Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
istoria_polnaya_versia.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

75. Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстандағы кеңестік қоғамда қайта құру тұсындағы белсенділіктің арту барысын ашып беріңіз.

1985 жылдан бастап елімізде қайта құру процесстері басталды. Қайта құру процестері Кеңес Одағы Коммунистік партиясының 1985-1991 жылдар арлығында бірінішісі хатшысы болып істеген М.Горбачевтың есімімен тікелей байланысты болды. 1985 жылы СОКП Орталық комитетінің сәуір пленумында «Әлеуметтік-экономикалық дамуда» жеделдету бағыты жарияланды. Әлеуметтік салада мектептерді компьютерлендіру, маскүнемдіктен күрес, еңбексіз табыс табумен күрес мәселесі қойылды. 1987 жылы СОКП орталық комитетінің қаңтар пленумы елімізді экономикалық және саяси реформаларға бастама болды.

Экономикалық реформаларды дамытуда екі бағыт бойынша жүргізу көзделді. Бірінші мемлекеттік өндіріс орындарының өзін-өзі билеуін кеңейту, екіншісі, экономикадағы жеке меншік сектордың рөлін кеңейту еді.

Сонымен бірге саяси өмірде М. Горбачев «жариялық» түсінігін енгізді. Соның нәтиежесінде елімізде қордаланып қалған саяси өмірдегі көптеген мәселелер жарыққа шығып, демократия ұғымдары қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды.

Одақты қайта құру идеясы п.б. және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қаз.тер-ғы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және эконом. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі тур. батыл мәлімденді. Бірақ мұның бәріне мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Қоғамды жаңарту туралы көп сөздер айтылғанымен, ол іс жүзіне асғады.

Сонымен бірге 1988-1991 жылдары КСРО-ның сыртқы саясаты түбірінен өзгеріске ұшырады. Жаңаша саяси ойлаудың нәтижесінде алғаш рет Америкамен соғыс қару-жарақтарын жасаудан жарысу тоқтатылып, әлемдегі соғыс қаупін болдырмау шаралары іске асырылды. Алыс және орта қашықтыққа ататын ракеталарды жоюға келісті. 1988 жылдан бастап Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады.

76. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ның құрылуының проблемаларын талдаңыз.

1990 және 1991 жылдары еліміздегі басты мәселелердің бірі жаңа Одақтық келісімге қол қою болды. Жаңа келісім шартқа 1991 жылы 20 тамызда қол қою көзделген еді. 1991 жылы тамыздың 19-ы мен 21-і арасында Кеңестер Одағында әскери төңкеріс әрекеті жасалды. Төңкерісті ұйымдастырушылар Г.Янаев, О.Бакланов, В.Павлов елде төтенше комитет құрды. Олар ел Президенті М.С.Горбачевті үш тәулік бойы Форостағы демалыс үйінде қамауда ұстап, өз еркімен Президенттік өкілдігінен бас тартуды талап еткен. Сонымен бір мезгілде, 19-20 күндері әскери бөлімдер күшімен Россия жоғарғы Кеңесінің үйін басып алуға бірнеше рет әрекет жасады. Ельцин бастаған Россия басшыларын халық қолдады. Соның нәтижесінде төңкерісшілер Ақ үйді басып ала алмады.

Бұл күндері Қазақстанда жағдай бір қалыпты болды. 20 тамызда Н.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, төтенше комитетінің іс-әрекеттерінің ешқандай заңға, Конституцияға сәйкес келмейтінін ашық айтты. Осы оқиғадан кейін Одақтық шартқа басқаша көзқарас туды. Бұл оқиға Одақтың ыдырауын шапшаңдатты. 1991ж 8 желтоқсан Минскідегі Беловеж келісімі, (Беларусь, рксфср, Украина республиканың басшылары) қаралған мәселе - 1922 КС құру туралы келісім шартты жою, ТМД құру туралы келісімге келу, 1991 13 желтоқсан Ашхабад келісімі. Қаралған мәселе: 1. Беловеж кездесуінде қабылданған шешімді қолдау; 2. Алматы кездесуін жоспарлау.

Сонымен бірге 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда тоғыз мемлекеттен тұратын тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды. Алматы кездесуінде КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылғаны туралы Декларация қабылданды.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін «Тәуелсіздік туралы заңын» жариялады. Оның негізгі тұжырымдарын қысқартып айтатын болсақ,

-1бабында былай дейді: Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқтық мемлекет. Ол өз территориясында үкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді.

-2-ші баб. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттерімен өзара қатынас халықаралық құқ принциптері бойынша құрады.

-3-ші баб. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқ нормалары қолданылады.

-4-ші баб. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында бітұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылды.

-5-ші баб. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми техникалық потенциал Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрай отырып, тек қана соның меншігінде болады.

77. Қаз-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануына оның Конституциясы мен мемлекеттік рәміздеріне талдау жасаңыз.

Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы саяси реформалар. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси саладғы мақсаттар мынадай басты міндеттерге жұмылдырылды. Күшті Президенттік басқару бағытындағы мемлекеттің дамуы, көппартиялық жүйені құру; тұрақты экономикалық реформаны қамтамсыз ету; көп бағытты әскери-саяси және экономикалық одақтармен келісімдерге келу, демократиялық құқықтар мен адам бостандығын сақтай отырып, Қазақстанның әлемдігі саяси салмағын көтеру, әлемдік қатынаста Қазақстанның геосаяси жағдайын пайдалану болды.

Рәміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Елтаңба, Ту, Әнұран - әрбір тәуелс.мемл.ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым Қаз.тарихында мемл. рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн. ҚР туының авт. – Ш.Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қ- халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн – энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мемл. билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда “Қошқар мүйіз” д. а.қазақы өрнек салынған. Тәуелс. Қ-ың жаңа Елтаңбасының авт.– Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Қ-н Әнұраны әуенінің авторлары – композиторлар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди болса, мәтінінің авт. – ақындар М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева. Әнұранда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс тапқан. Әнұран патриоттық сезімнің белгісі. Әнұранның әуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді. 2007 ж. 7 қаңтарда «Қаз.Респуб.мемл. рәміздері туралы» конст-қ заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы Әнұранның орнына жаңа Әнұранның мәтіні қаб. Еліміздің жаңа Әнұраны - жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авт. – Жұмекен Нажмиденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов. Жаңа Әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Пр-і Н.Ә.На тарапынан толықтырылды. Ал 2007 ж. Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемл.рәміздер күні болып белг. Бұл – Мемл.рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі. Мемл.рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.

1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл бірінші Конституциямыз, елімізде демократияны дамытуда, құқықтық мемлекеттің заңдық базарларын қалыптастыруда, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын дамытуда үлкен роль атқарды.

Сонымен бірге бұл Конституциядағы көптеген әлеуметтік жеңілдіктер, экономикадағы нарықтың заңдарымен сәйкес келмеді. Сондай-ақ еліміздегі Президент билігін күшейту және заң шығару саласын жетілдіру қажеттігі де туындады.

Соған орай 1995 жылы шілде айының басында бүкіл халықтық талқылауға жаңа Конституцияның жобасы ұсынылды. Бүкіл халықтық талқылаудан кейін 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум болды. Бүкіл халықтық референдумда дауыс берген халықтың 89% жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс берді. 30 тамыз мемлекеттік мереке, Конституция күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституцияның мынадай негізгі баптары бойынша өзгешеліктер бар. Президенттік басқаруға байланысты, заң шығарушы парламентке байланысты, жерге байланысты, халыққа білім беруге байланысты, денсаулық сақтауға байланысты және тілге байланысты.

1995 жылы 29 сәуірде Президенттің өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту туралы бүкіл халықтық референдум болды. Референдумға қатысқан халықтың 95% Президенттің өкілеттілігін ұзартуға дауыс берді.

78.ҚР-ның нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз. Проблемаларын, қайшылықтарын, жетістіктері мен нәтижелерін ашыңыз.

Қаз-тан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.

Қаз-да нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық эко-ға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.

Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды

Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате – ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бұған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Фран-дан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды. Бірақ олар өз елінде маман болғанмен, біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де. Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тән классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды.

Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан – 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Онда елдің ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту; 7) демокра-қ кәсіби мемлекетті құру.

“Қазақстан – 2030” стратегиясында көрсетілгендей, әсіресе, соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр.Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қаз-дықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты.

Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қаз-да алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.

79.Қаз-ның нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісін талдаңыз.

Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңғы жылдары оқу мазмұны өзгерді, білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Бірыңғай орта мектептермен қатар гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Көптеген жаңа оқулықтар шығарылды. Мектептерде бұрын КСРО тарихы оқытылып келсе, енді қазақ халқының өз тарихы терең талданып оқытылатын болды.

Сонымен қатар, “Интернет-мектепте” бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім беретін мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.

Еліміз егемендік алған жылдары жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру саласында халықаралық қарым-қатынас кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар, студенттер және аспиранттар оқуларын шет елдерде жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан “Болашақ” бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және т.б. жерлерге оқуға жіберіледі.

Және де, қоғамдағы орын алған нарықтық эко-ның қиыншылықтарына қарамастан, Халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл – Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті.

Эко-лық қиындықтарға қарамастан республикада мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Бат Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша ғылыми орталық ашылды.

Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылды – Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды.

Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев “Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” Жолдауында мәдениетті дамытудың нақты жолдарын “Мәдени-тарихи мұраны сақтау” деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған:

Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау.

Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

Үшіншіден, , мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.

Қорытып айтқанда, мұның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді.

2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымды қаржыландыру 7 есеге артты. Бүгінде Қазақстанда бір мың жұмыс істеушіге 3 ғалымнан келеді, ал енді Ресейде бұл көрсеткіш 7,5-ке, ЕО-да – 5,8-ге, АҚШ-та – 9,3-ке тең. Біздің деңгейді орташа еуропалық деңгейге дейін көтеру үшін біз ғылымды қаржыландыруды 2012 жылы 25 есе ұлғайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз (ҚР Президентінің Интернет-конференциясы. Егемен Қазақстан, 8.06.2007). Сондықтан да бүгінде ғылым және білім беру салаларында жоғары қазақстандық стандарттарға қол жеткізу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ғылымды дамытуда бірқатар басым бағыттар белгіленді. Астанада арнаулы ғылыми зертханалар құрылды.

80.ҚР-ғы ұлтаралық қатынасқа, Қаз-тан халқының Ассамблеясы мен форум-ң жұмысына өзіндік баға беріңіз.

ҚР-дағы ұлтаралық қатынасқа,Қазақстан халқының Ассамблеясы мен форумдарының жұмысына өзіндік баға беріңіз.Посткеңестік кеңістіктің дағдарысты кезеңі артта қалды, бірақ ұлтаралық қатынастардың нәзіктігі сонша, әсіресе көпұлтты елдерде мемлекет пен қоғам тарапынан үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Этникалық негіздегі шиеленістің қауырттылығы дамыған мемлекеттерге де, экономикалық тұрғыдан айтарлықтай тұрақты мемлекеттерге де тән. Бүгінде бұл проблема едәуір дәрежеде өтпелі кезеңмен және ұлттық-мемлекеттік құрылыспен детерминацияланған, ертеңгі күні жаңа, күтпеген факторлармен детерминациялануы мүмкін. Бірақ оның өткірлік дәрежесі тоталитарлық емес мультиэтностық мемлекеттер үшін қашан да аса жоғары және оны зерделеудің өзектілігін тек транзит дәйектерімен ғана шектеу негізсіз болып табылады.Ұлтаралық қатынастардың жай-күйін сарапшылардың көпшілігі айтарлықтай оптимистік түрде сипаттаған. «Сіз Қазақстан Республикасындағы әртүрлі ұлттар өкілдері арасындағы қатынасты қалай бағалайсыз?» деген сұраққа 29,9% олар достық түрде деп жауап берген, 37,4% оларды тілеулес және 32,9% - төзуге болады деп атаған. Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) құрылып, сәтті жұмыс істеп келеді, ол барлық ұлттық-мәдени орталықтарды (ҚМО) біріктіреді және қоғамдық келісім мен аз ұлттарды қолдау саласындағы мемлекеттік саясат пен бағдарламаны әзірлеу және жүзеге асыру кезінде аз ұлттардың мүдделері танытады. Қазақстан халықтары Ассамблеясы мемлекеттік ұлттық саясатты тиімді жүргізуге көмектесетін айрықша азаматтық қоғам институтына айналды. Оның қызметін қазақстандық қоғам танып, әлемнің көптеген елдері мен БҰҰ және ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың жоғары бағасын алды. Қазақстандағы ұлттардың өзіндік болмысын сақтаудың жарқын мысалы дүнген этносы болып табылады. Бұл халық өз тілін, жазуын, мәдениетін сақтап, дамытты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]