Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
istoria_polnaya_versia.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

8. Көне түрік жазба ескерткіштері, мазмұны мен маңызы:

Қазақстан тарихының, қазба жазба тарихының түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениті, төл жазуы болған бабаларымыз орта ғасырлардың өзінде (V – VIII ғ.ғ.) мәңгі өлмес мұралар жасалады. Ғылымда «Орхон - Енисей » жазулары аталатын, түркі тайпаларының байырғы қоныс – мекендерінде көне руна жазуларымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі саналады. «Орхон - Енисей» жәдігерлерінің мазмұн байлығы, ой тереңдігі және таза көркемдік қасиеттері көне түркі тайпаларының арасында сөз өнері жоғары өреге жеткендігін айғақтайды. Құлпытастарға қашалған жазулардағы көптеген көркем бейнелер, қанатты сөздер, ұтқыр тіркестер қазақ тілінде күні бүгінге дейін қолданылады.

V – IX ғ.ғ. түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерлерінде жазу, сызу, егін егу, әдебиент, өнер, тарих ғылымдарының, діни - сенімдердің қалып-тасқаны көпшілікке аян, оған Енисей жазу ескерткіштері, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.

«Орхон - Енисей» жазу еск. Табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түркі» дәуіріне сай келеді. Шығ.Түркі құрамындағы өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолд. Осы тілде сөйлеген. Бұл еск. ең көп табылған жерлері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.

Орхон – Енисей өзінің жазу ерекшелік-тері мен қолдану өрісіне сай «Орхон – Енисей » және «Талас» жазуы делініп дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.

Талас өз.аңғарынан табылған «Талас ескерткіштері» д.а. Талас өз. бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 еск. табылған. Бірақ Таластан табылған ескерткішер көлемі әзірше өте шағын, сан жағынан аз.

Талас алқабынан 1932 ж табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Асатаяқ қазір Санкт – Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы.

Жалпы түрік халықтары XVI ғас дейін оннан астам жазу үлгісін қолд. пайдаланған кезеңде көптеген мұралар қалдырған.

Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтеген, Тоныкөк , Білге, Бумын қағандар әрі тарихы, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылаын түркілік сына жазуымен тас бетіне түсірді.

Санжылдар бойы іздестірудің барысында Орт.Азия терр-нан ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу таб/ды. Бұл жазу жүйесі өзінің құрылымымен ерекшеленеді.

Көшпенділер өз тарихын VII ғ. Орхон- Енисей бойындағы қабырға тасқа ескі түркі әріптерімен ойып жазғанда, орыс халқы әлі тарих сахнасында жоқ еді. Орыс жеріне кириллицаның п.б-на 300 жылдай уақыт бар еді.

Соңғы кезде яғни Түркі қағанаты құлағаннан кейін қала мәд.өркендей түседі. Сол уақыттарда ислам діні таралуына байланысты кеңінен қолд.келген руна жазуын араб жазуы алмастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]