Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бб201 микробиология шпор2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

15. Цитоплазмалық қосындылар, магнитосома, мезосома, протопласт, аэросома, карбоксисома, олардың атқаратын қызметі.

Цитоплазмалық қосындыларға клеткадағы қосымша құрылымдар жатады. Олардың клеткада болу-болмауы мүмкін. Магнетосома – олар магниттік өрістің бойымен жүзе алатын бактерия клеткаларынан табылған. Магнетосомалар – сырты мембранамен қапталған магнеттит. Мысалы, Aquaspirillum magnetotacticum-ның пішінікуб тәрізді шеттері 40-50нм. Олар клетка осінің бойымен тізбектеліп орналасады. Белок биосинтезі клеткаларда полиасомаларда жүзеге асады. Клеткаларда мезосома деп аталатын құрылымдар болады. Олардың формалы көлемі клеткада жинақталуы алуан түрлі, кейбір мезосомалар түйіршікті, түтікшелі және пластинкалы болып келеді. Кейбір клеткаларда осы мезасома түрлерінің барлығы кездеседі. Грам оңдардар күрделі формалы, ал грам терісте қарапайым түрлері кездеседі. Мезосома клеткасының бөлініу кезінде көлденең қалқанның түзілуіне қатысады. Мезасомалар нуклеидпен байланыса отырып, ДНҚ репликациясында белгілі рол атқарады. Протопласт — қабықтан басқа клетка кұрамына енетін заттар жинағы. Көптеген суда тіршілік ететін минералды газды вакуольға жатаын аэросомалар болады. Бұлар газды түйіршікті болып келеді, белоктық мембранамен қапталады. Гидрофобты аминқышқылдары көпіршіктің бетінде орналасады. Ал гидрофильді амин қышқылдары сыртында орналасады да, көпіршіктің ішіне судың кіріп кетуіне кедергі жасайды. Аэросомалардың басты қызметі талшықты формаларда қозғалысқа келтіріу болып табылады. Карбоксисомалар – бұл қосындылар барлық цианды және кейбір фототрофтар мен хемолитотрофты бактерия клеткаларында кездеседі. Олар диаметрі 500нм, көлемі ромб тәрізді немесе 6 қырлы болып келетін, нуклеосоманың аймағында орналасқан денешіктер. Олар фото- және хемосинтездің негізіг ферменті болып саналатын Д-рибулозо-1,5-дифосфаткарбоксилазадан тұрады. Карбоксисомалардың белокты мембранасының қалыңдығы 3-4нм.

16.Микроорганизмдерге қоректік заттардың тасымалдану жолдары

Микроорганизм клеткаларында заттардың өткізгіштігіне екі тосқауыл бар: клетка қабықшасы және Цитоплазмалық мембрана(ЦПМ)

ЦПМ арқылы заттардың тасымалдануының 3 түрі бар: 1-пассивті диффузия 2- жеңілдетілген диффузия 3-белсенді тасымалдану немесе топтардың радикалдарының алмасуы

Пассивті диффузия- кезінде заттардың тасымалдануы ЦПМ арқылы концентрациялардың әртүрлілігі немесе мембраналардың екі жағындағы электрлік әртүрлілік әсері арқылы жүреді.

Жеңілдетілген диффузия- кезінде қозғағыш күш мембраналардың екі жағындағы заттардың концентрациясының айырмасы нәтижесінде жүзеге асады.

Белсенді тасымалдану- кезінде заттар тасымалданушы белоктар көмегімен тасымалданады.

Пассивті диффузия кезінде клеткаға су, оттегі, кейбір иондар өтеді. Жеңілдетілген диффузия кезінде клетканың сыртындағы концентрациясы жоғары болса онда заттар химиялық градиент бойынша өтеді.

Еріген заттардың клеткаға мембрана арқылы тасымалдануы арнайы тасымалдаушы механизм арқылы жүреді.Мұндай тасымалдаушы еріген заттың молекулаларын сырттан ішке тасиды, одан босайды да молекуласы еш өзгеріссіз цитоплазмаға береді.

Бұлар ЦПМ-мен байланысқан арнайы субстратты байланысқан белоктар. Олар пермеазалар немесе транслоказалар деп аталады.

Белсенді тасымалдану кезінде тасымалдаушы белок субстратты протонмен бірге өткізеді, оны симпорт деп атайды. Симпорт кезінде комплекс құрылады.Субстрат- протон- симпорт (белок)

Субстрат клеткаға протонсыз да өте алады, оны унипорт деп атайды.

Антипорт- екі түрлі субстраттың иондарының қарама- қарсы бағытта тасымалдануы.