Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
istoria_polnaya_versia.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

29.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хан/на сипаттама бер. Тәуке ханның реформалары. «Жеті Жарғының» мақсатын, мазмұн. Маңызын талдаңыз.

ХУІІ-ХУІІІ ғғ басындағы Қазақ хандығы Тәуке ханмен тікелей байланысты. Тәуке хан (Жәңгірдің ұлы, 1680-­1718/1713 жж.) билігінің ерекшелігі:

    1. Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды.

    2. Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.

    3. Мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарын (принциптерін) анықтайтын "Жеті жарғы" заңын жасады.

    4. Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері.

Тәуке ханның негізгі мақсаты билердің көмегімен хан билігін нығайту. Билер кеңесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды. Билер кеңесі Битөбеде (Түркістан маңында), Мәртөбеде (Сайрам маңында), Күлтөбеде (Ангрен маңында) өткізілген. Даулы мәселені шешуді билер сотына жүктеді.

Қазақ хандығында Тәуке хан орнықтырған ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ұлы жүзде - Төле би, Орта жүзде - Қазыбек би, Кіші жүзде - Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, хандықты ауыр сыннан аман алып өтуге бағытталды. Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі үлкен рөл атқарды.

Қазақ хандығының саясатының басты бағыттары.

  • Қоғамдағы саяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық өкіметті орталықтандыруға ұмтылды.

  • Орта Азиямен сауданы дaмытты. (1687-­1688ж.)

  • Орыс-қазақ қатынастарын нығайтты.

1686-1693 жж Сібірге 5 рет елшілік жіберіп, Қазаақ хандығы орыс-қазақ қатынастарын дамытты.

Сырдарияның бойында Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласын астана етті.

1680 жыл - жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға жорығы кезінде Түркістанды ала алмады.

Қазақ хандығының Тәуке ханның билігі тұсында қазақ-­ойрат қатынастары шиеленісті:

Галдан-Бошокту (1670-1697жж) және Цеван-Рабдан (1697-1727жж) қоңтайшылар кезінде жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанды басып алуды көкседі. Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, Созақ жоңғарлармен күресте стратегиялық тірек бекетіне айналды.

ХУІІ ғ. аяғы - ХУІІІ ғ. басы - жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін жаулап алып, Сарысу өзені алқабына дейін жетті. Үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресте бірлесу мақсатында 1710 жылы қарақұм жиынын өткізді. Нәтижесінде бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғарлар шығысқа ығыстырылды. Тәуке хан халық алдында үлкен беделге ие болып, "әз Тәуке" атанған. Тарихшылар "қазақ Ордасының Ликургі" деп жоғары бағалайды.

Қазақ хандығының жағдайы Тәуке ханның қазасынан кейін нашарлады, себебі жоңғар шапқыншылғы күшейе түсті.

ХҮІІ ғ. аяғы - ХҮІІІ ғ. басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет­ғұрып ережелері жүйеге келтіріліп, "Жеті Жарғы" заңдар жинағы шығарылды:

  • Ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді

  • Құн төлеу - адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]