Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
istoria_polnaya_versia.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

1928 Жылы араб әрпі латын әрпімен, 1940 жылы кириллицамен ауыстырылды.

Нәтижесінде араб жазуымен жазылған ата-баба мұрасын, рухани байлықты игеруге мүмкіндік болмай қалды. 1920-30 жж араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантюркист", "панисламист" деп жарияланып, қудалауға ұшырады.

1928 жыл - комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. 1930 жылы 5 мыңға жуық комсомол, соғысқа дейінгі бесжылдықтарда 65 мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты.

1931 жылғы желтоқсан - «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру» енгізілді.

Білім беруге жұмсалатын қаржы өсіп отырды: 1928ж - 12 млн. сом; 1932ж - 60 млн. сом; 1937ж - 447 млн. сом; 1940ж - 682 млн. сом;

1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылыдң көктемінде көшпелі аудандарда жалпыға бірдей оқу енгізілді. 20-жылдардың ортасында - 73 татар, 40 өзбек, 35 ұйғыр, 44 неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді.

1930-1932 жж аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді:

  • 1932 жылдың күзі - балалар үйлеріне 68 мың жетім бала орналастырылды.

  • 1932 жыл - Шығыс қазақстанда 1687 бала қайтыс болды.

  • 1933 жылдың 1 қаңтары - 1000-нан астам панасыз бала есепке алынды.

Республикада сауатсыздықты қарқынының баяу жүру себептері: Ұжымдастырудың асыра сілтеу зардаптары, 1930-1932 жж аштық пен күйзеліс.

1936 ж сауатсыздықты жою бөлімдерінде 500 мыңнан астам адам оқыды. Мекмеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде «Ауыл мұғалімі» журналы, «Төте жол» газеті шығарылды. Соғыс қарсаңында республикада 44 мыңнан астам мұғалім болып, 160 мұғалім орден, медальдармен марапатталды.

  • 1926-1927 жж КСРО Ғылым Академиясының кешенді экспедициясы өлкеде статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

  • 1932 жыл –КСРО Ғылым Академиясының базасы құрылды. Оның алғашқыда екі секторы болды: Зоология және ботаника секторлары, Алматыдағы Ботаника бағы.

  • 1935 жылы геология және тарих секторлары қосылды. Кейін қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты қосылды.

1935 жылғы қараша Алтай-Ертіс, Жезқазған-Ұлытау аудандарының табиғи байлығын кешенді зерттеуге арналған және Орал-Ембі ауданын барлау проблемаларына арналған сессиялар өткізілді. Нәтижесінде:

  • Республика одақ бойынша түсті металдар, барит, сурьма қорынан-бірінші;

  • Мұнай қорынан - екінші;

  • Көмір қорынан - үшінші орынға шықты.

  • 1935 жыл - «қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» (1бөлім, авторы С.Асфендияров) жарыққа шықты

Ұлы Отан соғысы қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700-ден астам ғалым еңбек еткен. Ғылыми-зерттеу мекемелеріне жұмсалған қаржы көлемі: 1933ж - 1,2 млн. сом, 1939ж- 14,4 млн.сом (12 есе өсті)

Бұл жылдардағы мәдени мұра арасында қазак әдебиеті ерекше орын алады. Қазақ кеңестік әдебиетінде елеулі прозалық шығармалар дүниеге келді. "Тар жол, тайғақ кешу", "Азамат Азаматыч", "Қартқожа", "Жұмбақ жалау", "Менің құрдастарым", "Өмір мен өлім".

Қазақ кеңестік поэзиясы толыға түсті: "Көкшетау", "Сұлушаш", "Құлагер", "Құралай сұлу".

Қазақ драматургиясы жанрына бірегей туындылар қосылды: "Айман-Шолпан", "Түнгі сарын", "Жалбыр", "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Мансапқорлар", "Ел қорғаны".

Аударма ісі де дамыды, қазақ зиялыларының ішінен көбінесе М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов айналысты.

Жағымды жағы Жағымсыз жағы

  1. мауатсыздықты жою жоғары қарқынмен жүргізілді

  2. бастауыш білім беру жүзеге асырылды

  3. жоғары оқу орындары мен техникумдар ашылды

  1. зиялылардың жаңа топтары қалыптасты қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды

  2. жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұқсан келтірді

30-жж сталиндік жазалау шаралары қазақ әдебиетінің даму барысын төмендетті. Бірақ социализм идеяларының өрескел бұрмалағанына қарамастан, қазақ кеңестік әдебиеті нығая түсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]