Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бб201 микробиология шпор2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

13. Бактериялардың клетка ішілік құрылымы. Цитоплазма. Цитоплазмалық мембрана (цпм) құрамы.Цитоплазмалық мембрананың негізгі атқаратын қызметі.

Бактерия ядросының қабығы болмайды, сондықтан оны нуклеоид деп атайды. Нуклеоид аймағын нуклеоплазма дейді, ол клетканың ортаңғы бөлігінде орналасады. Бактерия нуклеоиды немесе геномы бір хромосомадан тұрады. Бактерияның өсу кезеңінде клеткада 2,4,8 немесе одан да көп нуклеоидтар пайда болады. Бұл ядро бөлінгеннен кейін, олардың клетка ажырауы бірден болмайтындығына байланысты. Нуклеоид ДНҚ, РНҚ, полиаминдер, кейбір бактерияларда гистон тәріздес белоктардан тұрады. Нуклеоидтағы ДНҚ ковалентті тұйықталған сақина тәрізді. ДНҚ-ның сызықтық ұзындығы 1 мм-ге дейін болуы мүмкін, ол клетканың ұзындығынан мың есе үлкен.Сондай-ақ ДНҚ аса реттелген тығыз құрылымнан тұратындықтан, клетканың ішіне сыяды. Бұл құрылым 20-100 суперспиральді ілмектерден тұрады. Клетка ішіндегісінің бәрін протоплазма дейді. Протоплазманы екі фракцияға бөлуге болады: біріншісі – гомогенді фракция, оны цитозоль деп атайды. Оның құрамына ерігіш РНҚ,тферменттер және метоболизм өнімдері кіреді. Екінші фракция құрылымдық элементтерден тұрады. Оларға рибосомалар, генетикалық аппараттар, әр түрлі қосындылар және тек қана кейбір бактерияларда болатын мембрана жуйелері жатады. Цитоплазмалық мембрана клетканың протоплазмасын толығымен жауып, клетка қабығы мен протоплазманың арасында орналасады. Цитоплазмалық мембрананың құрамы, негізінен, фосфолипидтер мен белоктардан тұрады. Фосфолипид молекуласы екі бөліктен тұрады: дөңгелек гидрофилді бөлік және оның жалғасы болып келетін гидрофобты екі майлы қышқылдың тізбектерінен тұратын бөлік. Бірқатар прокариоттарда мембрана жүйелері де кездеседі. Олар ЦПМ-ның протоплазма ішіне тарап, енуі арқылы пайда болады. Осындай клетка ішіндегі мембраналар түтікше, көбікше, тығыздалған көбікше, қос қатпарлы мембраналар деп аталады. Цитоплазмалық мембрананың атқаратын қызметі: ол клетканы қорғайды және сұрыптаушы барьер болып саналады. Яғни органикалық және бейорганикалық молекулалардың клеткаға кіріп-шығуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге көптеген прокариоттарда ццитоплазмалық мембрана энергия алмасу процесіне қатысады – мембранада электрохимиялық энергия түзіледі.

14. Бактериялардың клеткалық жіктелу түрлері. Миксоспора, экзоспора және эндоспора түзілу процесіне сипаттама беріңіз.

Миксоспораларды миксобактериялар түзеді. Миксобактериялардың вегетативті клеткалары таяқша пішінді, қатты ортаның бетінде жорғалап қозғалады. Қозғалудың екі түрі белгілі: жеке клеткалардың қозғалуы және клетка шоғырының қозғалуы. Миксобактериялардың миксоспора түзу процесі даму айналымынң бір кезеңі болып саналады. Микроспоралардың сыртында шырышты қабық пайда болады, ондайқұрылысты жеміс дене деп аталы. Миксоспоралар орталықтан және бірнеше қабықтан тұрады. Орталықта хромосома, не болмаса оның 3-4 көшірмесі және белок орналасады, олар ЦПМ-мен, клетка қабықшасымен және капсуламен оралады. Миксоспоралар жоғары температураға, құрғаққа төзімді.

Экзоспоралар – клетка сыртында пайда болатын споралар. Оларды метанолтотықтырушы бактериялар және бүршіктену арқылы көбейетін фототүзуші бактериялар түзеді. Олар құрғақтыққа, ультракүлгін сәулеге және қыздыруға тұрақты. Құрамында дипоколин қышқылы жоқ және олар лизоцимге сезімтал болады.

Эндоспоралар – тыныштық клеткалардан ерекше түрі. Олар клетка ішінде орналасқан, пішіні дөңгелек немесе сопақша тәрізді. Эндоспора түзілу процесі өте күрделі, ол баяу 6 сатыдан тұрады:

1) Клеткада ДНҚ репликациясы аяқталады. Жіпше түрінде болып, клетканы орайды.

2) ДНҚ-ның бір бөлігі клетканың бір шетіне жылжиды. ЦПМ клетканың ішіне ойысып, қалқанша құрады, клетканы екіге бөледі.

3) Болашақ спораның аймағы клеткадан бөлінген ДНҚ бөлшегімен бірге қосымша плазмалық мембранамен оралып, түгелдей аналық клеткадан бөлінеді. Бөлінген аймақты проспора деп атайды. Оның ішінде Са2+ иондары, аминқышқылы, яғни дипоколин қышқылы жиналады да бірігіп жүйе құрайды.

4) Проспораның екі мембранасының арасында муреин қабаты түзіледі. Бұл 2 кезеңнен тұрады: 1) примордиалды қабат пайда болады. 2) оның үстінде муреин түзіледі. Сосын кортекс қабаты пайда болады.

5) Спораның сыртқы қабаттары түзіледі. Спорада ДРҚ-мен кальций жиналуы жалғасады, сондықтан спора органикалық еріткіштерге төзімді болады. Бұл сатыда спора осмос қысымына тұрақты, бірақ температураға сезімталдығын сақтайды.

6) Спораның барлық құрамдары құрастырылады. Кейбір бактерияларда қосымша экзоспориум қабықшасы түзіледі. Аналық клетканың қалдықтары ериді, спора босап шығады.