
- •5.Үйсіндер: шаруа-ғы, мәд, орналасуы
- •7.Түрік қағанаты:саяси тарихы, орналасуы, шаруа-ғы, этник-қ ерек.
- •8. Көне түрік жазба ескерткіштері, мазмұны мен маңызы:
- •9. Батыс түрік қағанаты. Саяси тарихы-ның проблемалары:
- •11. Қарахандар мем-ті. Меме-ң ерек-і:
- •12.Қидан (Қарақытай) мем-ң ерек-рі:
- •13. Оғыз меме-ң тарихы:
- •14. Қимақ қағанатына сипаттама:
- •15. Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы, шаруа-ғы, мәд-ті, Еуразия тарих-ғы маңызы:
- •17. Ұлы Жібек жолы , көшпелі және отырықшы өркениеттердің өзара қарым – қатынасары:
- •18.«Мұсылмандық Ренессанс» (іх-хіІғғ): Абу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи және т.Б., сипаттама беріңіз:
- •21.Алтын Орданың құрылуы, нығаюы және ыдырауының тарихы:
- •22. Ақ Орданың тарихын ашып беріңіз:
- •23. Ноғай Ордасының шынайы тарихын бүгінгі күн тұрғысынан ашып беріңіз:
- •24. Әбілқайыр хандығының тарихы мен маңызын көрсетіңіз:
- •25. Моғолстан тарихының проб-рын ашып көрсетіңіз. Терр-сы, тайпалық құрамы, саяси тарихы:
- •26. XIII – xy ғ.Ғ. Қаз-ң рухани мәдениетін, дінін, өнерін талдаңыз:
- •27. Қазақ халқының құрылуы және нығайуының үрдісін көрсетіңіз:
- •28. Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Қазақ халқының этноген-қ үрдісін сипаттаудағы нег. Концеп. Салыстырмалы түрде талдап беріңіз.
- •29.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хан/на сипаттама бер. Тәуке ханның реформалары. «Жеті Жарғының» мақсатын, мазмұн. Маңызын талдаңыз.
- •Әкімшілік - құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы.
- •2.Отбасы - неке құқығы. Мұра алу.
- •30.Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі және «Ақтабан шұбырынды», Аңырақай шайқасы жөніндегі сіздің ойыңыз.
- •36. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы. Ресей мемлекетінің Қазақстанның әлеуметтік кеңістігіне кіруінің негізгі кезеңдерін көрсетіп, оған талдау жасаңыз.
- •37.Абылай ханның мем-т қайраткері, саясаткер және дипломат екендігі жөнінде тұжырымдар жасаңыз.
- •38. Е.Пугачев бастаған көтеріліске кіші жүз қазақтарының қатысуын және оның себептерін көрсетіңіз.
- •39. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептерін, барысын, ерекшеліктерін ашып беріңіз.
- •40. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептерін, барысын, ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.(1836-1838 жж.)
- •41 Әкімшілік-территориялық басқару жүйесінің дамуына талдау жасаңыз. 1822-1824 ж.Ж. Жарғылар. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы жөнінде не ойлайсыз.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептерін, барысын, ерекшеліктерін және оның тарихи маңызын жүйелі түрде талдаңыз
- •43.Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқар-ған көтеріліс себептерін, барысын, ерек-шеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •44.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысын және оның салдарын көрсетіңіз.
- •45.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қаз-дағы реформаларына сипаттама беріп, салыст. Түрде талдау жасаңыз.
- •46.1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтер-ң барысын, нәтижесін ашыңыз.
- •1867-1868 Жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті:
- •47. Ресей империясының хіх ғ. 2-ші жартысында орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру саясатының мақсатын, барысын, салдарына талдау жасаңыз.
- •48.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қаз-ға қоныс аударуының себептерін, мақс, барысын көрсетіңіз.
- •49. Хіх ғас Қазақстан мәд-ң ерек көрсет: «Зар заман» мектебі. Ақын-ойшылдар: д.Бабатайұлы, ш. Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.Б. Еңбектері жөніндегі тұжырымдамаңыз.
- •50. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойш-ры: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбаев және т.Б., ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызын анықтаңыз.
- •51.XIX ғ басындағы Қазақстанның әлеуметік экономикалық дамуын талдаңыз. 1905-1907жж бірінші орыс ревооюциясының Қазақстанға әсерін көрсетіңіз.
- •52. XX ғ басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен рөлін ашып көрсетіңіз.
- •53.1916 Ж ұлт азаттық көтерілістің себеперін, барысын, нәтижесін жіне маңызын анықтаңыз
- •54.Қазақстан 1917 ж Ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі ерекшеліктерін көрсетіңіз. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне талдау жасаңыз.
- •55, 1917 Ж Қазан төңкерілісінің Қазақстанда іске асырылуын және Қазақстанда кеңес өкіметінің орнатылуының ерекшеліктері мен салдарын анықтаңыз.
- •56. Түркістан (Қоқан) авономиясының құрылуын және оған Мұстафа Шоқайдың қосқан үлесін байандаңыз.
- •57. 1917 Ж екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұнына және оның маңызына талдау жасаңыз.
- •58. Қазақсанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайды сипаттаңыз. Соғыс коммунизм саясатының Қазақстанда іске асырылуы ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •59.Қазақ акср-нің құрылуының және құрамына қазақ жерлерін біріктірілуінің барысын және оның қиыншылықтарын жүйелі түрде көрсеіңіз.
- •60. 1921-1922 Жж аштықтың себептерімен салдарын анықтаңыз. Жер реформасының барысын жіне оның ол қылықтарын ашыңыз.
- •61. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері мен мерзіміне бұрын тоқталу себептерін ашып көрсетіңіз
- •62. Тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңіндегі Алаш қозғалысының жетекшілеріне қарсы жүргізілген репрессиялау саясатын сипаттап, оған өзіндік баға беріңіз.
- •63.Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктеріне, нәтижелеріне және олқылықтарына талдау жасаңыз.
- •64.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың проблемаларын талдап, оның мәні мен салдарын ашып көрсетіңіз.
- •1928 Жылы араб әрпі латын әрпімен, 1940 жылы кириллицамен ауыстырылды.
- •67.1937-1938 Жж. Жаппай репрессиялау шараларының барысын және оның салдарын көрсетіңіз.
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысының майдандарындағы ерліктерін ашып көрсетіңіз.
- •69.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктерін нақты мысалдар арқылы ашып көрсетіңіз.
- •71.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өміріне талдау жасаңыз (1946-1965 жж.).
- •72.Қазақстандағы Хрущев реформаларына тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижелері мен сабақтарына талдау жасаңыз.
- •73.1965-1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасап, ондағы дағдарыстық құбылыстардың мәнін және салдарын ашыңыз.
- •75. Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстандағы кеңестік қоғамда қайта құру тұсындағы белсенділіктің арту барысын ашып беріңіз.
- •76. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ның құрылуының проблемаларын талдаңыз.
- •81.Қр сыртқы саяси және экон-лық қатынастарының дамуы барысына және Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарына талдау жасаңыз.
- •82.Қр Орталық Азия елдерімен қатынасын талдап, Шанхай келісімінің мән-мағынасын ашыңыз.
- •83.Қр халықаралық саяси-экон-лық және қаржылық ұйымдардың жұмыс-на қатысу барысын және оның маңызын ашыңыз.
- •84. 1995 Ж. Қр Конст-ның мазмұнына және қос палаталы парламенттік сайлауға талдау жасаңыз.
- •85. «Қазақстан – 2030» бағдар-на сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясын талдаңыз.
- •86.Қр Конституциясына 2007 жылғы енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ашып көрсетіп, қр Президентін сайлауға талдау жасаңыз.
- •87. 2007 Жылғы қр парламентіне сайлаудың барысы мен нәтижесін ашыңыз.
- •88.Қр экон-лық реформаларға және Қаз-ның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына талдау жасап, оған баға беріңіз.
- •89.Қр ұлттық қауіпсіздік, әскери қорғаныс жүйелерін нығайту және бітімгершілік шараларға қатысу барысын, көлемін ашып, оған баға беріңіз
- •90. Қр Президенті н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2009 жылғы Жолдауының мазмұнына алдағы жылдардағы жолдаулармен салыстыра отырып талдау жасаңыз
Әкімшілік - құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы.
Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу.
Құн төлеу мөлшері: ер кісі үшін 1000 қой, әйел үшін - 500 қой.
Дене мүшелерінің құны: бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 қой.
2.Отбасы - неке құқығы. Мұра алу.
Ата-анасы өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды.
Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары туыстарының қамқорлығына беріледі.
3.Сот ісі.
Соттау құқығы ханның, билер мен рубасыларының қолында болады.
Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің оннан бір бөлігі берілуге тиіс.
Айыптау үшін 2-7 куә қажет. Куә болмаған жағдайда адалдығымен белгілі адам ант беруге тиіс.
Билерге сенім білдірмесе, айыпкер билерді ауыстырылуын сұрауға құқылы.
Сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші адам 9 мал; соққыға жығушы 27 мал айып төлейді.
Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлеу.
Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу.
Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бұлай істеуден бас тартса, қорлағаны үшін құн төлейді.
Жеті куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіреді.
Ұрлық үшін үш тоғыз (27) төлейді, бұл жаза айбана деп (100 түйе - 300 жылқыға немесе 1000 қойға тең) аталады.
Өлтірілген тазы немесе бүркіт үшін иесі кұл немесе күң талап етеді.
Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халық істерін талқылау үшін күзде жиналуы қажет.
Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы болмайды және оған жасы кішілер орын бермейді.
Әрбір тармақтың, ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет.
«Жеті жарғы» қабылданғаннан кейін ішкі қырқыстар азайып, қоғамда біршама тыныштық орнады. Тәуке хан мемлекеттің ішкі жағдайын нығайту барысында басқа да шараларды жүзеге асырды.
Қорыта келгенде, Тәуке хан өзі билік еткен жылдары ішкі және сыртқы саясатты сәтті жүргізді. Ол ХҮІІ ғ. аяғы мен ХҮІІІ ғ. басында Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттей алды. Бұл кезде Қазақ хандығы біртұтас мемлекет болды.
Тәуке ханның күшті мемлекет құрғаны туралы А.Левшин, Е.Бекмаханов т.б. көрнекті тарихшылар жазды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамында интеграциялық сана күшейіп, хан билігі нығайды. Үш жүздің құрамына 112 ру кіріп, қазақ халқының саны 2-3 миллион адамға жетті.
30.Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі және «Ақтабан шұбырынды», Аңырақай шайқасы жөніндегі сіздің ойыңыз.
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Тәуке хан өзара тартыстарды уақытша тыйып, тыныштықты қалпына келтірген еді. Алайда сұлтандардың өз алдына оқшауланып, билік үшін күресуі көп ұзамай бірлікті бұзды.
Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқы-лығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқын-ғын күтпеген, дайындалмаған халық әуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.
Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды.
1997 жылы Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаев пен тарихшы М.Қозыбаев бастаған ғылыми экспедиция шайқас болған жерді жан-жақты зерттеді.
Аңырақай шайқасына қатысқан қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаракерей Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Райымбек , Құдайменді Жібекбай, Сенгірбай, Шүйкебай тағы басқа батырлар қанды шайқастардың алдыңғы шептерінде болып, талай рет суырылып шығып, ерлік үлгісін танытты.
Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді.
31. ХҮІ-ХҮІІІ ғ. басындағы шынайы қазақ-орыс қатынастарын ашып көрсетіңіз:
Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреп қалған хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан әрекет жасады, Қазақ хандығын 42 жыл (1538-1580) биледі. Ол дарынды қолбасшы, қажырлы қайраткер, сонымен бірге сыртқы саясатта дипломат екенін керсетті.
Хақназар хан басқарған жылдары Қазақ хандығының батыстағы шекарасында ірі өзгерістер болды.
Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай жылжып 1552 жылы Қазақ хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасындағы ұлан-байтақ территорияны мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасындағы қазақ тайпалары Қазақ хандығына келіп қосылды.
Ноғай ордасының әлсірегенін пайдаланып Хақназар Ноғай ордасының көп бөлігін өзіне қосып алды. Соған байланысты Хакназарды "қазақтар мен ноғайлардың ханы" деп атаған. Ноғай Ордасы 1569 жылы өзінің мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды. Орыс елшілері:
1569 жылы Семен Мальцев, 1573 жылы Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы көптеген мәліметтер қалдырды. (ІV Иван тұсында).
Хақназар хан өзін «патша, әрі ұлы князьбен татумын» деп санады. Бұл туралы орыс елшісі Борис Доможиров (1577ж) дерегінде жазылған. 1594 жылы Мәскеуге Құл-Құхаммед бастаған елшілік жіберіледі. Оның басты мақсаты Ресеймен әскери одақ құру және жиені Ораз-Мұхамедті босату.
Сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жоңғар шапқыншылығына тыйым салу шараларын қолданды:
1616 жыл – Есілде бекініс салынып, жоңғарлардың Ертіс бойымен ілгері жылжуына жол жабылды.
1619 жыл – орыс патшасы жоңғарлардың қазақ даласына енуіне шек қойды. Тәуке ханның Ресеймен байланыста болуына қарсы кейбір қазақ феодалдары Ресейдің шекаралас елді мекендеріне шабуыл жасап отырды. Тәуке хан бұл кедергілерді реттеу бағытында 1686-1693 жж шаралар қолданды.
1694 жыл – Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісті.
І Петр Ресейдің шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан – «кілт және қақпа» болады деп ерекше мән берді. Қазақ жерін зерттеу жұмысы басталып, Каспий мен Арал теңізі, Жайық өзені зерттелді.
Осыдан бастап қазақ-орыс қатынастары нығайды. Ол кездерде қазақ хандығын Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан басқарды. Ал Әбілхайыр хан кезінде қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.
1731 жылдың 10 қазанында Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант береді. Бұл осы жылдың 19 ақпанындағы Анна Ионовнаның кіші жүзді қол астына алу туралы шешімінің жалғасы еді. Осыдан кейін Әбілқайырдың башқұрттарға қосылуынан қорыққан Ресей империясы екінші рет ант қабылдайды. Келесі жылдары ханның беделі өсе түседі, оған империя дара биліктің күшеюіне қарсы болады. Оны сезген Әбілхайыр Ресейдің қол астынан шығайын дейін, бірақ 1748 жылы А.Тевкелевпен кездесіп, екі арадағы қатынас қалпына келеді.
Осыдан кейін таққа Абылай келеді. Ол сыртқы жауларынан халықты аман алып қалу үшін Ресейдің және Цинь империясының билігін сөз жүзінде мойындайды.
ХУ-ХУІІІ ғғ қазақ-орыс қатынастары осындай дәрежеде дамыды. Ресейдің басты мақсаты қазақ жерін отарлау және оның алдында қазақ жерінің байлығын әртүрлі экспедициялардың көмегімен зерттеу. Ал қазақ халқының басқа амалы қалмағандықтан Ресей империясының билігін мойындауға тура келді.
32. ХҮ-ХҮІІІ ғ. басындағы қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына талдау жасаңыз.
XV-XVIII ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың 3 саласы анық байқалады: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түлігі - қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді.
Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді: Көктеу – көктемгі көш, малдың өлдеу мерзіміне сәйкес келеді. Жас төлдердің жағдайына байланысты, күніне 8-10 шақырымнан аспай көшу қозы көш деп аталған. Жайлау - жазғы кеш, мамыр айының басында басталады. Маусым айының аяғындағы тоқтыларды суға түсіріп, жуындыру - тоғыту. Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл - қозы күзем. Әйелдер жаз бойы шекпен, тон, кеудеше, баскиім, колғап тіккен. Жайлауда қыз ұзату, ас беру, ат жарыс, ақындар айтысы т.б. той-думандар өткізген. Күзеу - күзгі көш, суық басталысымен көшеді. Күзгі көш күніне 25-30 шақырым жол жүрген. Күздік көш жүгін қысқа дайындаған азық-түліктері, киіз-төсеніштері, киімдері ауырлатқан. Қыстау - қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді. Қыста көшудің негізгі бағыттары өзен арналары болған (Қуандария, Іңкәрдария, Жаңадария.) Түйе мен қой-ешкілер жайылымы үшін Қызылқұм тандалған. Жұт - жем-шөптің таусылып, кыстың ұзарып, қатты суык болудан, қар қалың түсіп бетінің мұз басып қатуынан және турлі жұкпалы аурулардан малдың қырылуы. Малдың жұқпалы аурулары: кебенек - ешкіде, карасан - сиырда, топалаң - қойда, аусыл - жылқыда, Сыралғы - аңшылардың ұстаған аң-құстарын жолда кездескен сыйлы адамдарға, достарына байлап кету дәстүрі. Малынан айырылып, көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан. Оларды жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан.
33.ХҮ-ХҮІІІ ғғ қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік жіктелісін талдаңыз.
Қазақ қоғамы екі негізгі әлеуметтік топтан тұрды: Ақсүйектер - Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар (асыл сүйектер); Қарасүйектер - мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары. Сұлтан - ұлыс билеушісі, хан болып сайлануға құқылы. Ол хан үшін міндеткерліктер атқарудан босатылды. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың "Арқар" деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны қарасүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Билер - ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген, сот кызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер. Ең ықпалды рубасылары хан жанындағы "билер кеңесіне" кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған: Әскербасы. Әкімшілік адамы. Би. Дала ақсүйектерінің өкілі. Батырлар-қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерилер, жаумен жекпе-жекке шығатын ержүрек адамдар. Ақсақалдар – іс жүзінде белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына, байлығына және сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген адамдар.
Қарапайым халық (райаттар) - алым-салықты төлеп, міндеткерліктер өтеушілер. Құлдар – ең құқықсыз әлеуметтік топ. Олардың негізгі міндеті - қожасына жеке тауелді болу. Алым-салық түрлері: Соғым, сыбаға, ерулік, зекет т.б. малшылардан алынды. Ұшыр, тағар, баж, хараж т.б. – егіншілер мен қолөнершілерден алынды.
34. ХҮ-ХҮІІІ ғ. бас. қазақ халқының мәдениетін ашып көрсетіңіз. Ақын- жыраулар: Асан Қайғы, Шалгиіз, Қазтуған, Доспанбет, Ақтамберді, Бұқар және т.б. шығармаларына талдау жасаңыз.
XV-XVIII ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тeгі жағынан біp-біpінe жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты. XV ғ - қазақ тілі өзіне тін ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. XV-XVIIғ қазақтар араб жазуын қолданды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті XV-XVIIIғ кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет - қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай». XV-XVII ғасырларда өміp сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғаска, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Буқар.
Доспамбет жырау (1490-1523ж.) – шешен және батыр. Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарда қол бастаған.
Шалкиіз Тіленішұлы (1465-1560/к.) Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау. Оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен.
Жиембет жырау Бортоғашұлы - XVI ғасырдың соңғы ширегі XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген жырау. Есім ханның Kіші жуздегі ел басқарушы биі, әскербасы болған.
Актамберді Сарыұлы - (1668-1762 ж.ж.) жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайратксрі. Ол 17 жасынан бастап Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармсн соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" оқиғаларының куәгері. Оның 26 туындысы бізге жеткен.
Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781жж), халық арасында "көмекей әулие" атанған. Бұқар Тәуке хан тұсында ел билеу іcінe араласып, кейін Абылай х ақылшысы болған. Ол қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бip орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсаған. Абылайды осы арманды жүзсге асырушы деп есептеп, хандық өкімстінің берік болуы жолында күреседі. Үмбетей жырау Тітеуұлы (1697-1786ж.) Әкесі - шебер қобызшы, жыршы. Жорықтарға қатысып, батырлардың ерліктерін көріп, оларды мадақтап өлеңдер шығарды. Оның "Бөгенбай өліміне".
35. ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан ғалымдары Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри және т.б. еңбектерінің маңызын көрсетіңіз.
“Тарихи-рашиди” М.Х. Дулатидің 1541-1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазған еңбегі. Моғолстан мен оған іргелес жатқан аймақтардың тарихы туралы мол мағлұмат береді. Ол моғолдардың хан сарайында сақталған тарихи құжаттар мен аңыз-әңгімелер, оқиға куәгерлері мен автардың өзі байқаған жайттары негізінде жазылған. Онда ортағасырлардағы қазақтар тарихы, Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтардың өзбектермен және қырғыздармен достық одағының қалыптасуы туралы көптеген мағлұматтар беріледі. Шығармада 15-16 ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қала, егіншілік мәдениеті, Жетісудың таихы географиясы-жалпы ортағасырлардағы Қазақстан жайлы құнды деректер бар. Бұл шығармада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп кету себептері тұңғыш рет айтылады. М.Х. Дулатидің арғы атасы Жетісуды билеген әмірші Поладшы Дулати еді. Х.Д оның жетінші ұрпағы болатын. Қазақ хандығы күшейіп, Моғол хандығы ыдырай бастаған кезде Х.Дді туыстары Қабұлғазы Бабыр сұлтанның тәрбиесіне береді. Одан немере ағасы Саид сұльан хан сарайына келеді. Сайд хан өлген соң өкімет басына келген билеушілердің тарапынан қысымшылық көрген Х.Д Кашмирге кетеді.
М.Х. Дулати арб, парсы тілдерін өзінің ана тіліндей жетік білді. Хан сарайында жүргенде көптеген тарихи оқиғаларға тікелей қатысып, сарайда сақталған тарихи құжаттарды зейін қоя оқып, ой елегінен өткізеді. Әлемге әйгілі болған атақты ғалым тарихшылар: Жамал Қаршидің, Рашид ад-Диннің, Жувейнидің, Әбдіразақ Самарқанидің т.б. еңбектерін зерттей оқып, һзінің тарихи шығармаларына арқау еткен.
“Шежірелер жинағы” Қадығали Қосымұлы жалайридің (1530-1605) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазаұтың ғұлама ғалымы Қ.Ж Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. Қ.Ж Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1558 жылы өазаө ханзадасы Ораз- Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында өаршыға салып жүргенде оларды орыс әскерлері тқтқындап, Мәскеуге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырп жазған “Жылнамалар жинағы” атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққпн 15-17 ғасырлардағы қазақ тарихы жайындағы өте маңыды шығарма.