
- •3.Алғашқы қауымдық құрылыс және мемлекетке дейінгі әлеуметтік басқаруны сандары.
- •4.Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы.
- •24.Спартадағы басқару органдары.
- •26.ЕжелгіРимніңқоғамдыққұрылысы.
- •31.Құқық дамуытудағы рим юристерінің ролі.
- •32.Хлодвиг және франк мемлекетінің құрылу тарихы
- •Франк мемлекетінің құрылуы
- •33.Франк мемлекеті (у-іХғғ.). Карл Мартелл.
- •34.Ұлы Карл және франк мемлекеті
- •Империяның ыдырауы
- •Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті
- •35.Верден шарты
- •36.,,Салий правдасы,, бойынша франктердегі негізгі құқықтық институттар.
- •37.Франциядағы сениоральдық монархия (іх-хііі ғғ.). Людовик іх реформалары.
- •38.Франциядағы сословиелік-өкілдік монархия (іух-ху ғғ.). Бас штаттар.
- •39.Франциядағы абсолюттік монархия (хуі-хуііі ғғ.). Ришелье реформалары.
- •40.Ортағасырлық Француз құқығы.
- •41.Германияда ертефеодалдық мемлекеттің қалыптасуы және дамуы (х-хіІғғ.).
- •42.Германиядағы территориялық бытыраңқылық және герман княздық
- •43.Ортағасырлық Герман құқығы. ,,Каролина,,.
- •44.Англиядағы ертефеодалдық англосаксон монархиясы (іх-хі ғғ.).
- •45.Норман жаулап алулары. Генрих іі реформалары.
- •46.Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.1215 ж. Хартия. Парламент.
- •48.Ортағасырлық Ағылшын құқығы. Жалпы құқық. Статуттық құқық.
- •49.Араб халифатының қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
- •50.Араб халифатындағы басқару органдары
- •51.Мұсылман құқығының негізгі институттары.
- •52.Мұсылмандық отбасы құқығы
- •54.Англияда конституциялық монархияның бекуі. 1679 және 1689 ж. Актілер.
- •55.Хуііі-хіх ғғ. Ағылшын парламентаризмі дамуы. Екі партиялы жүйе. ХіХғ. Сайлау реформалары.
- •56.Ұлы Наурыз Ордонансы
- •57.Еркіндіктің Ұлы Хартиясы
- •58.Хабеас Корпус Акт
- •59.Мұсылман құқығындағы мазхабтар
38.Франциядағы сословиелік-өкілдік монархия (іух-ху ғғ.). Бас штаттар.
Сословиялық - өкілетті монархия кезеңі (ХІҮ – ХҮ ғ.ғ.). Францияда қала өндірісі және сауда-саттық қатынасы жақсы дамыды. Париж және Орлеон қаласы ең ірі дамыған өндіріс орталығына айналды.
Қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланыс тұрақты сипатқа ие болды.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне байланысты феодалдық қатынас толық ыдырап, сословиялық - өкілетті монархия қалыптасты. Бұл кезеңнің басында король билігі күшейеді. Оның дәлелі ретінде келесі себеп- салдарды қарастырайық:
қала өндірісі мен сауда-саттықтың дамуы король өкіметінің негізі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық қатынасты нығайта түсті.
үстем таптың көпшілігін құрайтын орта және ұсақ ақ сүйектер тобы король билігінің маңына шоғырланды. Сонымен қоса орталықтанған король жанындағы армияның мықтылығын мойындады, өз артықшылық құқықтырын сақтау жолын іздестірді сол үшін король армиясын құруға ұмтылысты. Монарх үстем топ үшін артық пайда табатын қаржы көзі болып саналды.
Король билігі сыртқы жаумен күресу үшін ең сенімді, тұрақты күш.
Сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде орталық органдар қатарына Мемлекеттік кеңес, Есеп палатасы жатты. Канцлер ең жоғарғы лауазым тұлға ретінде күнделікті мемлекет басқару ісін жүргізеді. Мемлекеттік кеңесте төрағалық етеді және ордананс жобаларын дайындайды. Конентабль – рыцарлар атты әскерінің қолбасшысы, ХІІ ғасырдан бас тап король армиясы қолбасшысы. Камерарии – қазынашы. Палатина – корольдің маңызды тапсырмасын орындайтын және король кеңесшілері.
Король домені тең әкімшілік бірлестіктерге , яғни баляждарға бөлінген. Баляжды король тағайындаған бальилер басқарады. Бальилер әкімшілік-сот орган қызметтерін бақылайды, салық жинайды және күнделікті басқару қызметін атқарады.
Баляждар превотаждарға бөлінеді, оларды прево басқарады. Бұл лауазымды тұлғалар басқаратын округтерде әскери, әкімшілік, қаржы және сот билігі функциялары бойынша бөлінген.
Қалалық өзін-өзі басқаруды – коммунаны өкімет бақылауға алды. Коммуна әкімшілік басқару және сот қызметін жүзеге асырған. Қалалық өзін-өзі басқару сайланбалы органы – қалалық кеңес деп аталған. Қалалық кеңесті ғұмырлыққа тағайындалған мэр басқарады, мүшелері - эшевендер. Шаруалар бұрынғыдай, әкімшілік және сот функциясын сақтап қалған өз сеньорларының қарамағында болды. Сеньорлар қауымдық өзін-өзі басқару органы – сходаны және оның атқарушы органы – синдиканы бақылады.
Сот жүйсінде белгілі өзгерістер байқалды. Біріншіден, феодалдар мен шіркеулерден сот өкілеттілігін алып король юстициясына берді. Осыған орай король соттарының юрисдикция мәні кеңейді. Екіншіден, сот функциясы әкімшілік органдардан ысырылып шығуы орталықтанған монархиялық сот жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік тұғызды. ІХ Людовиктің басқару кезінде, Король куриясы негізінде Жоғарғы король соты Парламент құрылды. Парламент ең жоғарғы наразылықты қарастыратын сот. Ол үлкен тергеу палаталарына бөлінген, соңына келе, кешірім палаталарына бөлінеді. Жергілікті жерлерде провенциялық парламенттер құрылған.
Бұл кезде шіркеу соттары қызмет атқарған, бірақ бұрыңғыдай емес тек діни маңызды (ерес, сиқырлық, некесіз бірге тұру және т.б.) істерді қарастырады. Шіркеу соты инстанциялы. Төменгі инстанция – арнайы өкілетті ресми епископтар соты, екінші инстанция – архиепископ соты, үшінші инстанция – кардинал соты.
ХІҮ ғасырда арнайы қылмыстық тергеу және айыптау органы – прокуратура құрылды.
Бас штаттар - 1. 1302-1789 жж. Франциядағы жоғарғы сословиелік-өкілдік мекеме. Король IV Филипп Рим папасына қарсы күресте қолдау табу үшін 1302 жылы Бас штаттарды шакырды. Бас штаттар ауқатты қала тұрғындары, дінбасылар мен дворяндардың жиналысы еді.