Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekon_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
84.25 Кб
Скачать
  1. Бәсеке, оның мәні және түрлері.

Рыноктық қатынастардың мән- мағынасын байқататын ұғымдардың бірі- бәсеке(латын сөзі конкурро- түйістіру) болып табылады. Бәсеке нарық субъектісінің тепе- теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Рынок субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір- біріне кері ұғымдар.Бәсеке түрлері: 1\ Ішкі салалық- бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес. 2\ Салааралық- түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес. Бәсекелік күрестің әдістемелері: 1\ Баға бәсекесі- өндіріс шығындарын азайтып, ассортименті мен сапасын өзгертпей тауар бағасын төмендету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес. 2\ Күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану- қаржылық қулық-сұмдықтар, құнды қағаздармен алып-сатарлық жасау, өнеркәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекелестің көзін жою. 3\ Бағадан тыс бәсеке- тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшіліктердің берілуі, субститут-тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет, жарнама.

  1. Бдсұ Қазақстанның бдсұ – на енуінің мүмкін салдары.

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ құрамына кірді. Бұл тарихи жағдай Қазақстанның дүние жүзіне егеменді мемлекет ретінде танылуына нақты себеп болды. Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасын БҰҰ құрамына қабылдауға ұсынған Бас Ассамблеяның қарарын дауыс берусіз-ақ мақұлдады. Қазақстанмен бірге БҰҰ-на Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменістан және Ӛзбекстан мүше болды. Қазақстандық делегация БҰҰ-ны қайта құру жӛнінде, дау-жанжалдардан кейінгі кезең проблемалары жӛнінде, бітімгершілік күштерінің қорын құру туралы бағдарламалық ұсыныстар жасады. БҰҰ Қазақстандағы қызметіне 1993 ж. кірісті. Ӛз агенттіктерінің офистерін құрды.Мысалы, атап айтқанда, БҰҰ-ның даму бағдарламасы — БҰҰ ДБ; Бүкіләлемдік денсаулық сақгау Ұйымы — БДСҰ жатады. Еліміздің БДСҰ-на кіруіне байланысты, экономикалық секторларға қойылатын талаптар күшеюде.Қазіргі таңда экономикасы дамыған мемлекеттерде, кәсіпорындағы экономикалық тиімділік пен Қазіргі таңда сапа менеджментінің жүйесін (СМЖ) ендірген және сердификатталған Кәсіпорынды басқаруға қойылатын талаптар жылдан-жылға өз маңыздылығын арттыра береді.

  1. Бухгалтерлік, қалыпты және экономикалық пайда. Экономикалық пайданың қалыптасу шарттары.

Пайда жеке кәсіпорынның,саланың тұтас ұлттық шаруашылықтың қызметінің экономикалық нәтижелерін бейнелейтін экономикалық категория. Бухгалтерлік пайда дегеніміз өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен жалпы түсім мен аталмыш сыртқы шығындар, яғни жабдықтаушылар ресурстарына төлемдерінің арасындағы айырым. Экономикалық пайда жалпы түсімнен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі, соңғысына кәсіпкердің қалыпты пайдасы да жатады) алып тастағанға тең. Қалыпты пайда бұл кәсіпкерлік қызметті орындағаны үшін сыйақы; ішкі рентамен және ішкі жалақымен қатар ішкі шығындардың элементі болып табылады. Қалыпты пайда кәсіпкерлік ресурстарды қызметтің белгілі бір саласында ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]