынан)

  5. ҚР-дағы шетел инвестициялары.

«Инвестиция» немістің «investion» деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан «инвестициялау» күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді.Батыс елдері экон.теор. мектептері инвестициялау процесін былай түсінген кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған ақша, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп орындарының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, мемелекеттің табыстарынан оның барлық шығындарын алып тастау. Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс «Жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде қарастырған,онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады.

  1. Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары: тұрақты, айнымалы, орташа.

Тұрақты шығындар FC(Fixed cost)- өндіріс көлеміне байланыссыз шығындар.Оларға құрылыс және ғимараттарға амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер, әкімшілік басқару шығындары т.б. жатады. Бұндай шығындар тіпті кәсіпорын жұмысын тоқтатқанда да төленуі тиіс. Айнымалы шығындар VC(variable cost)- өндіріліп жатқан өнім көлемі санына тәуелді шығындар. Олар шикізатққа, материалдарға, еңбекақыға және т.б. кететін шығындардан тұрады. Өндіріс көлемі өскен сайын олар өседі.Шығындарды шартты түрде тұрақты және айнымалы бөлу талдау жасалып отырған кееңге де байланысты болады.Ұзақ мерзімде барлық шығындар айнымалы болады,себебі ұзақ мерзімде барлық құрал-жабдықтар ауыстырылады.Айнымалы және тұрақты шығындардың қосындысы жалпы шығындарды құрайды TC(total cost).Орташа шығындар фирманың кірістерін анықтау үшін маңызды: егер баға орташа шығындарға тең болса, фирма пайда алмайды. Егер орташа шығындардан кем болса, онда фирма зиян шегеді және банкрот болады.Егер баға орташа шығындардан жоғары болса, фирма баға мен шығындар арасындағы айырма мөлшерінде пайда табады.Орташа жалпы шығындар жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлгенге тең болады: ATC=TC/Q. Орташа тұрақты шығындар, жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне болгенге тең:AFC=TFC/Q. Орташа айнымалы шығындар жалпы айнымалы шығындардың өндірілген өнім санына болгенге тең: AVC=TVC/Q.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]