Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
24.01.2020
Размер:
229.52 Кб
Скачать

40. Әлеуметтік модернизация, индустриалдыққа дейінгі қоғам, индустриалдық қоғам, постиндустриалдық қоғам ұғымдарын сипаттаңыз.

Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.

Жалпы саяси ғылымдарда саяси модернизация теориялары XX ғасырдың 50 – 60 жылдарында қалыптаса бастады. Оның құрушылары XIX - XX ғасырлардың басындағы атақты зерттеушілердің, сонымен қатар М.Вебердің (мінез – құлықты рационалдау негізде дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту бағытында европалық мәдениетті дамыту идеясын қозғады), Ф.Теннистің және Э.Дюркгеймнің (еңбекті бөлу негізде «механикалық ынтымақтастықтың» қоғамынан «органикалық ынтымақтастық» қоғамына өту эволюциясының концепциясын ұсынғандар) теориялық мұраларына сүйенді[1].

Алғашында модернизция өзінің табиғаты тұрғысынан Азия, Африка, Латын Американың артта қалған елдерінің өзара байланыстары идеясына сәйкес қолданылды. Қазіргі уақытта модернизация теориясы посттоталитарлық әлемде саяси өзгерістердің бағыты мен мағынасын көрсетеді. Өйткені, өтпелі кезеңдегі елдің саяси даму проблемалары модернизация теориясында толық бейнеленеді. Яғни, ол дәстүрлі мемлекеттің артта қалушылығын жою, динамикасын анықтаушы әртүрлі схемалар мен модельдер жиынтығы.

Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында әлеуметтік-экономикалық модернизацияның басты бағыттардың бірі болып тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату белгіленген. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімділігін арттыруының маңызды аспектісі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметін көрсету жұмысы облыс мұрағат мекемелері қызметі бағыттарының бірі болып табылады, бұл қызмет пайдаланушылардың мемлекеттік мұрағаттарға тікелей жүгіну, электронды немесе почта байланыстары арқылы, сондай-ақ альтернативты негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.

Индустрияға дейінгі қоғам – даму факторы ауыл шаруашылығымен айқындалады, сондықтан оны аграрлық қоғам деп те атайды.

Аграрлық қоғам – натуралды ауыл шаруашылығы мен сословиялық иерархияның үстемдігімен, әлеуметтік саяси өмірде дін мен армияның шешуші рөлімен сипатталатын қоғам дамуының индустриялдық қоғамға дейінгі тарихи сатысы.

Индустриалды қоғам- индустриалды революция негiзiнде үш әлеуметтiк- экономикалық заңдарды жүзеге асырды: уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi көтерiп асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк тәртiптiн бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс конвергенция тезисi деп аталады. 20 ғ. екiншi жартысынан Еуропа елдерiнде басталған бұл үрдiс көптеген Азия және Африка елдерiнде де байқалады, олардың бәрi келесi шарттарға сай болуға ұмтылады:

*еңбектiн терен әлеуметтiк және техникалық бөлiнiсi;

*отбасының өндiрiс орыны мен еңбек орынынаң бөлiнуi;

*мобильды және тәртiптi өндiрiс күшiн, еңбекшiлердi қалыптастыру;

*экономикалық есептеулердi, жоспарлауды және инвестициялауды белгiлi бiр рационалды түрде ұйымдастыру;

*секуляризация (дiннен азат болу), урбанизация (қалалану), әлеуметтiк мобильдiлiк және демократизациялану үрдiстерi кең етек алады.       

 1)Ұлттардың пайда болуы- бiр тiлге негiзделген, территория,мәдениет, экономикалық қатынастар бiрлiгi байқалатың тарихи қалыптасқан адамдар бiрлестiгi. 2)Ұлттық мемлекеттердiн пайда болуы, олардың  нақты шекараларының бекiтiлуi. 3) Халықтық билiкке, демократияға, басқару органдарының көпшiлiк пен сайлануы, көп партиялардың болуы. 4) Ақпарат құралдары арқылы адам санасына әсер ету. 5) Өндiрiстiң комерциализациялануы, «Бәрi сатылада!», рыноктың ңығайтылуы, капиталға негiзделген жеке меншiк бiрiншi орында. 5) еңбек өнiмдiлiгiнде революция байқалады, 20ғ. 75-80 жыл арасында пролетариатты орташа әлеуметтiк топқа айналдырған: а) механизация негiзiнде машиналы өндiрiстiн басым болуы; в) фабрикалық негiзде өндiрiстi қайта ұйымдастыру (ғалым- лаборотория, кiтапхана). 6)аул шаруашылығымен айналысушылардын санынын азайюу, индустриялды секторда көбейюi. 7) урбанизация, мобильдiлiк процестер  аул өмiрiне қарсы процестер (адам құлап қалса, қызға бiреу тисiп жатса). 8) көпшiлiктiң сауатты болуы байқалады: а) квалификацияның көтерiлуi, в) баспа сөз өнiмдерiнiн көбейуi, г) бiлiм беру институттарының қалыптасуы. 8) ғылымның практикалық маңыздылығының көтерiлуi.

Постиндустриалды қоғам- (1962ж. Дэниел Белл «Постиндустриалды қоғамның келуi») немесе информациялық қоғам деп атауға болады, өйткенi оның ядросы информациялық технологиялардың қарқынды және шапшан дамуы болып табылады. Егер инд-ды қ. индустриалды революцияның нәтижесi болса, онда постинд-ды қ. информациялық революция нәтижесi. 1) экономикада өндiрiстiн ролi төмендеп информация өндiру және оған қызмет көрсетудiн (сервис) ролi күннен күнге жоғарлап барады. Қазырғы заманда информация негiзгi байлыққа айналып барады, оның ерекше белгiлерi: жер мен капиталға қарағанда ол шексiз, бәрiне де қолайлы және қолданған кезде азаймайды, арзан, ал оны сақтау және жонуы (переработка) қыйынға түспес, ал бұл оның өнiмдiлiгiн арттырады; 2) оның техникалық базасы компьютер технологиялары және коммуникация құралдары б.т; 3) «ұлтаралық шекаралардың» бұзылуы, батыс Еуропа елдерi Шенген келiсiмi бойынша қай болсын елге визасыз бара алады, тәнертен Германия-Бельгия-Голландия-Франция-Испанияда кешке болуы мүмкiн, немесе АҚШ және Канада; 4) халықаралық ұйымдардың ролiнiң көтерiлуi (ООН, НАТО, ОБСЕ, ПАСЕ);  5) Демократияның дамуы (Олвин Тоффлер) 6) жеке меншiктiн орнына корпаративтi және институционалды меншiк келедi (О.Тоффлер-жлпы қоғамдық байлық жасау, өндiру тәсiлi қалыптасады) инф-қ техн-ға негiзделген адамның дене күшi емес оның интелектувлды күшi пайдаланады, өндiрiс тәсiлi бiлiмге негiзделедi (ақша-информация, ақша-кредит карточкасы, электронды ақша,  өндiрiсте капиталдың- акция); 6) Завод- офис, ал Тоффлер- «электронды котедж», үй жұмысы компьютердi, мультимедия, телекомуникацияны қолдану арқылы жүзеге асады д.е.7) интелектуалды еңбекпен айналысушыларға тән субурбанизация- қала шетiнде орналасу; 8) Функционалды сауатсыздық, оқу, жазу, есептеу дағдылардың жойылуы, информациялық игiлiктердi материалды мен салыстырғанда өзiне алып алуға болмайды, оны тек түсiну, ұғұ қажет; (освоена, а не присвоена), ткстi оқығаннаң кейiн оның мазмұны бойынша жауап бере алмау, оның оқи алмайтының бiлдiредi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]