
- •6. Микроорганизмдердің адам өміріндегі маңыздылығы және пайдасы мен зияны.
- •11. Бактериялардың қозғалуы. Бактериялардың талшықтары, кірпікшелері және қылшықтары.
- •12. Талшықтардың түрлері, құрылысы мен құрамы, сақиналардың қызметі. Қозғалғыш бактериялардың таксис түрлері, аттрактант және репеллент ұғымы.
- •13. Бактериялардың клетка ішілік құрылымы. Цитоплазма. Цитоплазмалық мембрана (цпм) құрамы.Цитоплазмалық мембрананың негізгі атқаратын қызметі.
- •14. Бактериялардың клеткалық жіктелу түрлері. Миксоспора, экзоспора және эндоспора түзілу процесіне сипаттама беріңіз.
- •15. Цитоплазмалық қосындылар, магнитосома, мезосома, протопласт, аэросома, карбоксисома, олардың атқаратын қызметі.
- •16.Микроорганизмдерге қоректік заттардың тасымалдану жолдары
- •17. Микроорганизмдердің қоректену типтері
- •18. Микроорганизмдерге сыртқы қоршаған орта факторларының әсері . Микроорганизмдердің температура, оттегі, орта ph –ына байланысты топтарға бөлінуі.
- •19. Микроорганизмдер систематикасы. Бактерия клеткаларын жүйелеу.Штамм, клон, түр, туыс терминдеріне сипаттама беріңіз
- •20. Микроорганизмдерді дақылдау әдістері, қоректік орта түрлері
- •49.Табиғаттағы азот және фосфор айналымының сызба нұсқасын көрсетіңіз және қысқаша түсінік беріңіз. Азот айналымының сызбанұсқасы
- •50. Табиғаттағы көміртегі мен оттегі айналымының сызба нұсқасын көрсетіңіз және қысқыша түсінік беріңіз
- •53. Қатты қоректік ортада өсіп шыққан микроорганизм колонияларын қандай қасиеттеріне байланысты сипаттайды ?
- •54 Микроскоптың негізгі техникалық сипаттамасын атаңыз. Микроскоптың оптикалық бөліміне жататын бөліктер және олардың атқаратын қызметі қандай атап көрсетіңіз.
1.Микробиология пәні және мақсаты,оның қазіргі таңдағы биология,медицина,өнеркәсіпте алатын орны.Микробиология (грек.микрос-ұсақ,биос-тіршілік,логос-ғылым)биология ғылымының жеке бір саласы болып саналады.Микробиологияның зерттеу обьектілері-ұсақ,жай көзбен көрінбейтін,тек микроскоппен ғана көріп білуге болатын организмдер.Олар өлшемі және құрылысы жағынан әр түрлі организмдер-вирустар,бактериялар,балдырлар,ашытқы және микраскоптық саңырауқұлақтар,қарапайымдылар.Микробиология көп салалы ғылымға жатады.Зерттеу обьектілеріне қарай ол:вирусология,бактериология,альгология,микология деп, ал зерттейтін микроорганизмдердің өмір сүретін жерлнріне қарай: топырақ,су,мұхит-теңіз микробилогиясы деп бөлінеді.Микроорганизмдердің атқаратын қызметтері мен мәні бойынша микробиология.геологиялық,ауыл шаруашылық,өндірістік болып жіктеледі.Микробиология мен вирсологияның зерттейтін негізгі нысандары-прокариотты микроорганизмдер мен олардың вирустары.Пәннің мақсаты-микроорганизмдердің алуантүрлілігін,қасиеттерін,өсіп-өну жолдарын,әлемдегі орнын,табиғатта таралу заңдары мен табиғи бірлестіктерін,сонымен қатар, табиғатта микроорганизмдер қатысуымен өтетін пайдалы және зиянды процестерді зерттеу.Бұл зерттеулер микроорганизмдердің өзара ерекшеліктері мен ұқсастығын,табиғатта таралуын,өмір сүретін ортаға тигізетін әсерін,химиялық белсенділігін,өсіру жолдарын,өзгергіштік пен тұқым құалаушылық заңдарын анықтауға жағдай туғызады.Микробиология химия,физика,цитология,иммунология және басқада табиғаттану ғылымдарымен тығыз байланысты.Бұл ғылымдардың әдістері микробиологиялық жұмыс барысында кеңінен пайдаланады.Іргелі микробиологияның дамуы одан алынған деректер микроорганизмдердің практикалық салаларда пайдалану жолдарының негізін салады.Жұқпалы ауру қоздырғыштарын табу және онымен күресу,алдын алу шаралары медициналық және ветеринарлық микробиологияның дамуына аса жоғары әсер етті. Сонымен қатар,микробиология организмнің ауру қоздырғыш агенттерге қарсылық білдіретін қасиеттерін де зерттейді.Микробиологияның өндірісте,әсіресе биотехнологияда алар орны зор. Болашақта микробтарды адам тағамдарымен мал азығы ретінде тікелей қолдану көзделіп отыр.Оларды химиялық жолмен алуға мүмкі емес антибиотиктерді,көптеген ферменттерді,витаминдерді,гиберрелиндерді,алкалойдтарды,гормондарды және т.б өндірудегі орны күннен күнге артып келеді.Микробиология жетістіктері ауыл шаруашылығы саласында да кеңінен қолданылады:микроорганизмдердің негізінде өсімдіктердің ауруына қарсы препараттар жасалады,азотты тыңайтқыштар мен жем-азығы сүрленеді.Микробиологияның жетістіктері бұл айтылған мәселелермен шектелмейді.Микроорганизммдер мен микробиологиялық әдістер бұзылған экожүйенің қайта қалпына келуінде,жанаргаз алуда және экологиялық тиімді технологиялар жасауда үлкен рөл атқарады.
2.Микробиология дамуының қысқаша тарихы және ғылым болып қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектер. Микробиологияның дамуы бактериялардың ашылуымен байланысты.Бактериялар тудыратын құбылыстарды адамзат ертеден байқап пайдаланса да олар жөніндегі деректер тек XVIII ғ.алына бастады.Көпке дейін бактерияларды ауру қоздыратын агенттер,одан кейін геохимиялық агенттер деп санап,микробиология көбінесе іс жүзінде қолданылатын ғылым болып дамыды.Ең үлкен биологиялық маңызды және микробиологияны фундаментальды ғылымдардың қатарыына қосқан жаңалықтар ХХғ ашылды.Микробиологияның дамуы оптиканың дамуымен байланысты.1590 жылы ағайынды Янсендер ең алғаш үлкейткіш ұлпалар жасаған.1910 жылы Г.Галилей заттарды 30 есе үлкейтетін ұлпа жасады.1660жылы Гук екі линзалы микраскоп ойлап тапты.1665 жылы Гук өзінің микрография деген еңбегінде өсімдіктердің құрылысын сипаттап клетка терминін енгізеді.Микроәлемнің ашылуы Антони Ван Левенгуктың есімімен тығыз байланысты.Ол линза жасай отырып қанның қызыл түйіршіктерін ашты,капиллярларды бақылап оларды сипаттады,ал ең бастысы ол микроорганизмдерді ашты.Бір клеткалы микроорганизмдердің негізгі топтарын сипаттады.1695 жылы А.В.Левенгук ашқан “Табиғат құпиялары ”деген кітабы жарық көрді.Микробиологияның әрі қарай дамуына жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін ашу және шіріту процестерінің табиғатын шешуге бағытталған зерттеулер түрткі болды.Бұл мәселелердің шешімі француз ғалымы Луй Пастердің есімімен байланысты.Ол микробиологияның негізін қалаушы болып табылады.Луй Пастер ашқан жаңалықтардың маңыздылығына бүкіл елден түскен ақшаға Париж қаласында Пастер атындағы институт құрылып,оның қабырғасындағы мемориалды тақтаға ғалым ашқан жаңалықтар жазылған:1857 ж-ашу процесі,1860ж-тіршілік өздігінен пайда болмайды,1865ж-шарап және сыра алуы,1868ж-жібек құртының ауруы,1881ж-залалдаушы және вакцина,1885ж-құтырманың алдын алу.Микробиологияның дамуында неміс микробиологі Роберт Кохтың еңбегі зор.Ауыл дәрігері ретінде сібір жарасын зерттеуді бастады.1877 жылы Кохтың осы аурудың қоздырғышына арнаған еңбегі жарық көрді.Кох туберкулез ауруына өзінің еңбегін арнайды.1882 жылы осы туберкулез ауруының қоздырғышын табады соның есіміне байланысты Кох таяқшасы деп аталады.1905 жылы Кохтың осы еңбегіне байланысты Нобель сыйлығын берді.1883 жылы ол тырысқақ ауруының қоздырғышын ашты.Кох және оның шәкірттері лабараториялық практикаға қатты қоректік орталарды пайдалана отырып бактериялардың таза дақылын бөліп алуды ұсынды.Микробиологияға көп еңбегі сіңген Мечников.Бұл ғалым микроорганизм мен организм арасындағы байланысты зерттеді.Иммунитеттің фагацитарлы теориясын ұсынды.Осы еңбегі үшін Мечниковқа 1909 жылы Нобель сыйлығын берді.Микробиологияға тағы да ерекше еңбек сіңірген ғалым Виноградский.Пастердің еңбектерін негізге ала отырып микроорганизмдерді зерттеді.Элективті жағдай жасауды ұсынды.Виноградскийдан басқа Бейринк көптеген топтың микроорганизмдерін бөліп алды.Соның ішінде топырақтағы аэробты жағдайда азот фексациялаушы бактерияларды ашты.Сонымен қатар түйнек бактерияларының физиологиясын,сульфа тредукция және денетрификациясын зерттеді.1892 жылы Ивановский вирустарды ашты.
3.Прокариоттар және эукариоттардың айырмашылықтары және олардың негізгі ерекшеліктері. Прокариотты клеткалар.Клетка мөлшерінің ең кіші өлшемі-0,2-2,0мкм.Ядролық мембрана-нуклеод цитоплазмадан мембрана арқылы бөлінбеген.Цитоплазмалық құрылымдар:плазмалық мембрана ішкі мембрана жүйелері-стеройдтар болмайды,мезосомалары күрделі емес.Цитоплазманың ағысы,эндоцитоз,эктоцитоз,пиноцитоз-жоқ.Талшықтар құрылысы –фибриллин белогынан тұратын бір немесе бірнеше жіпшелер.Эндоспоралар-кейбір туыстастар түзеді.Хромосоманың саны- әдетте 1. Хромосоманың пішіні-сақиналы.Рибосомалардың седиментациялық тұрақтылығы-16S.23S.5S.Көбею жолдары-митоз арқылы бөлінеді,ұршық пайда болады.Эукариотты клеткалар. Клетка мөлшерінің ең кіші өлшемі-2,0мкм. Ядролық мембрана-ядро цитоплазмадан мембрана арқылы бөлінген. Цитоплазмалық құрылымдар:плазмалық мембрана ішкі мембрана жүйелері-стеройдтар бар,күрделі эндоплазмалық ретикулум,гольджи аппараты,лизосомалар,митохондриялар,хлоропластар. Цитоплазманың ағысы,эндоцитоз,эктоцитоз,пиноцитоз-бар. Талшықтар құрылысы –тубулиннен тұратын микротүтікшелер,көлденең қимада 9+2 болып орналасқан.Эндоспоралар-жоқ. Хромосоманың саны-әдетте >1. Хромосоманың пішіні-сызықша. Рибосомалардың седиментациялық тұрақтылығы-18S,28S,5.8S,5S. Көбею жолдары-митоз кезінде ұршық түзіледі;мейоз пайда болады. Прокариоттардың эукариоттардан ерекшелігі клетка қабықшасында болып келеді. Клетка қабықшасының негізгі элементі пептидогликан класына жататын мурейн болып саналады. Пептидогликан гетеропполимер ол N-ацетил, N-глюказалин және N-ацетил мурам қышқылдарының кезектесіп орналасқан қалдықтарынан құралады. Булар өзара бір-бірімен β 1.4 гликозитті байланыспен байланысады. N-ацетил мурам қышқылының құрамына 4 амин қышқылы кіреді, олар: L-аланин, D-аланин, D-глутамин және D-амино пимин қышқылы. Бұлар өзара бір-бірімен тетропиптитті ковалентті байланыспен байланысады. Прокариоттардың клетка қабықшасында мурейн торшасында тейхой қышқылы болады. Тейхой қышқылы 3 атомды спирт глицирин және 5 атомды спирт рибит полимерлерінен тұрады. Олар бір-бірімен фосфодиэфирлі байланыспен байланысады.
4. Микробиологияның қалыптасуында Л.Пастердің және Р.Кохтың еңбектерінің рөлі. Микробиологияның жаңа сатыға көтеріліп ғылымға айналуы Луй Пастердің жұмыстарымен байланысты. Оның алғашқы еңбектері кристаллокрафияға арналған. Ол шарап қышқылының тұздары екі түрлі кристалдардан, яғни D және L стериоизомерлерден тұратындығын және бұл екі стериоизомерлердің эквимолярлы қоспасы оптикалық белсенділігін жоғалтып рацемат түрін беретіндігін дәлелдеді. Ал пеницилл саңырауқұлақтары шарап қышқылының рацематының ерітіндісінде өскен кезде қышқыл оптикалық белсенді түрге айналатынын байқады да, оның себебін тапты: пеницил өсуі үшін изомердің біреуін ғана пайдаланады екен. 1857 жылы Л.Пастер спирт және сүт қышқылды ашулар арнайы микроорганизмдердің әсерінен туады деген тұжырымға келді. Мұнда шарап ашуы- ашытқылар, ал сүттің ашуы- сүт ашытқыларының қатысуымен жүретіндігін дәлелдеді. Луй Пастер спирт және сүт қышқылды ашу процестерімен қатар ашудың жаңа түрін- майлы қышқыл ашу процесін ашты. Нәтижесінде Луй Пастер ашу процесін ауасыз жағдайда өсе алатын микроорганизмдердің зат алмасуының ерекше бір түрі деп тапты. Бұл құбылысты анаэробис, ал ауа бар ортадағыны аэробис деп атайды. 1861 жылы Луй Пастер микроорганизмдер өздігінен пайда болмайтынын қарапайым тәжірибие арқылы көрсетті. Ол үшін ұзын мойынды колба алып ішіне ет сорпасын құйып, колбанын мойнын S тәрізді ауа-кірмейтіндей етіп иіп, сорпаны отқа қайнатты. Сорпа суығаннан соң ұзақ уақытқа дейін бактериялардың өсуі байқалмады. Тек ауа кіретін жағдайда бактериялардың өсуі байқалды. Ақырында өздігінен тіршілік пайда болу концепциясы жоққа шығарылды. Кейіннен Луй Пастер жоғары температураның әсерін сүтті, шарапты, сыраны залалсыздандару үшін ұсынды. Бұл әдіс пастеризация деп аталып кетті. Луй Пастер микроорганизмдер өздері өсетін ортасында түрлі құбылыстарды қоздыратындығын байқап, олар аурулардың да пайда болуына себепкер шығар деген тұжырымға келді. Осыған орай 1865-1885 жылдар аралығында ол жібек құрты ауруының микроптарға байланысты екенін анықтап тырысқақ және құтырма ауруларына қарсы вакциналарды жасады. Жұқпалы аурулардың пайда болу себебін ашуда медициналық микробиологияның дамуына үлкен үлес қосқан Р.Кох болды. Ол 1876 жылы алғаш рет жұқпалы аурулар жөніндегі теориясын ұсынып белгілі ауруды қоздыратын бакте рияларды анықтауға арналған ережені қолданда. Бұл жорамалдар Кохтың постулаты деп аталып кетті. Соған қоса Кох және Ф.Кон сол жылдары бактериялардың спораларын ашты. Кохтың қосқан зор үлестерінің бірі микроорганизмдердің таза дақылдарын бөліп алу және оларды өсіру әдістері болып саналады. Р.Кохтың лабораториясында тығыз қоректік орта алу үшін алдымен желатинаны пайдаланып кейін Ф.Гессенің ұсынуымен агар пайдалана бастады. Осы әдәстерді қолданып Р.Кох 1877-1889 жылдар аралығында тырысқақ, түйнеме ауруларының қоздырғыштарын ашты. Р.Кох 1882 жылы құрт ауруының қоздырғышын Mycobacterium tuberculosis-ті ашты. Сол үшін ол 1905 жылы Нобел сыйлығын алды. Қазіргі таңға дейін құрт ауруының қоздырғышын Кох таяқшасы деп атайды. Р.Кох 1883 жылы Vibro cholera тырысқақ ауруын қоздыратын тапты.
5. Микробиология дамуындағы Бейеринг, Грифит, Виноградский, Клюйвер, Листер, Фокс, Флеминг жұмастарының маңыздылығы. Микроорганизмдердің табиғаттағы рөлі және оның атқаратын қызметі М.Бейеринктің есімімен тығыз байланысты болса, ал С.Н.Виноградский күкірт бактерияларын зерттей келіп микроорганизмдердің қоректенуінің жаңа – лйтотрофтық қоректену түрін ашты. Бұд жағдайда микроорганизмдер энеригия көзін бейорганикалық заттарды тотықтыру барысында алатындығын анықтады. Сонымен қатар бактериялардың физиологиялық алуан түрлілігін байқап, олар өсімдіктер мен жануарлар жүргізе алмайтын химиялық өзгерістерді жүргізе алатындығын дәлелдеді. С.Н.Виноградский атмосфералық азотты сіңіре алатын Clostridium туысына жататын бактерияларды тауып, оны анаэробты, ал М.Бейеринг аэробты Azotobacter туысына жататын бактерияларды анықотады. Осы екі ғалымның зерттеу жұмыстары әр уақытта бір-бірін толықтырып отырды. Олар бактериялардың функциясын анығырақ көріп-білу үшін 1895 жылы элективті және жинақ қоректік орталарын ұсынды. Өткен ғасырдың 50-жылдарында А.Клюйвер мен К.Ван Нюль әр түрлі физиологиялық топтарға жататын бактериялардың биохимиялық қасиеттерін салыстармалы түрде зерттеу барысында өмірдің биохимиялық жөніндегі теорияны ұсынды. Биохимиялық бірлік дегеніміз- барлық тірі организмдер бірдей химиялық молекулалардан турады, барлық организмдерде биологиялық энергия АТФ түрінде пайда болады да жұмсалады. Александр Флеминг, Эрнст Чайн, Говарт Флори 1945 жылы пеницилинді алды.
6. Микроорганизмдердің адам өміріндегі маңыздылығы және пайдасы мен зияны.
Микроорганизмдер тіршілік нәтижесін адам ерте заманнан пайдаланылғаны белгілі қамырашытқан. Микроорганизмдердің адам өміріндегі маңызы. Микроорганизмдер пайдалы жағына қарама-қарсы зияндылығы олардың аурутудырғыштығы олар өнімдерді көгерту шіріту, археологиялық ескерткіштердің шіруі. Олар тағам өнеркәсібінде пайдаланады.Адам мен жануарлардың ауыз қуысында бактериялардың басым көпшілігі тіс өңезіндес көп шоғырланады. Мысалы, тіс өңезінің 1г массасында 250 млн микроб клеткалары болады. Ауыз қуысының тұрақты мекен етушілеріне стрептококтар, лактобатцилдер, каринебактериялар, актиномицеттер, бактероидтар, ашытқы саңырақұлақтар, микоплазмалар жатады. Факультативті мекен етушілерге энтеробактериялар, споратүзші бактериялар жатады.Ауыз қуысындағы микроорганизмдердің сандық және сапалық құрамына жағдай жасайтын сілекей болып табылады,ол антибактеиалды белсенділекке ие әр түрлі ферменттер бөледі. Адам қарнында микроорганизмдер мүлдем болмайды,ол қарындағы бактерицидтік әсері бар қарын сөлі мен қышқыл реакциясына байларысты.Егер қарында pH бейтарап немесе сілтілі жағдайға қарай паталогиялық ауытқыса,онда қарында Sarcina ventriculi,Bacillus subtilis пен кейбір саңырауқұлақтар кездеседі.Ащы ішекте салыстырмалы түрде бактериялар аз болады(102-103),көбінесе аэробтар.Ал тоқ ішекте микробтар саны көп,260 түр кездеседі,олар көбінесе факультативті және облигатты анаэробтар.Тәулігіне адамның организмінен 17х1012 бактериялар бөлініп шығады.Тоқ ішекте көп немесе бактероидтар, бифидобактериялар фекальді стрептококк, ішек таяқшасы, сүт қышқылы бактериялар және т.б. тіршілік етеді.Осының ішінде соңғылары ішекте шіріткіш микрофлора мен кейбір патагенді микробтарға қарсы антагонистер болып табылады. Қоршаған орта ауасынан шаң арқылы адам мен жануарлар тыныс алу жолдарына көптеген микробтар келіп түседі.Танау қуысындағы эпителийдің қорғаныштық функциясы мен лизоцим мен муцинаның бактериоцидтік әсеріне байланысты көптеген микроорганизмдер ұстап қалады.Бронхы мен өкпе альвеолдары залалсызданған.Тыныс алу жолының жоғары жолдарында үнемі стафилококтар, коринебактериалар стрептококтар, бактероидтар, капсулалы грам-теріс бактериялар тіршілік етеді.Бактериялардан басқа вирустар мен аденовирустар болады.Егер арганизмнің иммундық жүйесі әлсіреген жағдайда шартты-патогенді микроорганизмдер саны артып, ангина,бронхит және пневмония ауруларына шалдығады.Тері бетіне тер мен май бездерінен бөлінетін бөлінділер бактериялар үшін субстрат болып табылады.Адам бетінде,қолында,мұрнында микроорганизмдер саны көп болады.Көбінесе сапрофитт стафилакоктар,бациллалар,микрообактериялар,коринебактериялар және ашытқы саңырауқұлақтар болады.Тек 5% шартты-патогенді микроб-сарыстафилакокк табылады.Санитарлы-бактериологинялық талдау жасағанда Escherichia coli пайдаланады, бұл ортаның бастаушы дәрежесін көрсетеді. Патагенді микроорганизмдер адамды,жануарлар мен өсімдіктер ауру тудырады.Олардың басты ерекшілігі-жоғары сатылы организмдердің мүшелері мен ұлпаларында шоғырланып, инфекциялық үрдістер тудыруы.
7. Микробиология салаларының пайда болуы:зертеу объектісі ретінде (су,топырақ,аэромикробиология),қолдану саласы бойынша (жалпы,медициналық,ауылшаруашылық,өнепкәсіптік,геологиялық және т.б.).
Микробиология(грек.микрос-ұсақ,биос-тіршілік,логос-ғылым) деген маңына береді және билогия ғылымының жеке бір саласы болып табылады.Микробиологияның зерттеу объектілері-ұсақ,жай көзге көрінбейтін,тек микроскоппен ғана көріп білуге болатын организмдер (вирустар,бактериялар,баодырлар,ашытқы және микроскоптық саңырауқұлақтар қарапайымдар) су Судың микрофлорасы Су әр түрлі микроорганизмдердің табиғи өмір сүру ортасы болып есептеледі. Өзен, теңіз, мұхит , ашық су қоймаларында барлық таксономиялық топтардың өкілдерін кездестіруге болады. Су қоймалары жануар және өсімдіктердің органикалық субстраттарынан және патогенді микроорганизмдерден өздігімен тазарта алады. Бұл процесті су қоймаларының өзін тазарту деп атайды. Судың сапрофитты флорасы тіршілік активтендіреді, нәтижесінде органикалық заттардың ыдырау күшееді, әр түрлі бактериялардың саны азая бастайды, әсіресе нәжіспен шыққандар (фекального происхождения). Су түбінде және жағалаудағы аймақта микробтар саны көп болады, себебі жаңбыр суы және жағажайдың топырағынан бактериялардың көптеп түсуінен болады.
Судың микроорганизмдері табиғаттағы заттар айналымында түбегейлi рөл ойнайды. Су тоғандарындағы биологиялық белсенділік жазғы-күзгi мерзiмде ең жоғары дәрежеде болады.
Топырақ жағдайларының микробиологиялық процестерге әсері. Топырақтың механикалық құрамының микроорганизмдерге әсері. Топырактың түріне қарай оның механикалық қүрамы да өзгеріп отырады, олардың ұсақ бөлшектерінің шамасы миллиметрдің өлігіндей және одан ірілеу болады. Осындай бөлшектердің арасында ауа, су болумен қатар микро-организмдер де тіршілік етеді. Олардың көпшілігі топырақ бөлшектерінің ішінде, қалғандары топыраіқ ерітіндісінде кездеседі. Топырақтың терең қабаттарында анаэробты және факультативті микроорганизмдер (негізінен бактериялар) басым болады. Бірақ бұл қабаттарда аз да болса оттегінің кездесетіні анықталған. Сондықтан оттегі бар жерде анаэробты микроорганизмдер тіршілік ете алмайды деп кесіп айтуға болмайдьі.Қолдану саласы бойынша Жалпы медициналық,
Ауыл шаруашылық микробиологиясы — өсімдіктердің қоректенуі мен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді.Топырақтық құнарлылығын арттыру мақсатында пайдалы микроб-тардан тыңайтқыш жасауды қарастырады. Сонымен бірге мал азықтық белоктарды өндірудегі басқа да өсімдіктер тектес азық-тарды құнарландырудағы микроорганизмдердің пайдалы топтарын тауып, шаруашылыққа ұсынды.
Өнеркәсіптік Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология — микробтар-дың тіршілігі нәтижесіндегі түзілетін өнімдердід адам баласына ең қажеттілерін іс жүзінде өндірудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндіруді қарастырады.Осымен қатар ол дайын өнімдерді микробтардан қорғаудың әдістері мен жолдары белгілейді. Техникалық микробиологиянын, дамуы барысында ашыту өнеркәсібі, антибиотиктерді, ферменттерді, витаминдерді, амин қышқылдарын өндіретін өндірістер ұйымдастырылды
Геологиялық микробиология — немесе геоморфология жер қабатындағы микроорганизмдерді зерттейді.Тірі микроорганизмдер бірнеше километр тереңдікте, жердің мұнай тараған қабаттарында кездесетіні анықталды. Олар 1000 атмосфераға дейінгі қысымға шыдай алады. Сондықтан олардың жер қабатындағы түрлі заттардың түзілуіндегі ролін осы геологиялық микробиология зерттеп ашады.
8. Прокариотты микроорганизмдер олардың морфологиясының алуан түрлілігі. Протопласт, сферопласт және L-пішінді бактериялар.Прокариотты микроорганизмдер эубактериялар және архебактериялардан тұрады. Эубактериялардың өзара іштей айырмашылығы бар болғандықтан, оларды клетка қабықшасының болу болмауына және оның құрылысына қарай 3 бөлімге бөледі: грам-оң, грам-теріс және қабықшасыз. Археалар әзірше біртұтас таксон болып саналады, бірақ олардың да алуан түрлілігі байқалады. Бактериялар көп жағдайда клетка қабықшасын жоғалтатыны мәлім. Фирмокутты бактериялардың клетка қабықшасын лейтикалық ферменттер немесе пенициллин арқылы оңай бұзуға болатын болса, грациликуттарға липазамен, трепсинмен және этилэндиаминтетрацетаппен қосымша әсер ету керек. Клетка қабықшасы бұзылғаннан кейінгі менбранамен қоршалған клетка құрылысын протопласт деп атаймыз, ал егерде клетка қабықшасының белгілі бөлігі сақталып қалса онда оны сферопласт деп атайды. Протопласттар фирмакуттарда ал сферопластар грациликуттарда пайда болады. Протопласттар мен сферопластар бастапқы клеткадан 3-10 есе ірі болады. Олар клетка ішіндегі осмыстық қысым мен қоректік ортаның осмостық қысымы теңескен жағдайда ғана өсе алады. Сферопластар мен протопластар бастапқы жағдайға оралуы немесе лизистелуі мүмкін. L-пішінді түрлер алғаш рет Англияда Листер институтында бөлініп алынды сол себеппен олар институт атының алғашқы әріпімен байланыстырып аталды. Бұндай пішіндер қолайлы жағдайда метаболиттік белсенділікке және көбею қабілетіне ие болады. Олар тығыз қоректік орталарда колония түзіп, агарға ене отыра, шалқасынан жатқан қалпақ тәрізді пішінде болып жақсы өседі. Клеткасының қабықшасы болмағандықтан олардың белгілі бір пішіні болмайды және бір калонияда көбінесе әр түрлі пішінді клеткалар кездеседі. Олардың қасиеттеріне тоқталсақ: 1.Репродукцияға қабілетті 0,2-1,0 мкм аралығындағы элементарлы денелер. 2.Дөңгелек, шар тәріздес немесе 1-5 мкм тең дұрыс, әр қилы пішінді денелер. 3. 5-50 мкм-ге тең үлкен денелер. 4. Жіпше тәрәздес. 5.Белгілі бір құрылысы жоқ денелер түрінде болады. L-пішінді клеткалар табиғи жағдайда да пайда болады. Көптеген патогенді бактериялар ауруға шалдыққан адам мүшелерінде L-пішінді түрде кездеседі. Олар клетка қабықшасына әсер ететін агенттерге, мысалы, пеницеллинге сезімталдығын жоғалтады. Сондықтанда L-пішінге көшуді бактериялардың қолайсыз жағдайда өмір сүру әдісі ретінде қарастыруға болады.
9.Бактерия қабықшасының химиялық құрамы мен құрылысы,грациликуттар және фирмакуттар деген терминдерді қалай түсінесіз сипаттама беріңіз.Клетка қабықшасы бактериялық клеткалардың негізгі құрылымы болып саналады.Клетка қабықшасы тек микоплазмаларда болмайды.Клетка қабықшасы клетканың құрғақ салмағының 5-50% аралығын құрайды,ал клеткасының қалыңдығы 10-80 нм аралығында болады.Эукариоттардан клетка қабықшасы айтарлықтай ерекшеленеді.Клетка қабықшасының негізгі элементі пептидогликан класына жататын муреин болып саналады.Пептидогликан гетерополимер,ол N ацетил ,N глюкозаамин және N ацетил муран қышқылдарының кезектесіп орналасқан қалдықтарынан тұрады.Бұлар өзара бір бірімен β 1,4 гликозидті байланыспен байланысады. N ацетил муран қышқылының құрамына 4 аминқышқылы кіреді,олар:эуаланин,д аланин,д глутамин және диаминопимилин қышқылы.Бұлар өзара бір бірімен тетрапептидті ковалентті байланыспен байланысады.Пептидогликандар гликозидті және пептидті байланыстармен байланыса отырып,торша түрінде құрылым құрады.Муреин синтезі цитоплазмада,ЦПМ да немесе клетка қабықшасында жүзеге асады.Прокариоттардың клетка қабықшасында муреин торшасында тейхой қышқылы болады.Тейхой қышқылы үш атомды спирт глицерин және бес атомды спирт рибид полимерлерінен тұрады.Олар бір бірімен фосфодиэфирлі байланыспен байланысады.Тейхой қышқылының бір молекуласы 7-15 ке дейін спирт қалдықтарынан құралады.Тейхой пептидогликанның сыртқы бетінде орналасады. Фирмакуттар Грам оң бактериялар клетка қабықшасы қалың,қалыңдығы 20-80 нм ді құрайды.Клетка қабықшасы,цитоплазмалық мембранамен тығыз жанасқан.Муреин құрғақ салмағының 50-90 % құрайды.Муреин тейхой қышқылымен байланысады.Грам оң бактерияларда белоктар белгілі бір тәртіппен цпм мен байланысып орналасады. Грациликуттар Грам теріс бактериялар,клетка қабықшасы көп қабатты қалыңдығы 14-17 нм құрайды.Клетка қабықшасының ішкі қабаты пептидогликаннан тұрады.Ол құрғақ салмағының 1-10 % құрайды.Грам теріс бактерияларда тейхой қышқылы болмайды.Пептидогликан сыртқы мембранамен қапталған.Оның құрамына липопротеид енеді.Липопротеид фосфолипид,липополисахарид және белоктардан тұрады.Липополисахарид тек Грам теріс бактерияларда болады.Қысқаша оны lkos деп атайды.Ол клетка қабықшасының антигені болып саналады.Грам теріс бактерияларда белоктар негізгі және минорлы болып бөлінеді.Негізгі белоктар сыртқы мембрананың құрылымдарының реттелуіне қатысады.Ал минорлы белоктар транспорттық және рецепторлы қызмет атқарады.Грам теріс бактерияларда цпммен электронды мөлдір аймақпен бөлінеді.Ол периплазматикалық кеңістік деп аталады.Бұл тек Грам теріс бактерияларға тән.Оның іші гидролитикалық ферменттерден,олигосахаридтерден және бейорганикалық заттардан тұрады.
10. Микроорганизм клеткаларындағы қор заттары, олардың атқаратын қызметі. М/о/нің кл цитоп-да әр түрлі пішінді, әр түрлі көлемді түйіршіктер көптеп кезд. Олар кл-да тұрақты түрде кездеспейді, олардың тіршілік ортасының физ/қ ж/е хим/қ жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Олар кл тіршілігі үшін маңызды құрылымды емес, кл болуы мүмкін, кл болмауы мүмкін. Олардың атқаратын қызметі әр түрлі болады. Қор заттар цитоп-да жинақталатын метоболизм өнімдері. Бұлар м/о/м мен қоректік заттар ретінде пайдаланылады. Қор заттарына полисахаридтер (гликоген мен крахмал), липидтер(поли-В-окси май қышқылы), полифосфаттар (валитин), күкірт ж/е т.б. Қор заттардың басты функциясы м/о/дің ортаға бейімдеушішік кезінде энергиямен қамтамасыз ету болып табылады. Қ.з. энергия көміртегі қызмет атқарады. Қ.з-дың табиғаты м/о/дердің түріне ж/е дақылдау жағдайына байланысты болады. М/о/дерде қ.з-дың 1 түрі, 2 түрі н/е бірнеше түрі кездесуі мүмкін. Мыс, E. coli-да гликоген көп жинақталады, ал бацилус мигатериум кл-да гликоген ж/е поли-В-окси май қышқылы жинақталады, ал хломотиум кл-да полисахаридтер, полифосфаттар, поли-В-окси май қышқылы, күуірт болады. Қ. з. м/о/дің қалыпты жағдайында егер қоректі ортада көп болғанда жинақталады, ал қолайсыз жағдайда оларды пайдалана бастайды. Гликоген – полисахарид, крахмалға ұқсас D – глюкоза қалдығвнан тұрады 1,3 а – гликозитті байланыста байланысады. Люголь мен бояу кезінде олар қызыл-күлгін түске боялады. Гликоген көбінесе ішек таяқшаларда, царциналарда, бацилаларда кездеседі. Гранулеза – крахмал тәрізді зат, олар анаэробты споралы бак/лар кластридияларда жинақталған. Қ.о-да көміртек құрамды заттар азая бастаған кезде, гликоген н/е гранулезалар кл-дан толығымен жойылады. Липидтер - түйіршік түрінде жинақталады, олар поли-В-окси май қышқылы түрінде болады. Олар окси май қышқылының поли эфирлары, олардың мономерлері бір-бірімен күрделі эфирлі байланыспен байланысқан. Диаметрі 200-800 нм белоктың мембранасымен қапталған. Судан III ерітіндісімен сарғыш қызыл түске боялады. 80%-қа дейін жинақталуы мүмкін. Кейбір бак/ялар поли-В-окси май қышқылын спора түзу процессі кезінде пайдаланады, ал азотабактерлар бұл қ.з-ды циста түзу кезінде қолданады. Валютин – кейбір бак/ялардың кл-да валютин түйіршік түрінде жинақталады. Валютин ең алғаш рет spirillum volutans кл-да табылады. Валютин түйіршік көлемі 0,1-0,5 мкм көмірсулар ж/е фосфорлар көп болған кезде жинақталады. Фосфор энергия қызметін атқарады. Цианофуксинді түйіршіктер – бүл циано бак/яларда кезд. Қ.з аспарагин қышқылымен аргининнан тұратын полипиптидтардан тұрады. Ол кл-да азоттың қ.з ретінде болады. азаот азайғанда, ол да кл- да жоғалады. Күкірт – метоболизмі күкіртті қосылыстары мен байланысты бак/яларда жинақталады, олар кл-да мөлдір, жарты сұйық тамшы ретінде болады. Күкіртті сутекті тотықтыратын ионды бак/яларда күкіртті энергия көзі б.т. Ал фототропты күкіртті бак/яларда күкірт электрон доноры ретінде пайдаланылады. Бұл м/о/дер қ.з. ретінде кездеседі.