
- •6. Микроорганизмдердің адам өміріндегі маңыздылығы және пайдасы мен зияны.
- •11. Бактериялардың қозғалуы. Бактериялардың талшықтары, кірпікшелері және қылшықтары.
- •12. Талшықтардың түрлері, құрылысы мен құрамы, сақиналардың қызметі. Қозғалғыш бактериялардың таксис түрлері, аттрактант және репеллент ұғымы.
- •13. Бактериялардың клетка ішілік құрылымы. Цитоплазма. Цитоплазмалық мембрана (цпм) құрамы.Цитоплазмалық мембрананың негізгі атқаратын қызметі.
- •14. Бактериялардың клеткалық жіктелу түрлері. Миксоспора, экзоспора және эндоспора түзілу процесіне сипаттама беріңіз.
- •15. Цитоплазмалық қосындылар, магнитосома, мезосома, протопласт, аэросома, карбоксисома, олардың атқаратын қызметі.
- •16.Микроорганизмдерге қоректік заттардың тасымалдану жолдары
- •17. Микроорганизмдердің қоректену типтері
- •18. Микроорганизмдерге сыртқы қоршаған орта факторларының әсері . Микроорганизмдердің температура, оттегі, орта ph –ына байланысты топтарға бөлінуі.
- •19. Микроорганизмдер систематикасы. Бактерия клеткаларын жүйелеу.Штамм, клон, түр, туыс терминдеріне сипаттама беріңіз
- •20. Микроорганизмдерді дақылдау әдістері, қоректік орта түрлері
- •49.Табиғаттағы азот және фосфор айналымының сызба нұсқасын көрсетіңіз және қысқаша түсінік беріңіз. Азот айналымының сызбанұсқасы
- •50. Табиғаттағы көміртегі мен оттегі айналымының сызба нұсқасын көрсетіңіз және қысқыша түсінік беріңіз
- •53. Қатты қоректік ортада өсіп шыққан микроорганизм колонияларын қандай қасиеттеріне байланысты сипаттайды ?
- •54 Микроскоптың негізгі техникалық сипаттамасын атаңыз. Микроскоптың оптикалық бөліміне жататын бөліктер және олардың атқаратын қызметі қандай атап көрсетіңіз.
54 Микроскоптың негізгі техникалық сипаттамасын атаңыз. Микроскоптың оптикалық бөліміне жататын бөліктер және олардың атқаратын қызметі қандай атап көрсетіңіз.
Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Зат тұратын үстелде орналасқан нысан жасанды жарықпен (шам және линза-коллектор), айнаның және конденсордың көмегімен жарықтандырылады. Нысанды үлкейту объектив пен окуляр арқылы жүзеге асырылады. Объектив нысанның төңкерілген шын және үлкейтілген кескінін береді. Окуляр, әдетте, ең жақсы көрінетін қашықтықта (D=250 мм) нысанның екінші ретті үлкейтілген жорамал (жалған) кескінін түзеді. Егер окулярды кескінді оның алдыңғы окуляры фокусының алдына келетіндей етіп ығыстырса, онда окулярдың түзетін кескіні шын және оны экранда немесе фотопленкада алуға болады. Микроскоптың объективі 6,3-тен 100-ге, ал окуляры 7-ден 15-ке дейін үлкейте алады. Сондықтан Микроскоптың жалпы үлкейтуі 44-тен 1500-ге дейінгі аралықта жатады. Иристік далалық және апертуралық диафрагмалар жарық шоғын шектеу және оның шашырауын кеміту қызметін атқарады. Микроскоптың негізгі сипаттамасы оның ажыратқыштық шамасы (қабілеттілігі). Микроскоптың ажыратқыштық шамасы шектеулі болады, ол жарық дифракциясымен түсіндіріледі.
Микроскоптың оптикалық бөлігі окуляр, объектив және жарық бергіш қондырғыдан тұрады. Жарық бергіш қондырғыға айна және заттық әйнектің астына орналасқан диафрагма мен конденсор жатады. Айна екі жақты және қозғалып тұрады,бір жағы дөңес, ал екінші жағы ойыс болады. Күн сәулесі түскен дөңес бетін, ал жасанды жарыққа ойыс бетін қолданады.
Конденсор екі линзалардан тұрады ол арқылы айнадан шағылысып келген сәуле конденсацияланып, препараттың тегіс бетіне бағытталады.
Күн сәулесімен препаратты қарағанда конденсор заттық әйнекке дейін көтеріліпқ қойылады. Ал жасанды жарық болғанда ол препарат жатқан жерде жарық көрінетіндей деңгейге төмендетіледі. Жарық күштілігіконденсордың астында орналасқан иристі диафрагмамен реттеледі. Ол рычаг күшімен адам көзі сияқты ашылып –жабылып тұратындай етіп жасалған. Объектіні көру үшін тубус екі жүйемен қозғалтылады. Алғашқы көру үшін макрометр винті,ал оны жақсылап анықтап көру үшін микровинтті қолданады. Сонғы винт нәзік болады. Сондықтан онымен жұмыс істегенде аса сақ болу керек. Объективтер микроскоптың ең маңызды бөлігі, ол оның оптикалық қуаттылығын көрсетеді. Объектив металл қорапқа орналасқан линзаның екі жүйесінен тұрады. Ең бастысы сыртқы линза. Оның фокустық қашықтығына объективтің үлкейткіштігі байланысты. Объективтің үлкейткіштік шамасы оның сыртқы қорабында жазылған . МБР-1 микроскопының 8,40(құрғақ) және 90 (иммерсиялы) рет үлкейтетін объективтері болады.
Микроорганизмдерді зерттеген үнемі иммерсиялы немесе майға батып тұратын объективтерді қолданады. Бұл үшін объектив пен заттық әйнек арасына самырсын майы тамызылады. Сонда препарат шынысы – самарсын майы – объектив шыынысы болып біртұтас көру жүйесін түзеді. Осының арқасында барлық сәуле сынбай және бағытын бөгде жаққа өзгертпей объективке бірден бағытталадым да ұсақобъектілердің көрінуін анағұрлым жақсартады.
Объективтер тубустың төменгі бөлігі, яғни, револьверге бұралады. Микроскоптың жалпы үлкейткіштігін білу үшін объективтің және окулярдың өздеріне жазылып қойылған жеке үлкейткіштеріне көбейтеді. Окуляр екі көздік (жоғары жағы ) және жинаушы (төтенгі жағы) линзалардан тұрады. Окулярдың негізгі міндеті объектив жіберген кескінді үлкейту.
55. Зертхананың ауа микрофлорасын анықтау барысында Петри табақшасындағы ЕПА қоректік ортасында әртүрлі 82 колония өсіп шықты,оқу залының 1 м3 ауасындағы микроорганизмдердің санын Омелянский формуласымен анықтаймыз:
Х=а×100×1000×5/t×b×10
Х-1 м3 ауадағы микробтар саны
a-Петри табақшасындағы агарда өсіп шыққан колониялардың орташа саны
100-Омелянскийдің есептеуі бойынша Петри табақшасының ауданы
1000-1м3 есептеуге арналған коэффицент (1000л)
5-Омелянский есептеуі бойынша,уақыт
t-тәжірибе уақыты
b-Петри табақшасының ауданы(πr2)
10-ауа көлемі.
a=82,R=4,25
S= πr2=3,14×(8,5÷2)2-квадрат түрінде жазылады=56,7=57
X=82×100×1000×5/10×57×10=41000000/5700=7192,9=7193
Оқу залының 1 м3 ауасындағы микроорганизмдердің саны 7193,таза емес.
56.Топырақ үлгісінен дайындалған 10-5 дәрежелі сұйылтуынан егілген Петри табақшасындағы ЕПА орталарда 38,26,42(3 қайталымдарда) колония өсіп шыққан.Топырақ үлгісінің 1 мл-гі микроорганизмдердің санын төмендегі формуламен есептейміз:
M=a×10n/V n-дәреже түрінде жазылады
М-1 мл-дегі микроорганизм клеткаларының саны;
а-Петри табақшасындағы микроорганизмдер колониясының орташа саны;
10-сұйылту коэффиценті;
n-егу жүргізілген сұйылтудың реттік саны;
V-егуге арналған суспензия көлемі.
Ең алдымен үш қайталымда өсіп шыққан колониялардың орташа санын табамыз ол үшін өсіп шыққан колонияларды қосып үшке бөлеміз: 38+26+42/3=35
M=35×10-5 дәрежесі/0,1=35×0,00005/0,1=0,00175/0,1=0,0175
57.Микроскопиялық препараттар.Бекітілген және жаншылған тамшы препаратын жасау әдісіне сипаттама беріңіз. Бекітілген немесе фиксирленген препараттар микроорганизмнің бір қатар морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуде клеткаларды санауда және дақыл тазалығын тексеруде қолданылады.Тазартып алынған заттың шыныға 1 тамшы су тамызып,микро-лық тұзақпен зерттеу материалын енгіземізде,оны араластырамыз.Жұғындыны жақсылап араластырып,оны бөлме t ауада кептіреміз.Егер жұғынды кеппесе,онда оны от жалының жоғарғы жағында ұстап кептіруге болады.Бекітуді бірнеше мақсатпен жүргізеді.Микроорганизмнің тіршілігін тоқтату,клетканың шыныға жабысуын қамтамасыз ету,жұғындыны бояуға сезімтал ету,себебі тіршілігін жойған клеткалар тірі клеткаға қарағанда жақсы боялады.Әр түрлі бояулармен өңдеу жүргізгенде,клеткалар заттық шынының бетінен шайылып кетпейді.Микроорганизмнің клетканың бояу үшін көбінесе сруксин,метилен көгі,генициан көгілдір бояулары қолданылады.Заттық шының бетіндегі жұғындыға бояуды тамызып,1-3минут ұстайды да,бояу аяқталғаннан кейін препаратты,су сүзделгенше шаяды.Препаратты кептіріп,микроскоппен қарайды.Жаншылған тамшы.Бұл препарат микроорганизм клеткаларының пішінін олардың мөлшерін және олардың орналасуын,спора түзілуін реттеуі үшін қолданылады.1 тамшы су тамызып,оған микробиологиялық тұзақтың көмегімен зерттеу материалын енгізіп,араластырамыз жабынды шынымен жауып,микроскоппен қараймыз.
58.бактерия клеткаларының капсуласы,оның құрамы,оның құрамы ерекшелігі қандай?Оны зерханада қалай бақылайды?Кейбір бактериялардың клетка қабықшасының сыртында қосымша қабат болады.Ол капсула деп атаймыз.Егер капсуланың қалыңдығы 0,2 мкм болса,ол макрокапсула деп аталады 0,2 –ден мкм аз болса ол микрокапсула деп аталады және жұқа шырышты қабат болып бөлінеді.Капсула клетка қабықшасымен байланысады және аморфты құрылым болып келеді капсула химиялық құрамы бойынша екі түрге бөлінеді.1-ші түрі полисахаридтерден тұрады. 2-ші түрі полипептидтерден тұрады.Кей кезде капсула құрамында көп мөлшерде липидтер және гитерополисахаридтер.Капсула 98% судан құралады нәтижесінде капсула қосымша осмостықтосқауыл болады.Капсула клетканың механикалық зақымданудан және кеуіп кетуден сақтайды.Кей жағдайда клетканы токсинді заттарды және радиациядан қорғайды.Капсуланың сүзілуі бактериялардың түріне штамның ерекшеліктеріне қоректік ортаның температурасына және қоректік ортаны құрамына байланысты болады. Капсула клетка үшін аса маңызды құрылым емес,оны клеткадан бөліп тастағанымен клетка өзінің тіршілігін тоқтатпайды.
59.Микроорганизмдердің
температураға байланысты топтарға
бөлінуі. Мезофильді, термофильді және
психрофильді бактерияларды өсіру үшін
оларға қандай темп. оптималды, минималды
және максималды болып саналады?
Температураға
байланысты микроорганизмдер үш үлкен
топқа бөлінеді.Олар психрофильді,
термофильдер, мезофилдер. Психрофильдер
үшін оптималды температура 5-12
бұл топқа өзен, теңіздерде, мұздарда
тіршілік ететін микроорганизмдер
жатады.олардың ферменттері температураға
тиімді болады. Олардың клетка мембранасында
қанықпаған май қышқылдары жоғары
болады.Осының нәтижесінде олардың
мембраналары жартылай сұйық болады.-30
температурады клеткалық өсу
тоқтайды,ферменттік реакциялар
ақырындайды бұл ортада реакциялар жүре
беруі мүмкін.Мезофильді
микроорганизмдер температура оптимальды
болуы 25-37
дейін болуын микроорганизмдер жатады.Бұл
топқа топыраққа, суға, адамдармен
жануарларда тіршілік ететін организмдер
жатады және бұл топқа сапрофиттілерде
фотогенділерде жатады.Термофильдер
үшін температура 40-65
құрайды.Термофильдердің белок синтезінің
механизмдерімен олардың ферменттері
жоғары температураға төзімді болып
келеді.Бұлардың клеткалық мембранасында
қаныққын май қышқылдары көп
болады.Термофильдер ішінде жоғары
температураға төзімді термогенді
формалар кездеседі.Олар жоғары
температураға төзіп қоймай жылу шығара
отырып,сондай жағдайда өздері туғызады.
60.Саңырауқұлақтар
және ашытқылардың морфологиялық
ерекшеліктері. Оларды зертханада қалай
зерттейді?
Актиномициттер
грам
оң микроорганизмдердің үлкен тобы,олардың
клеткалары тармақталуға қабілетті.Көптеген
актиномициттер қоректі ортаға еніп,өсетін
субстратты мицелий түзеді.Ауалы
мицелийдің гифтерінің ұшында споралар
немесе споралар бар спорангийлер
қалыптасады.Актиномицеттер спора
арқылы, клеткалардың бөлінуі немесе
тармақтануы арқылы көбейеді.Спора
түрін, спора формасын зерттеу үшін
актиномицеттердің колониясын таңбалы
препарат дайындайды.Таңбаны ауада
кептіріп, жалында бекітедіде,фуксинмен
бояп,сумен жуады.Микроскоп арқылы
препаратта мицелийдің бөліктері,спора
түзу түрі,споралардың формалары
көрінеді.Саңырауқұлақтар
эукариотты организмдерге жатады.мицелиалды
құрылымға ие.Олар жынысты және жыныссыз
жолмен көбейеді.Саңырауқұлақтарды
зерттеу кезінде “жаншылған тамшы
”препараты қолданылады.Заттық шыныдағы
су тамшысына сірке қышқылын тамызып,
оны араластырады.Сірке қышқылын
саңырауқұлақтардың конидийлері сумен
нашар суланатындықтан қосады.Бактериялогиялық
иненің көмегімен колониялардың агарсыз
аймағын алады да, тамшыға салып,
мецийлелерін ақырын жаяды,жабынды
шынымен жауып, 8x
40x
объективтерімен микроскоппен қарайды.