
- •Макро және микроәлеуметтану
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтанудың ғылымдар жүйесінде алар орны (басқа ғылымдармен байланысы)
- •«Әлеуметтік топ» ұғымының анықтамасы. Оның белгілері. Әлеуметтік топтардың түрлері.
- •19. Девианттық мінез-құлықтың негізгі түрлері
- •27. Тұлға дамуының теориялары
- •40. Әлеуметтік модернизация, индустриалдыққа дейінгі қоғам, индустриалдық қоғам, постиндустриалдық қоғам ұғымдарын сипаттаңыз.
Әлеуметтанудың ғылымдар жүйесінде алар орны (басқа ғылымдармен байланысы)
Социология жеке дара емес, басқа әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Ол әлеуметтік философия, тарих, саясаттану, экономика, психология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты.Енді осы ғылымдардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін жеке дара қарастырайық.
Социология да, әлеуметтік философия да қоғамды тұтастай, жүйе-жүйесімен, оған енетін бірліктердің жай қосындысы бола бермейтін интегральды құрылым ретінде қарастырады.
Әлеуметтік философия қоғамды әлемдік жаратылымның ерекше бір бөлігі ретінде кең ауқымда қарастырып, оны ортақ ұғымдардың , заңдардың, категориялардың көмегі арқылы сипаттайды. Әлеуметтік философия қоғам дамуын табиғатта, қоғамда, адамның ойлауында өмір сүретін жалпы философиялық заңдардың осы процестегі өзінше көрінісін таба отырып талдайды.
Ал социология қоғамның жалпы философиялық заңдардың, категориялардың, ұғымдардың ауқымына сия бермейтін өзіндік ерекше әлеуметтік байланыстары мен әсері, қырлары, жақтары мен ерекшеліктерін зерттейді.
Егер әлеуметтік философия өзінің дамуында қоғам туралы арнайы ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетін болса, социологиялық зерттеулер басқа да қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, эмпириялық тұрғыдан тексеруге болатын әлеуметтік деректерді жинау мен талдауға, жинақталған эмпириялық мәліметтерге тікелей негізделеді.
Енді социология мен тарихтың айырмашылықтарын қарастырайық.
Тарих қоғамның өткенін зерттеп, оның даму жолдарын нақтылы жүйемен түсіндіруге мән береді, ал социологияда қоғамның ағымдағы құрылымы мен өмір сүруіне көңіл аударылады.
Социология сияқты тарих та философиялық теорияларға сүйенеді. Әлеуметтік философия социологияның да, тарихтың да жалпы теориялық-методологиялық негізін құрайды. Сондықтан да тарихта әлеуметтік мәліметтер, социологияда тарихи деректер кеңінен қолданылады.
Сонымен философия да, тарих та, социология да қоғамды өз тұрғыларынан зерттейді: философия қоғамның дамуы мен өмір сүруінің жалпы заңдарын ашады; тарих осы заңдардың тарихи қозғалыста жүзеге асуын қарастырады; ал социология қоғам құрылымындағы осы жалпы заңдарды нақтылай түседі.
Социология саясаттанумен де тығыз байланысты.
Социология қоғамды оның әлеуметтік құрылымы, адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік мәртебесі, олардың өзара әсері тұрғысынан қарастырады.
Саясаттану болса, қоғамға азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талдау тұрғысынан келіп, саяси жүйенің құрылымы мен саяси билік қатынастарын зерттейді, саяси институттардың орнын, рөлі мен қызметін айқындайды.
Экономика ғылымының социологиядан айырмашылығына келетін болсақ, экономика қоғамды тұтас жүйе ретінде емес, оның бір ғана экономикалық саласын, материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін тұтас күйінде зерттейді.
Социология қоғамның тұтас жүйе ретінде қалыптасып, даму заңдылықтарын зерттейді.
Социология психологиямен де тығыз байланысты.
Психология индивидтің ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын, психикасын қарастырса, социология индивидтің іс-әрекетін, әлеуметтік тәртібін, қоғамдағы орнын, мәртебесін, қарым-қатынасын қарастырады.
Сондай-ақ социология құқықтану, мәдениеттану, демография т.б. ғылымдарымен тығыз байланысты.
Қазіргі заманда қоғамдық өмірдің реформалануына, әлеуметтік фактор мен әлеуметтік ортаның рөлінің өсуіне, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуына байланысты социология ғылымының рөлі мен мәні, қоғамды дамытудағы ықпалы барған сайын арта түсуде. Қоғамды қарсатыру барысында қоғамдық және әлеуметтік ұғымдары пайдаланылады.
Әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы қарым-қатынастардың, индивидтердің бірлескен іс-әрекеттерінің жиынтығы, олардың қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен процестерге қарым-қатынасы.
Әлеуметтік – социологияның негізгі категориясы. Құрамында топ, тап, жік, ұйым, ұлт, халықтары бар әлеуметтік қоғам социологияның негізгі зерттеу нысаны болып саналады.
Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік ұйымдар социологияның маңызды категориялары болып табылады. Бұдан басқа, жалпы әлеуметтік категорияларға қоғам, жеке адам, стратификация, әлеуеттік жүйе, халық, ұлт т.б. категориялар кіреді.
Негізгі қызметтеріне қарай социологияның методологиялық категориялары төрт топқа бөлінеді.
Социологиялық категориялардың бірінші тобына тұжырымдамалық сипаттағы методологиялық аппаратты жасауға қызмет ететін категориялар жатады (әлеуметтендіру, әлеуметтік бейімделу, қоғамдық пікір,әлеуметтік тәртіп т.б.).
Категориялардың екінші тобына құралдық сипатта болатын категориялар жатады ((әлеуметтік белсенділік, еңбегіне қанағаттану т.б.).
Социологиялық категориялардың үшінші тобына әлеуметтік таным әдістерінің, оның құрылымының, механизмдерінің мәнін ашатын категориялар жатады (зерттеу нысаны, зерттеу пәні, талдау, қорыту, интерпретация, идентификация т.б.).
Төртінші топқа зерттеу «технологиясының» категориялары жатады
( қосылған бақылау, контент-талдау, сұрыптау, респондент т.б.).
Кез-келген ғылымның, соның ішінде социологияның да негізгі мазмұны оның пәніне қатысты заңдар мен заңдылықтарды ашудан көрінеді. Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік процестердің, әлеуметтік әрекеттердің қажетті байланысының көрінісі.
Әлеуметтік заңдарды білу қоғамдағы құбылыстарды зерттеу, әлеуметтік процестерді басқару істерінде аса маңызды. Әлеуметтік заңдардың өмір сүріп, әрекет етуі социологияға өмір деректеріне ғылыми тұрғыдан келуде мол мүмкіндіктер ашады.
Сонымен социология ғылымы ғылыми негізделген әлеуметтік саясатты жасауда, оны жүзеге асыруда қолданылатын шаралардың тиімділігін арттыруда айрықша рөлге ие.
Әлеуметтану ғылымының тарихи дамуының классикалық кезеңі.Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыдакөрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтанутұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады дегенидеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының,санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларынтұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдантүсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігіжерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізіндетүсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сынтұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғнипозитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері менмазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақтыбайланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет.Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арадабасшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объектқарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болды. Осығанорай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал,әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенді "позитивтік”әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылыэмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оныкооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені біржағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардыіңәл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бүл факторлар қоғамға кері әсеретті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіпқанаушылыққа жол берді. әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардыңтүрлі корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатынадамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О.Конттың пікірінше, осы адамдардыңарасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.
Әлеуметтану ғылымының тарихи дамуының классикалық емес кезеңі.Макс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объектитілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.
М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды.Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методологиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырды. Бұл оның “идеалды типтер” әдісіне жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі.) ол зерттелетін маңызды құбылыстарды адамның ой-пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А.И.) негізінде жасалады.
Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шын,дықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлауының, ой-пікірінң жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, “капитализм, “экономикалық адам”, “дін”, “хрестиандық”, т.б.М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі блып есептеледі. Осыларға сәйкес әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқынан бастауы қажет. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны әр уақытта қызықтарып отырады, өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады. Осыған орай, әлеуметтану “түсіну” ғылымына айналады.
М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес,сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке – дара нысаланбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталды. М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды қолданады. Сондықтан, М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады, ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процесттің басты бағытыАқыл-парасаттылық, ақылға жеңдірушілік тек қана адам және топ тәртібінде ғана болатын қасиет емес, сонымен қатар шаруашылықты басқаруға, жалпы адам өмір салтына да тән қасиет. М. Вебердің пікірінше, капитализмнен бұрын болған қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орын алды. Ақыл-парасаттылық тек қана капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі принципінде (яғни, басшылыққа алып отыратын ой-пікір) болады.
Бұл жерде М. Вебер ойының тағы бір қыры ашылып отыр – ол экономиканы дінмен байланыстырады. “Протестанттық этика және капитализм рухы” деген еңбегінде М. Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс- әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. М. Вебер осы тұрғыдан діни сенімдердің, діни этиканың, әсіресе, оның адамгершілік ілімін капиталистік экономика дамуының негізгі ынталандыру факторы және адамдардың еңбек сүйгіштігін, ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін, т.б қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады.М. Вебер капиталистік қоғамды үнемі мақтамайды. Ол бұл қоғамның алуан турлі өлшемдерін, күрделілігін, ондағы орын алып отырған қайшылықтарды, әсіресе, алуан түрлі таптар мен топтар арасындағы қарым-қатынастарды жақсы біліп талдап отырды.
М. Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен беделіне, мәртебесіне, қадіріне (престиж) және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қарай бөлді, олардың арасындағы дау-дамай, жанжалды дұрыс бейнелеп көрсетті. Ол шенеуніктік – бюрократтық аппараттың билікті пайдаланып, адамдарға көп қысым жасап отырғанын атап көрсетті. Ол осымен қатар Маркстің пролетариат диктатурасы туралы ілімін өткір сынға алды. Вебердің бұл пікірлері де көпшіліктің көңілінен шықты.
М. Вебердің пікірінше, еуропалық өркениеттің (мәдениеттің) даму процесінде қоғамдық өмірде парасаттылықтың (әсіресе, экономикада, саясатта, ғылымда, исскуствода) күшеюі байқалады. Мұнда М.Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр. Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси билікті мойындауы болып табылады. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай жүзеге асырылуы керек. Яғни мемлекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекттік билік конститутциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей М.Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:
харизматикалық легитимдік;әдет-ғұрып легитимділігі; ақыл-парасат, құқық легитимдігі.Бұл тұрғыдан алғанда өкіметтің бюрократтық үстем ету түрі формальды, заңға сүйенген, құқықтық өкімет болды. Мұндай өкіметтік үстем ету еуропалық капитализмнің пайда болу кезеңінде шықты. Бұл басқа үстемдік етудің үлгісінен біршама жоғары тұрғанымен әлі күнге солқылдақтық танытып келеді. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы, Вебердің ойынша, плебицитарлық демократияны дамыту.Плебицит –ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың ой-пікірін сұрау, анықтау негізінде үстемдік ету. Бұл жалпы халыққа саяси лидерді (мысалы, президентті) сайлауға мүмкіндік береді. Осыған орай жаңадан сайланған лидер елді халық атынан басқаруға мүмкіндік алады. М.Вебер әлеуметтік страфикация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
Әлеуметтану ғылымының тарихи дамуының постклассикалық кезеңі.Бүгінгі түсініктегі «мәдениет» сөзі Еуропада XVIII ғ. екіншіжартысында, Ағарту дәуірінен бастап кең қолдануға түсті. XVIII ғ.ойшылдары бұл сөзбен табиғи, стихиялы, хайуанаттық болмысқақарағанда адами өмір бейнесінің ерекшелігін белгілеу үшінпайдалана бастады. Осы сөздің ертерек аналогтары қытай («жэнь»)және үнді («дхамма» - пали тілінде, «дхарма» («джарма») – санскриттілінде) философиясында, қала берді гректерде («пайдейя») кездеседі. Ғылым мәдениеттің маңызды элементі болып табылады. Ғылым өзіне жаңа білім алу сияқты ерекше қызметті және осы қызметтің нәтижесін – әлемнің ғылыми картинасын білдіретін осы сәттегі алынған ғылыми білімнің көлемін біріктіреді. Ғылымның тікелей мақсаты – шынайылықтың үдерістері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжамдау. Ғылыми қызметтің нәтижесі теориялық суреттеулер, технологиялық үдерістердің жобасы, экспериментті мәліметтердің, формулалардың т.б. жиынтығы түрінде көрінеді. Қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда, ғылыми қызметтің нәтижесі принципиалды түрде дәстүрлі емес. Мысалы, оны мәдениеттің тағы бір маңызды элементі – өнерден логикалық, кең көлемде жинақталған, объективті білімге деген құштарлық ерекшелейді. Өнерді үнемі «бейнелі ойлау» ретінде сипаттайды, ал ғылымның өзі «түсініктегі ойлау» болып табылады. Бұл өнер адамзаттың шығармашылық қабілеттілігінің сезімтал-бейнелі жағына қарай сүйенсе, ал ғылым түсініктік-интеллектуалды жағына сүйенетіндігін көрсетеді.Ғылыми қызмет – бұл адамзат өмірінің қызметінің бір бөлігі, ал ғылым – бұл мәдениеттің бір бөлігі. Мәдениетті ғаламда болмыстың адамзаттық тәсілі ретінде түсінген жағдайда ғана ғылымды түсінуге болады. Мәдениеттің көптеген түрлі анықтамасы бар. Мысалы, американдық тарихшы және антрополог Эдуард Тейлор мәдениетті «қоғам мүшесі ретінде адам игеретін білім, сенім, өнер, адамгершілік, заңдардың» бірлігі ретінде анықтайды. Батыс философы мен тарихшысы Й.Хейзинг өзінің "Homo ludens" ("Человек играющий") деген кітабында мәдениетті адамзатқа өзін түрлі ойындар формасында анықтауға мүмкіндік беретін ойын болмысы ретінде айқындайды. Мәдениеттегі өмір – бұл бақталастық, демонстрация, қыр көрсету, белгілі бір шектелген ережелер, шиеленіс пен болжауға болмайтын жағдайлар орын алатын сол немесе басқа адамзат ойынына қатысу. Неміс философы Эрнст Кассирердің «Символдық формалар философиясы» атты еңбегінде мәдениет түрлі символдық формалар мен мәдениет символдарының әлемі мен қозғалысы ретінде қарастырылады. Ал неміс тарихшысы Оствальд Шпенглер мәдениетті өзінің туу кезеңі және өмірлік циклі бар, мәдениет апатымен аяқталатын тірі тарихи суперағза ретінде қарастырылады. Қазіргі кезеңдегі постклассикалық емес ғылым. XX ғ 2ж. Ғылымда өзгерістер болды, яғни ғылым дамуының посткласикалық емес кезеңі басталды. Постклассикалық емес кезеңнің белгілері: ғылыми қызмет сипатының өзгеруі, пәнаралық зерттеудің және кешенді зерртеу бағдарламасының таралуы, экономикалық және әлеуметтік сасяси факторлар мен мақсаттардың мәнінің өсуі. И. Пригожин, Г. Хакен, Э. Янч, У. Матуранның және т.б. зерттеулерінде эволюциялық-синергетикалық парадигма қалыптасады. Ф.Капра жүйелілік парадигмасы туралы айтады. Ол Дж. Чу, Г. Бэйтсон, Д. Бом, Э. Ф. Шумахер, И. Пригожин, Э. Янчтың еңбектерінде көрсетілген. Метологтар ғылымның экологиялық және гуманизация тенденцияларын көрсетеді. Постклассикалық емес ғылымның экологиялық бағыты А. Нэсс, Б. Девал, Дж. Сешенс, Б. Каликотт, Л. Н. Эверден, Б. Токкар, Ю. Харгроувты байланыстырады. Ал гуманизация ойлаудың экологизациясы, тіл анализі, психоанализ арқылы жаратылыстану ғылымдарында орын алады. Постклассикалық емес ғылымның объектісі өздігінен дамитын күрделі жүйелер, табиғи жиындар, мысалы адамдар. Бұл объектілер «адами өлшем» терминімен белгіленеді. Постклассикалық емес ғылымның өзекті идеялары: нелинейность, коэволюция, өзін өзі ұйымдастыру, жаһандық эволюционизм, жүйелік идеясы. Постклассикалық емес ғылым қалыптасу және өзін - өзі ұйымдастыру (синергетика) парадигмасына негізделеді.