
- •5.Үйсіндер: шаруа-ғы, мәд, орналасуы
- •7.Түрік қағанаты:саяси тарихы, орналасуы, шаруа-ғы, этник-қ ерек.
- •8. Көне түрік жазба ескерткіштері, мазмұны мен маңызы:
- •9. Батыс түрік қағанаты. Саяси тарихы-ның проблемалары:
- •11. Қарахандар мем-ті. Меме-ң ерек-і:
- •12.Қидан (Қарақытай) мем-ң ерек-рі:
- •13. Оғыз меме-ң тарихы:
- •14. Қимақ қағанатына сипаттама:
- •15. Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы, шаруа-ғы, мәд-ті, Еуразия тарих-ғы маңызы:
- •17. Ұлы Жібек жолы , көшпелі және отырықшы өркениеттердің өзара қарым – қатынасары:
- •18.«Мұсылмандық Ренессанс» (іх-хіІғғ): Абу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи және т.Б., сипаттама беріңіз:
- •21.Алтын Орданың құрылуы, нығаюы және ыдырауының тарихы:
- •22. Ақ Орданың тарихын ашып беріңіз:
- •23. Ноғай Ордасының шынайы тарихын бүгінгі күн тұрғысынан ашып беріңіз:
- •24. Әбілқайыр хандығының тарихы мен маңызын көрсетіңіз:
- •25. Моғолстан тарихының проб-рын ашып көрсетіңіз. Терр-сы, тайпалық құрамы, саяси тарихы:
- •26. XIII – xy ғ.Ғ. Қаз-ң рухани мәдениетін, дінін, өнерін талдаңыз:
- •27. Қазақ халқының құрылуы және нығайуының үрдісін көрсетіңіз:
- •28. Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Қазақ халқының этноген-қ үрдісін сипаттаудағы нег. Концеп. Салыстырмалы түрде талдап беріңіз.
- •29.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хан/на сипаттама бер. Тәуке ханның реформалары. «Жеті Жарғының» мақсатын, мазмұн. Маңызын талдаңыз.
- •Әкімшілік - құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы.
- •2.Отбасы - неке құқығы. Мұра алу.
- •30.Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі және «Ақтабан шұбырынды», Аңырақай шайқасы жөніндегі сіздің ойыңыз.
- •36. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы. Ресей мемлекетінің Қазақстанның әлеуметтік кеңістігіне кіруінің негізгі кезеңдерін көрсетіп, оған талдау жасаңыз.
- •37.Абылай ханның мем-т қайраткері, саясаткер және дипломат екендігі жөнінде тұжырымдар жасаңыз.
- •38. Е.Пугачев бастаған көтеріліске кіші жүз қазақтарының қатысуын және оның себептерін көрсетіңіз.
- •39. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептерін, барысын, ерекшеліктерін ашып беріңіз.
- •40. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептерін, барысын, ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.(1836-1838 жж.)
- •41 Әкімшілік-территориялық басқару жүйесінің дамуына талдау жасаңыз. 1822-1824 ж.Ж. Жарғылар. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы жөнінде не ойлайсыз.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептерін, барысын, ерекшеліктерін және оның тарихи маңызын жүйелі түрде талдаңыз
- •43.Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқар-ған көтеріліс себептерін, барысын, ерек-шеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •44.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысын және оның салдарын көрсетіңіз.
- •45.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қаз-дағы реформаларына сипаттама беріп, салыст. Түрде талдау жасаңыз.
- •46.1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтер-ң барысын, нәтижесін ашыңыз.
- •1867-1868 Жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті:
- •47. Ресей империясының хіх ғ. 2-ші жартысында орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру саясатының мақсатын, барысын, салдарына талдау жасаңыз.
- •48.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қаз-ға қоныс аударуының себептерін, мақс, барысын көрсетіңіз.
- •49. Хіх ғас Қазақстан мәд-ң ерек көрсет: «Зар заман» мектебі. Ақын-ойшылдар: д.Бабатайұлы, ш. Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.Б. Еңбектері жөніндегі тұжырымдамаңыз.
- •50. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойш-ры: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбаев және т.Б., ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызын анықтаңыз.
- •51.XIX ғ басындағы Қазақстанның әлеуметік экономикалық дамуын талдаңыз. 1905-1907жж бірінші орыс ревооюциясының Қазақстанға әсерін көрсетіңіз.
- •52. XX ғ басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен рөлін ашып көрсетіңіз.
- •53.1916 Ж ұлт азаттық көтерілістің себеперін, барысын, нәтижесін жіне маңызын анықтаңыз
- •54.Қазақстан 1917 ж Ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі ерекшеліктерін көрсетіңіз. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне талдау жасаңыз.
- •55, 1917 Ж Қазан төңкерілісінің Қазақстанда іске асырылуын және Қазақстанда кеңес өкіметінің орнатылуының ерекшеліктері мен салдарын анықтаңыз.
- •56. Түркістан (Қоқан) авономиясының құрылуын және оған Мұстафа Шоқайдың қосқан үлесін байандаңыз.
- •57. 1917 Ж екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұнына және оның маңызына талдау жасаңыз.
- •58. Қазақсанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайды сипаттаңыз. Соғыс коммунизм саясатының Қазақстанда іске асырылуы ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •59.Қазақ акср-нің құрылуының және құрамына қазақ жерлерін біріктірілуінің барысын және оның қиыншылықтарын жүйелі түрде көрсеіңіз.
- •60. 1921-1922 Жж аштықтың себептерімен салдарын анықтаңыз. Жер реформасының барысын жіне оның ол қылықтарын ашыңыз.
- •61. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері мен мерзіміне бұрын тоқталу себептерін ашып көрсетіңіз
- •62. Тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңіндегі Алаш қозғалысының жетекшілеріне қарсы жүргізілген репрессиялау саясатын сипаттап, оған өзіндік баға беріңіз.
- •63.Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктеріне, нәтижелеріне және олқылықтарына талдау жасаңыз.
- •64.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың проблемаларын талдап, оның мәні мен салдарын ашып көрсетіңіз.
- •1928 Жылы араб әрпі латын әрпімен, 1940 жылы кириллицамен ауыстырылды.
- •67.1937-1938 Жж. Жаппай репрессиялау шараларының барысын және оның салдарын көрсетіңіз.
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысының майдандарындағы ерліктерін ашып көрсетіңіз.
- •69.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктерін нақты мысалдар арқылы ашып көрсетіңіз.
- •71.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өміріне талдау жасаңыз (1946-1965 жж.).
- •72.Қазақстандағы Хрущев реформаларына тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижелері мен сабақтарына талдау жасаңыз.
- •73.1965-1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасап, ондағы дағдарыстық құбылыстардың мәнін және салдарын ашыңыз.
- •75. Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстандағы кеңестік қоғамда қайта құру тұсындағы белсенділіктің арту барысын ашып беріңіз.
- •76. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ның құрылуының проблемаларын талдаңыз.
- •81.Қр сыртқы саяси және экон-лық қатынастарының дамуы барысына және Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарына талдау жасаңыз.
- •82.Қр Орталық Азия елдерімен қатынасын талдап, Шанхай келісімінің мән-мағынасын ашыңыз.
- •83.Қр халықаралық саяси-экон-лық және қаржылық ұйымдардың жұмыс-на қатысу барысын және оның маңызын ашыңыз.
- •84. 1995 Ж. Қр Конст-ның мазмұнына және қос палаталы парламенттік сайлауға талдау жасаңыз.
- •85. «Қазақстан – 2030» бағдар-на сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясын талдаңыз.
- •86.Қр Конституциясына 2007 жылғы енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ашып көрсетіп, қр Президентін сайлауға талдау жасаңыз.
- •87. 2007 Жылғы қр парламентіне сайлаудың барысы мен нәтижесін ашыңыз.
- •88.Қр экон-лық реформаларға және Қаз-ның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына талдау жасап, оған баға беріңіз.
- •89.Қр ұлттық қауіпсіздік, әскери қорғаныс жүйелерін нығайту және бітімгершілік шараларға қатысу барысын, көлемін ашып, оған баға беріңіз
- •90. Қр Президенті н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2009 жылғы Жолдауының мазмұнына алдағы жылдардағы жолдаулармен салыстыра отырып талдау жасаңыз
43.Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқар-ған көтеріліс себептерін, барысын, ерек-шеліктерін ашып көрсетіңіз.
Территориясы: Хиуа хандығы
Қоқан хандығына қарсы қазақ, қырғыз, шаруалары күресінің басталуының негізгі себептері: Ташкент билеушісі Мырза Ахметтің қазақ, қырғыз жерлерін күштеп тартып алып, өз жақындарына беруі, Салықтың көбеюі, тұрмыс кұрмаған әйелдерге арнап 3 сом 50 тиын қосымша салық салуы. Жергілікті тұрғын балаларын Орта Азия базарларына сатуы.
Көтеріліс барысы: 1857жылы 9 қаңтарда Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді. Наразылық басқа аймақтарда да күшейді. Көтерілісшілер Әулиеата, Токмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.
Қозғаушы күштері: Көтеріліс 1858 жылы наурызда Аулиеата манында болды. Негізгі қозғаушы күші – қазақ, қырғыз шаруалары.
Көтеріліс басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы. 1860ж. патшаның жазалаушы отрядімен Жанқожа өлтірілді.
Жеңілу себептері: Күрестің стихиялылы-гы. Ұйымдастырудың әлсіздігі. Феодалдар-дың опасыздығы.
Тарихи маңызы: Қазақ, қырғыз біріккен қозғалысы. Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей кұрамына кіруге алғышарт жасалды.
44.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысын және оның салдарын көрсетіңіз.
Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға және Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс әскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына әскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс әскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға және қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848-1849 жылдары А.И.Бутаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия және Хорезммен сауда қарым-қатынасында, әскери мәселе-лерде маңызы зор болды.
12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс әскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді және 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан және Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыногынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан алынған материалдар патша үкіметіне Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы әскери қимылдарын ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бұл аймаққа қатысты кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дәлелденген болатын. 1860 жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан хандығының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп, әскери нұсқаушылар мен қару жасайтын мамандар жіберіле бастады. Қоқан өкіметі өздерінің әскери қамалдары мен форттарын, әскери шептерін күшейтуге кіріседі.
1860 жылы орыс әскерлерінің қоқандық-тарға қарсы белсенді әскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда Ұзынағаш төңірегінде болған шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен қоқан әскерінің екі жақты қыспағы мен тәлкегіне түскен қазақтардың жағдайы өте ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты екі жақта қатігездігімен ерекшеленді. Күш көрсету, тәлкек жасау мен қатыгездік туралы екі жақтың да әскери басшылары: “ауылдары өртеніп, малдары тартып алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық” деп жазды. 1861-63 жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде және тез арада иелену жөнінде пікір-таластар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бұл аудандарда қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жұмғол мен Құртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі Д.А.Милютин ерекше комитетке Орта Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-әрекеттері туралы баяндама жасап, оны мақұлдатып алды. 1864 жылдың басында бір-біріне қарсы тұрған екі жақта әскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс әскерлерінің дайындығы негізінен аяқталды да полковник Н.А.Веревкин бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Веревкиннің отрядында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек және 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгілде құрамында 2571 солдат, 68 офицер, 22 зеңбірек, және құрамында сұлтан поручик Ш.Уәлиханов басқарған 1400 ерікті қазақтар бар полковник М.Г.Черняевтың отряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде Әулиеата бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің отряды Түркістан қаласына барар жолда қоқан әскерлерінің шабуылына ұшырады да бекіністі қоршауға мәжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына өтті. Әулиеата мен Түркістанды тез арада алуда әскери операцияларға басшылық жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің әскери шендері жоғарыла-тылып, генерал-майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар “жоғары құрмет” және түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын-ала дайындықсыз 1864 жылдың 22-23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бұл уақытта қоқандықтар Шымкентке едәуір әскери күштерін тартып үлгеріп, орыс әскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері қоқандықтарға қолдау көрсетті.
1865 жылы маусымда бір апта қарсылықтан кейін орыс әскерлері Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында патша ІІ Александр Ташкентті Ресейдің құрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жылдан кейін 1867 жылы құрамына қайта құрылған Жетісу және Сырдария облыстары кіретін, орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғандығы туралы заң жарияланды.
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс әскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан әрі жорыққа қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл әрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты” деп мәлімдеді.
Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан және Далалық өлкені басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен Орта Азия және Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.