Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-40.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229.52 Кб
Скачать

27. Тұлға дамуының теориялары

Жеке тұлға теориялары оларды әдетте 3 топқа бөледі. 1. Психодинамикалық тлеориялар – жеке адам дамуымен қалыптасуы, ішкі субъективті психологиялық факторларға байланысты В = F (р) 2. Социодинамикалық теориялар – жеке адамның дамуы мен қал ыптасуы сыртқы әлеуметтік ортаға тәуелді В = F(Е) 3. Интеракциялық теориялар - адамның жеке адам болып қалыптасуы өздері жоғарыда айтылған 2 факторға да тәуелді В = F (Р,Е) болады.  Даму – индивидтің тұқым қуалау арқылы берілген және өмір барысында қалыптасқан қасиеттерінің сандық және сапалық өзгерістерге ұшырау процесі.

Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады. Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез-құлқы.

Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез-құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез-құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компоненттері сатылы жүйе ретінде құрылады.

Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:

а) жұрт мені қалай қабылдайды;

ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;

б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.

Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.

Джордж Герберт Мид тұлға өзінің «менін» қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.

Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. өзін «ойлауды» үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол рақылы өзінің «менін» сезіне бастайды.

Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан тұрады.

Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалап үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.

Екінші, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.

Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін тұ\үсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды.бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.

Қорыта айтқанда, қандай да бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі орны бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің мазмұнын, мәнін құрайды. Сонымен, әлеуметтік рөл дегеніміз, әлеуметтік дүйеде белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс-әрекетінің жиынтығы.Әрбір статус бірнеше рөлдерден құралады. Нақтылы статустан шыққан бірнеше рөлдердің қосындысын рөлдер жиынтығы (набор) деп атайды. Әлеуметтік рөл рөлдік тосу, күту, үміт ету және рөлдік мінез-құлық болып екіге бөлінеді.

Рөлдік тосу, күту, үміт ету (ожидание) – бұл ойын ережесіне сәйкес нақтылы рөлден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рөлдік тәртіп дегеніміз, адамның өзінің рөлі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күнделікті өмірде адам бір рөлді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді.

Қоғам бұл мәселеде әр уақытта «осылай болу керек» деген қағиданы басшылыққа алады. Осыған сәйкес қоғамда бақылау жүйесі орнаған. Ол қоғамдық пікірден тәртіп сақтау органдарына дейін бар және осыған орай қоғамдық-әлеуметтік санкция жүйесі орнап, қызмет арқарады. Ол адамды ұялтып бетіне басудан (порицание), кінәлаудан, айыптаудан (осуждение), күштеуге дейінгі шараларға барады.

28.Әлеуметтанулық зерттеудің түрлері мен типтері. Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен  байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде  мәлімет алу және  оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

Социологиялық зерттеу төрт  өзара байланысқан  кезеңнен тұрады:

-    зерттеуге дайындық;

-    бастапқы ақпаратты жинақтау;

- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге  дайындау;

- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша,  есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым  бағдарлама  мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті  бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның  құрылымдық кезеңдері жөнінде  біршама тұтас  түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі  талдау объектісі  — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың  құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ  тәжірибелік құндылығы  жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық  зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады.  Аналитикалық зерттеу дайындығы  біршама уақыт талап ететін, мұқият  құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және  бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.

Қолданылған әдістер негізінде  бұл зерттеу  жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)

Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын  құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми  негізделу дәрежесінен  жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.

Социологиялық зерттеу  бағдарламасы – ғылыми құжат,  әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және  барлық бөлімдері бір  тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды  қолданудан тұрады.

Зерттеу бағдарламасы  екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және  әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің  негізделуі мен  тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын  анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері  кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері,  зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды.

Объективті  қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде жататын,  зерттеу түрін  айқындайды.  (оның теоретикалық немесе қолданбалы бағытын)

Социологиялық зерттеудің  объектісіне  кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір  қоғамдық қатынастар жатады.

Тар мағынада социологиялық зерттеу  объектісіне  қандай да бір әлеуметтік мәселенің,  яғни адамдар қауымдастығының  және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.

Зерттеу объектісін  суреттеу барысында  келесі сипаттамаларды ескеру қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды бағыттылығы (өндірістік,  тұрмыстық, саяси және т.б.),  уақытша шекаралары (зерттеу  жүргізу  мерзімін белгілейді).

Социологияның зерттеу әдістері:

1) сұрау әдісі. Өзара әрекет сипаты бойынша, сұрау жазбалы (анкета) және ауызша (интервью) болып ажыратылады. Жүргізу орны бойынша сұрау: тұратын жері, жұмыс жері, почталық және баспалық болып ажыратылады;

2) құжаттарды анализдеу;

3) бақылау әдісі;

4) эксперттік бағалау әдісі;

5) социометрия әдісі;

6) тәжірибе әдісі;

7) әлеуметтік қондырғыларды өлшеу.

29. Әлеуметтік конфликтілер фазалары мен әлеуметтік конфликтінің қарапайым түрлері. Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде “шиелініс” деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді.

Шиеліністі, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды,, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады.

Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік шиеліністер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-сңды болып көрмеген шиеліністі жағдайға ұласуы жиі ұшырасып отырды.

Шиеліністер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында қалыптасты.

Әлеуметтік шиеліністер мәселесі бүгінгі таңдағы күрделі, өзекті проблема болып табылады. Бұл мәселе - әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе. Мәселен, саяси ғылымдардың халықаралық ассоциясының 1997 – жылы Сеулде болған Дүниежұзілік конгресі осы мәселені талқылауға арналған.

Сол сияқты шиелініске оның негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар – екі жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, арандатушылар, арашашылар, ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар даболуы мүмкін. Шиеліністің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеліністі жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты рөл атқарады. Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т.б.

Ал, психологиялық сипаттамасы дегеніміз, жекелеген адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келебермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын “қиын” мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеліністің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз.

Әлеуметтік  жанжал - бұл қоғам мүшелері жалпы  мойындайтын өндіріс құралдарына, экономикалық көзқарастарға, билікке  немесе қандай да бір басқа құндылықтарға  жету (кейде сақтау) мақсатында және сонымен бір уақытта шынайы (немесе жалған) қарсыласын бейтараптандыру  немесе жаулап алу, жою арқылы жүретін  жеке адамдар арасындағы күрестің кез  келген түрі. Әлеуметтік жанжал - сөздің тар мағынасында - өмірлік қамтамасыз ету құралдары жөнінде: игіліктің  түрлеріне баға деңгейі бойынша, осы игіліктерге шынайы қол жеткізу  және өмірлік қамтудың басқа ресурстары бойынша болатын жанжал.

Жанжалдың көптеген түрлері бар. Олар қарқынымен, типімен, қатысушылардың құрамымен, себептерімен, мақсаттарымен және салдарымен, сонымен бірге қоғамдық өмірдің салалары бойынша ерекшеленеді. Жанжалды өзара әрекеттесу субъектісіне байланысты осылайша жіктеуге болады.

Тұлғалық  жанжал - ішкі күрес, жеке-дара сананың деңгейінде болады. Жүріс-тұрыстың тұрақсыздығынан көрінетін тұлғаның дағдарысы, психикалық жөнге салынбағандығы, қазіргі тым “сәтті” қоғам үшін төтенше типтілік құбылыс, ол баяғыда-ақ батыс әлеуметтанудағы ең ұнататын тақырыпқа айналды.

Тұлғааралық жанжал - жанжалдың ең кең тараған  түрі, жеке адам-жеке адам схемасы бойынша  іске асырылады. Екі немесе одан көп  адамдар арасындағы немесе топтар арасындағы келіспеушілік. Жанжалға әр түрлі мінезді, темпераментті, құндылықты бағалауда  ерекшеліктері бар адамдар бәрінен  көбірек түседі. Тұлғааралық өзара  әрекеттесу көп деңгейдегі топтыққа немесе әлеуметтілікке қарағанда психофизиологиялық факторлармен жанамаланған.

Топаралық жанжал - қарама-қарсы мүддеге ие әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар, адамдар арасындағы жанжал. Топаралық  жанжалдың өзіндік ерекшелігі бар  нысаны ретінде этноұлттық жанжал алға шығады. Тең құқықтық, теңдік, мүдделер тепе-теңдігі, диалог - өрлеу мен  әлеуметтік ұлттық салт-дәстүрді үйлесімді  сәйкестендіруге, қай ұлтқа жатпаса да барлық азаматтардың әлеуметтік мүмкіндіктері мен құқықтарын іске асыруға көмектесуді іске асырушы, шешуші принциптер.

30. Әлеуметтік конфликтілерді реттеудің жолдары мен құралдары. Әлеуметтік қақтығыстарды реттеу жолдары - әлеуметтік қақтығыстарды шешудің немесе олардың ширығушылығын бәсеңдету әдіс-тәсілдері. Саяси тәжірибеде әлеуметтік қақтығыстарды реттеу немесе олардың ширығушылығын бәсеңдетудің бірнеше түрлері бар. Алайда, бұл әдістердің қолданылатындары шамалы-ақ. Олардың барлығын төрт топқа жинақтауға болады: 1) қоғамда бар, орын алып отырған қақтығыстарды көзге ілмеу, мән бермеу; 2) қақтығысушы жақтардың біреуіне немесе барлығына қатысты репрессивті шаралар. қолдану; 3) ашық қақтығысқа әкелген алғышарттардың біразын жоюға бағытталған реформаларды жүзеге асыру; 4) қақтығыстардың тікелей себептерін жою арқылы қақтығысты түбегейлі шешуге тырысу.

Қақтығыстарды шешудің бірнеше түрі бар: заңға, сотқа сүйене отырып немесе келіссөз шақырып келісімге қол қою арқылы. Яғни қандай да заңдарға, нормативті актілерге, халықаралық келісімдерге немесе қандай да сот, арбитраж сияқты заңды институттарға сүйене отырып шешіледі. Бұл жол көбінесе ішкі саяси қайшылықтарды шешуге қолданылады.

Келесі жағдай ол – халықаралық қақтығыстар, мұнда халықаралық келісімдер мен конвенцияларды қолдану мүмкін бола бермейді, ал заңды аймақ жиі белгіленбеген. Бұл жағдайда жақтар өздері шешім іздеп немесе делдал көмегіне сүйенеді. Дәп осы шешімге келу типі халықаралық аренада саяси қақтығыстарды шешуде, тіптен кейбір ішкі қақтығыстарды шешуде қолданылады.

Делдал жақтардың келісімімен ешнәрсеге мүдделі емес, барлық жақтарға да бірдей көз-қарасты болуы керек. Ол қандай да мемлекет, ұйым немесе тұлға болуы мүмкін. Мәнісінде делдал шешім қабылдау барысында жақтардың қызығушылықтары мен мүдделерін есепке алуы керек, өйткені бұл келісім қақтығысушы жақтардың “саудасы”, және ол барлық жақтарға тиімді келісім болуы керек. Келісімге қақтығысушы жақтар қол қоя салысымен қақтығыс сөнеді.

Келісім процедурасы біткеннен кейін, қақтығыс субъектілеріне қатынастарын әрі қарай дамыту құралдарын іздеу керек. Белгілі саясаткер Ж.Фаве ойынша, татуласуды келісу, компромисс, бағындыру, беру арқылы жүзеге асыруға болады. Бірақ, басқару субъектісі қақтығысты шешу жолын таңдай отырып мемлекеттің мәдени-тарихи, өркениеттік, саяси даму жолдарын, дауды жүргізудің уақыттық ерекшелігі мен қызмет етуші тұлғалар психикалық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеруі керек. Келісім үрдістің негізгі тағы бір ерекшелігі шиеленіс мәселесінің бір бөлігінің ғана шешілуі, яғни бұл әрі қарайғы татуласуға немесе қайшылық үдеуіне әкеледі.

Келістіруші әдістер-тәуелсіз мемлекеттер арасындағы шиеленістерді шешуде мағызды роль атқарады. Бұл әдістің негізі шиеленісуші жақтарды тікелей қарым-қатынас жасап, келісімге келуінде. Бұндай әдістерге: келісімдер, кеңестер, қайырымды қызмет көрсету,татуластырушылық, фактті анықтау.келісу болып табылады.

Келісімдер- шиеленісуші жақтардың келісімге келу мақсатында тікелей қарым-қатынас жасауы. Іс жүзінде шиеленістер дипломатиялық каналдар арқылы шешіледі. Келісім жүргізу арнайы дайындықты қажет етпейді. Келісім арқылы саяси және заңды мәселелер шешіледі. Келісімдер екі жақты.көп жақты болады.

Кеңестер-келісімдердің бір түрі. Кеңестер ресми келіссөзге дейінгі шиеленісті шешу әдісі болып табылады.Келіссөздер - бірігіп шешім қабылдау үшін қажет. Келіссөздердің қатысушылары берілген үсынысқа келісетінін немесе келіспейтінін өзі шешеді. Бірігіп шешім қабылдау - бұл ортақ шешім, екі жақ үшін бүл осы жағдайдағы ең жақсы шешім болып табылады.

Келіссөздер қақтығыстарды реттеудің ең маңызды құралдарнының бірі. Бүл рефераи жүмысында келіссөздердің түрі, оның қатысушылары туралы мэліметтер бар. Келіссөздер кезеңі оларды топтастыру , эскери қақтығысына келіссөздерге өту кезеңдері жайлы мағүлматтар да бар. Ққатығысты бейбіт жолмен реттеуді бастау үшін келіссөздер жэне келіссөздер кеңестігін жақсы баламасының маңызы өте жоғары.

Қақтығыстардағы келіссөздердің қызметі мен олардың ара-қатынасы бейнеленген.Келіссөздерді жүргізудің бірінші сатысы ретінде келіссөздерге дайындық деп қарастырылған.

Келіссөздер - бірігіп шешім қабылдау үшін қажет. Келіссөздердің қатысушылары берілген үсынысқа келісетінін немесе келіспейтінін өзі шешеді. Бірігіп шешім қабылдау - бұл ортақ шешім, екі жақ үшін бүл осы жағдайдағы ең жақсы шешім болып табылады.

Күрделі процесс ретінде келіссөздер бірнеше этаптардан тұрады: келіссөздерге дайындық, оны еңгізу процесі, қорытындылар анлизі жэне де іске асырылған келісссөздерді орындау.

Келіссөздердің жалпы мінездемесі: түрлері, келбеті, функциялары.

Келіссөздер – бұл адамзаттың ерте уақыттан келе жатқан әмбебапты қарым - қатынас құралы. Бұл қызығушылықтар келіспегенде, пікірлер жэне көз - қарастар әртүрлі болғанда, келісім табуға көмектесетін құрал. Келіссөздердің тарихи дамуы барысында, ол 3 бағытпен қозғалды: дипломатиялық, саудалық жэне даулы сұрақтарды шешу. Төменде келіссөздер екі жақтың шиеленістің күшпен шешуді доғарылып, шиеленісті тоқтату қүралы ретінде қарастырылады.

31. Экономикалық әлеуметтанудың өзекті мәселелері мен бағыттарын сипаттаңыз. Экономикалық әлеуметтану жалпы  әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы  әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз  байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне  зерттеушінің қалауына қарай алынған  қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық  дамуының әлеуметтік  аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестіг, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдік ету – бағыну,басқару  – орындау)еңбеккерлердің өндірісті  басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің  тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының  әлеуметтік қорлары мен ресурстық  мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі  топтардың экономикалық іс-әрекеттің  себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының  артуына әсері, тағы басқалар жатадыЭкономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс  - бөлу – айырбастау  - тұтыну жүзеге асырылады.Ал, бұл процестің нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс». Нарық дегеніміз – тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.Ғылыми тілмен айтқанда ол тауар айналамының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған деген талу қабілеті бар сұраныс.Нарық теориясы ұдайы өндіріс теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туыпөсуімен қатар пайда болып дами бастайды әсіресе ол қала мен ауылда натуральдық шаруашылық ыдырап қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.Әлеуметтік зертттеу бұл екі процесс яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады өйткені зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың олардың топтарының мінез-құлықына аударылады.Адам және оның топтары- жұмысшы,қызметкер,тұтынушы,айырбастаушы,сатушы,сатып алушы,т.б ретінде қарастырылады.Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп,талдап отыру керек.Мысалы: Әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері – инабаттылылығы,ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі жауапкершілігі, белсенділігі шаруашылығы т.б қоғамдық өндірісті дамытып,оның өнімін көбейтуге сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

32. Әлеуметтік мобильділікке мысал келтіріңіз: горизонтальды мәжбүрлік, индивидуальды, жоғары көтерілуші. «Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.

Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар:

вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;

горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.

Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.

Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.

Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.

Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.

Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады.

Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.

Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін.

Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін.

Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге тұруға тырысады.әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.Жек мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен бірге оның ұйымдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдігі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мімкін.

Әлеуметтік мобильдік құбылысының екі өлшемі бар. Олар – мобильдіктің жылдамдығы және көлемі.

Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.

Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл процестің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Мысалы, кеңестер Одағында қарапайым адамның жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни, қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, облыс көлемінде басшылық қызметтеде жоғары беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған.

Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының жалпы санына қатынасы салыстырмалы көлемді пайызрақылы көрсетіледі.

Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің көлемі жоғары.

33. Әлеуметтік қақтығыстарды шешудің бейбітшіл амалдары бар ма? Атаңыз.Қақтығыстарды шешудің бірнеше түрі бар: заңға, сотқа сүйене отырып немесе келіссөз шақырып келісімге қол қою арқылы. Яғни қандай да заңдарға, нормативті актілерге, халықаралық келісімдерге немесе қандай да сот, арбитраж сияқты заңды институттарға сүйене отырып шешіледі. Бұл жол көбінесе ішкі саяси қайшылықтарды шешуге қолданылады.

Келесі жағдай ол – халықаралық қақтығыстар, мұнда халықаралық келісімдер мен конвенцияларды қолдану мүмкін бола бермейді, ал заңды аймақ жиі белгіленбеген. Бұл жағдайда жақтар өздері шешім іздеп немесе делдал көмегіне сүйенеді. Дәп осы шешімге келу типі халықаралық аренада саяси қақтығыстарды шешуде, тіптен кейбір ішкі қақтығыстарды шешуде қолданылады.

Делдал жақтардың келісімімен ешнәрсеге мүдделі емес, барлық жақтарға да бірдей көз-қарасты болуы керек. Ол қандай да мемлекет, ұйым немесе тұлға болуы мүмкін. Мәнісінде делдал шешім қабылдау барысында жақтардың қызығушылықтары мен мүдделерін есепке алуы керек, өйткені бұл келісім қақтығысушы жақтардың “саудасы”, және ол барлық жақтарға тиімді келісім болуы керек. Келісімге қақтығысушы жақтар қол қоя салысымен қақтығыс сөнеді.

Келісім процедурасы біткеннен кейін, қақтығыс субъектілеріне қатынастарын әрі қарай дамыту құралдарын іздеу керек. Белгілі саясаткер Ж.Фаве ойынша, татуласуды келісу, компромисс, бағындыру, беру арқылы жүзеге асыруға болады. Бірақ, басқару субъектісі қақтығысты шешу жолын таңдай отырып мемлекеттің мәдени-тарихи, өркениеттік, саяси даму жолдарын, дауды жүргізудің уақыттық ерекшелігі мен қызмет етуші тұлғалар психикалық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеруі керек. Келісім үрдістің негізгі тағы бір ерекшелігі шиеленіс мәселесінің бір бөлігінің ғана шешілуі, яғни бұл әрі қарайғы татуласуға немесе қайшылық үдеуіне әкеледі.

Келістіруші әдістер-тәуелсіз мемлекеттер арасындағы шиеленістерді шешуде мағызды роль атқарады. Бұл әдістің негізі шиеленісуші жақтарды тікелей қарым-қатынас жасап, келісімге келуінде. Бұндай әдістерге: келісімдер, кеңестер, қайырымды қызмет көрсету,татуластырушылық, фактті анықтау.келісу болып табылады.

Келісімдер- шиеленісуші жақтардың келісімге келу мақсатында тікелей қарым-қатынас жасауы. Іс жүзінде шиеленістер дипломатиялық каналдар арқылы шешіледі. Келісім жүргізу арнайы дайындықты қажет етпейді. Келісім арқылы саяси және заңды мәселелер шешіледі. Келісімдер екі жақты.көп жақты болады.

Кеңестер-келісімдердің бір түрі. Кеңестер ресми келіссөзге дейінгі шиеленісті шешу әдісі болып табылады.Келіссөздер - бірігіп шешім қабылдау үшін қажет. Келіссөздердің қатысушылары берілген үсынысқа келісетінін немесе келіспейтінін өзі шешеді. Бірігіп шешім қабылдау - бұл ортақ шешім, екі жақ үшін бүл осы жағдайдағы ең жақсы шешім болып табылады.

Келіссөздер қақтығыстарды реттеудің ең маңызды құралдарнының бірі. Бүл рефераи жүмысында келіссөздердің түрі, оның қатысушылары туралы мэліметтер бар. Келіссөздер кезеңі оларды топтастыру , эскери қақтығысына келіссөздерге өту кезеңдері жайлы мағүлматтар да бар. Ққатығысты бейбіт жолмен реттеуді бастау үшін келіссөздер жэне келіссөздер кеңестігін жақсы баламасының маңызы өте жоғары.

Қақтығыстардағы келіссөздердің қызметі мен олардың ара-қатынасы бейнеленген.Келіссөздерді жүргізудің бірінші сатысы ретінде келіссөздерге дайындық деп қарастырылған.

35. Әлеуметтану ғылым болып табылады ма? Дәлелдеңіз.Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр. Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр.Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді. Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды. Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды. Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады. О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер. Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды.Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, әлеуметтану жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік » әдістерге сүйенеді.Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді. Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардың әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырды. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік бірлестіктері, одақтары шықты, олардың ішінде корпоративтік эгоисттік мораль пайда болады. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады. О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.

Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:

1) жалпы әлеуметтік қағида;

2) арнайы әлеуметтік қағида;

3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық зерттеу) – бұл әлеуметтік білімнің эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің вертикальды білім срезін құрайды. Көлденең срезі қоғамның жеке өмір әрекет салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның құрайды.

Мұндай оқу жолын 20-шы жүзжылдықтың 60 жылдары американ социологы Р.Мертон ұсынды және әлеуметтік білімнің 3 деңгейін құрастырды: әлеуметтік қағиданың кең деңгейі, орташа ранг қағидасы және соңғысы күнделікті зерттеулерден пайда болатын кіші жұмыс гипотезасы. Мертон бойынша, «орташа деңгей” қағидасы жалғыз жүзеге асатын және көңіл бөлуге тұрарлық қағида. Бұл қағида негізгі анализ дәрежесі ретінде Мертон үшін, индивид пен қоғамдық құрылым арқылы жүзеге асатын, әлеуметтік топ болып шықты. Мертонның әртүрлі қағидасының анализі мен мұқият сипаттауы нәтижиесінде, 60-70-шы жылдары үш деңгейлі білім концепциясы құрастырылды. Бұл концепцияның дамуы негізінде өз кезекте әлеуметтік ғылымның екінші деңгейі жөнінде көрініс толықтырыла бастады.

36. Индустриалдыға дейін, индустриалды немесе постиндустриалды қоғамның қай түрі орта тап қоғамына сәйкес келеді? Өз жауабыңызды негіздеңіз.Индустриалды қоғам- индустриалды революция негiзiнде үш әлеуметтiк- экономикалық заңдарды жүзеге асырды: уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi көтерiп асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк тәртiптiн бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс конвергенция тезисi деп аталады. 20 ғ. екiншi жартысынан Еуропа елдерiнде басталған бұл үрдiс көптеген Азия және Африка елдерiнде де байқалады, олардың бәрi келесi шарттарға сай болуға ұмтылады:

*еңбектiн терен әлеуметтiк және техникалық бөлiнiсi;

*отбасының өндiрiс орыны мен еңбек орынынаң бөлiнуi;

*мобильды және тәртiптi өндiрiс күшiн, еңбекшiлердi қалыптастыру;

*экономикалық есептеулердi, жоспарлауды және инвестициялауды белгiлi бiр рационалды түрде ұйымдастыру;

*секуляризация (дiннен азат болу), урбанизация (қалалану), әлеуметтiк мобильдiлiк және демократизациялану үрдiстерi кең етек алады.       

 1)Ұлттардың пайда болуы- бiр тiлге негiзделген, территория,мәдениет, экономикалық қатынастар бiрлiгi байқалатың тарихи қалыптасқан адамдар бiрлестiгi. 2)Ұлттық мемлекеттердiн пайда болуы, олардың  нақты шекараларының бекiтiлуi. 3) Халықтық билiкке, демократияға, басқару органдарының көпшiлiк пен сайлануы, көп партиялардың болуы. 4) Ақпарат құралдары арқылы адам санасына әсер ету. 5) Өндiрiстiң комерциализациялануы, «Бәрi сатылада!», рыноктың ңығайтылуы, капиталға негiзделген жеке меншiк бiрiншi орында. 5) еңбек өнiмдiлiгiнде революция байқалады, 20ғ. 75-80 жыл арасында пролетариатты орташа әлеуметтiк топқа айналдырған: а) механизация негiзiнде машиналы өндiрiстiн басым болуы; в) фабрикалық негiзде өндiрiстi қайта ұйымдастыру (ғалым- лаборотория, кiтапхана). 6)аул шаруашылығымен айналысушылардын санынын азайюу, индустриялды секторда көбейюi. 7) урбанизация, мобильдiлiк процестер  аул өмiрiне қарсы процестер (адам құлап қалса, қызға бiреу тисiп жатса). 8) көпшiлiктiң сауатты болуы байқалады: а) квалификацияның көтерiлуi, в) баспа сөз өнiмдерiнiн көбейуi, г) бiлiм беру институттарының қалыптасуы. 8) ғылымның практикалық маңыздылығының көтерiлуi.

Постиндустриалды қоғам- (1962ж. Дэниел Белл «Постиндустриалды қоғамның келуi») немесе информациялық қоғам деп атауға болады, өйткенi оның ядросы информациялық технологиялардың қарқынды және шапшан дамуы болып табылады. Егер инд-ды қ. индустриалды революцияның нәтижесi болса, онда постинд-ды қ. информациялық революция нәтижесi. 1) экономикада өндiрiстiн ролi төмендеп информация өндiру және оған қызмет көрсетудiн (сервис) ролi күннен күнге жоғарлап барады. Қазырғы заманда информация негiзгi байлыққа айналып барады, оның ерекше белгiлерi: жер мен капиталға қарағанда ол шексiз, бәрiне де қолайлы және қолданған кезде азаймайды, арзан, ал оны сақтау және жонуы (переработка) қыйынға түспес, ал бұл оның өнiмдiлiгiн арттырады; 2) оның техникалық базасы компьютер технологиялары және коммуникация құралдары б.т; 3) «ұлтаралық шекаралардың» бұзылуы, батыс Еуропа елдерi Шенген келiсiмi бойынша қай болсын елге визасыз бара алады, тәнертен Германия-Бельгия-Голландия-Франция-Испанияда кешке болуы мүмкiн, немесе АҚШ және Канада; 4) халықаралық ұйымдардың ролiнiң көтерiлуi (ООН, НАТО, ОБСЕ, ПАСЕ);  5) Демократияның дамуы (Олвин Тоффлер) 6) жеке меншiктiн орнына корпаративтi және институционалды меншiк келедi (О.Тоффлер-жлпы қоғамдық байлық жасау, өндiру тәсiлi қалыптасады) инф-қ техн-ға негiзделген адамның дене күшi емес оның интелектувлды күшi пайдаланады, өндiрiс тәсiлi бiлiмге негiзделедi (ақша-информация, ақша-кредит карточкасы, электронды ақша,  өндiрiсте капиталдың- акция); 6) Завод- офис, ал Тоффлер- «электронды котедж», үй жұмысы компьютердi, мультимедия, телекомуникацияны қолдану арқылы жүзеге асады д.е.7) интелектуалды еңбекпен айналысушыларға тән субурбанизация- қала шетiнде орналасу; 8) Функционалды сауатсыздық, оқу, жазу, есептеу дағдылардың жойылуы, информациялық игiлiктердi материалды мен салыстырғанда өзiне алып алуға болмайды, оны тек түсiну, ұғұ қажет; (освоена, а не присвоена), ткстi оқығаннаң кейiн оның мазмұны бойынша жауап бере алмау, оның оқи алмайтының бiлдiредi.

 Келешекте «супериндустриалды» қоғамға келемiз деген болжам бар, ал бiз оны «информациялық қоғам» деп атаған жон көремiз.

37. Әлеуметтанудың мәні неде және оның қазіргі жағдайдағы рөлі не үшін өсуде?Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.

Атақты ағылшын ғылымы ДЖ.Херд «Әлеуметтануға кіріспе» еңбегінде, әлеуметтану адамзат қоғамы жөнінде ғылым ретінде белгіленеді. Оның отандасы Э.Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта айқындалу формаларында қарастырады. «Әлеуметтану – бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу».

Әлеуметтану біржарым ғасыр аралығында өмір сүріп жатыр. Осы аралықта әртүрлі социологиялық ағымдар, бағыттар, мектептер қалыптасты. Олардың әрқайсысы өз пән саласын айқындады және оны белгілі танымдық нәтижилер шектеулерінде жетті.

Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.

Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеуметтануға идеологиялық – апологетикалық роль берілді.

Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.

Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.

В.А.Ядов «Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым» деп жазады.

Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда — еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.

38. Э. Дюркгеймнің аномия теориясы мен Р. Мертонның девианттық мінез-құлық типологиясының мәнін ашыңыз. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққажауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.[2]

Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшінаномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

  • қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);

  • тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

  • микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.

  • Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицидт.б. жатады.

  • Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

  1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

  2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

  3. Наша сату және тарату.

  • Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.

Аномия теориясы. Француз социологы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) аномия түсінігіне енгізді («заңды білмеу», «заңсыздық» деген мағынаны білдіретін грек сөзі). Дюркгейм аномия – капиталистік қоғам үшін дұрыс жай деп санайды, онда барлығы мүмкіндік берілген, бірақ барлығы тең емес. Оның айтуы бойынша, байлық пен биліктен айырылған адамдар әлеуметтік нормалар мен заңдарға қарсы шығады. Дюркгейм девиантты тәртіп ретіндегі аномияның себебі – «қоғам» деп есептеген, қоғам адамдарды тең емес қылдырады. Қазіргі социологтар адамдардың жеке басының қасиеттеріне аса үлкен көңіл бөледі. Аномияның себебі болып адамның әртүрлі көңіл – күйі: көмексіздік, жауапсыздық, моральдік бағыттың болмауы және саяси экстремизм. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]