
- •3.Алғашқы қауымдық құрылыс және мемлекетке дейінгі әлеуметтік басқаруны сандары.
- •4.Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы.
- •24.Спартадағы басқару органдары.
- •26.ЕжелгіРимніңқоғамдыққұрылысы.
- •31.Құқық дамуытудағы рим юристерінің ролі.
- •32.Хлодвиг және франк мемлекетінің құрылу тарихы
- •Франк мемлекетінің құрылуы
- •33.Франк мемлекеті (у-іХғғ.). Карл Мартелл.
- •34.Ұлы Карл және франк мемлекеті
- •Империяның ыдырауы
- •Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті
- •35.Верден шарты
- •36.,,Салий правдасы,, бойынша франктердегі негізгі құқықтық институттар.
- •37.Франциядағы сениоральдық монархия (іх-хііі ғғ.). Людовик іх реформалары.
- •38.Франциядағы сословиелік-өкілдік монархия (іух-ху ғғ.). Бас штаттар.
- •39.Франциядағы абсолюттік монархия (хуі-хуііі ғғ.). Ришелье реформалары.
- •40.Ортағасырлық Француз құқығы.
- •41.Германияда ертефеодалдық мемлекеттің қалыптасуы және дамуы (х-хіІғғ.).
- •42.Германиядағы территориялық бытыраңқылық және герман княздық
- •43.Ортағасырлық Герман құқығы. ,,Каролина,,.
- •44.Англиядағы ертефеодалдық англосаксон монархиясы (іх-хі ғғ.).
- •45.Норман жаулап алулары. Генрих іі реформалары.
- •46.Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.1215 ж. Хартия. Парламент.
- •48.Ортағасырлық Ағылшын құқығы. Жалпы құқық. Статуттық құқық.
- •49.Араб халифатының қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
- •50.Араб халифатындағы басқару органдары
- •51.Мұсылман құқығының негізгі институттары.
- •52.Мұсылмандық отбасы құқығы
- •54.Англияда конституциялық монархияның бекуі. 1679 және 1689 ж. Актілер.
- •55.Хуііі-хіх ғғ. Ағылшын парламентаризмі дамуы. Екі партиялы жүйе. ХіХғ. Сайлау реформалары.
- •56.Ұлы Наурыз Ордонансы
- •57.Еркіндіктің Ұлы Хартиясы
- •58.Хабеас Корпус Акт
- •59.Мұсылман құқығындағы мазхабтар
48.Ортағасырлық Ағылшын құқығы. Жалпы құқық. Статуттық құқық.
49.Араб халифатының қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
50.Араб халифатындағы басқару органдары
Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) (570-632) мен алғашқы 4 халифтің ( Әбу Бәкір(632-634), Омар(634-644), Осман(644-656), Әли(656-661)) билігі; Омеядтар дин-ң билігі (661-750); Аббаситтер дин-ң билігі (750-1258)
7ғ араб тайпалыранда рулық тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдәуиндер) мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі құрады. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерл ер мен малдың көптеген бөлігін иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб мем-н құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып кеді. Олардың ішінде аса әйгілісі – Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) болды.
Мем-к құрылым.Мемлекеттік билік орталықтандырылған сипатта болды. Мем-т басында жоғарғы діни (имамат) және мем-к (эмират) би лікті жүзеге асыратын халиф тұрды. Мем-к басқарудың орталық орг-ы ретінді дивандар (ведомстволар) қызмет етті:
Диван-әл-джунд – әскерді қаруландыру мен жабдықтау;
Диван-әл хараджд – қаржылық-фискальдық (сылақтық);
Диван-әл-барид – жол және пошта ведомствосы.
Жоғарғы шенеунік болып тек уәзір табылды. Ол тек халифтың алдында ғана есеп беретін болған. Провинцияларды әмірлер басқарған. Әмірлердің 2 орынбасары болды. 1-сі қаржы істері жағынан, 2-сі қади – халифтің діни үкіметтік шаруаларын жүргізуші болды. Жергілікті әмірлер қол астындағы әскери күштерін нығайтып, өздерін дербес басшы ретінде жариялауға тырысты.
Қоғамдық құрылым. Араб х-ң ерекшеліктері феодалдық қоғамда белгілі орын алды. Жер иелену қатынасиарында жерді мем-ң меншіктеуі басым орын алды. Бірігіп пайдалануды қажет ететін суармалы егіншілік кеңінен қолданылды. Жерді пайдаланудың негізгі түрлері икта, мульк және вакф деп аталды. Икта – шарт қойылып алынған дүние, мульк – толық жеке меншіктегі жер және вакф – нақты бір мақсатпен шартты түрде сыйға берілген жер.
Таптық құрылымы: феодалдар-басқарушы қагаушы тап, жаулап алған елдерден ккелген байлықтың ең көбін иеленді; негізгі оренда мұсылман дін басылар тұрды; шаруалар-этникалық топтың ең көпшілігі; қала адмдары- көпестер, қолөнершілер; құлдар-тұтқындар және еріксіздер, шет елдерден сатып әкелінгендер.
51.Мұсылман құқығының негізгі институттары.
52.Мұсылмандық отбасы құқығы
Неке – 2 жақтың, әйел мен еркектің келісі негіндегі нәтиже. Некенің шарте: 2 адамның келісуі, неке жөнінде жарт алдында және ашық түрде жариялау.
Молда неке қиярда кәмелетк толған мұсылманнан 2 куәгер сұрайды.
Некенің түрлері. Сунниттік тек бір неке. Ол мәңгілік және мерзімсіз. Шейіттер тағы уақытша неке қосады. Бұл некеден туған балалардың өз мәртебесі бар. Бұл неке мұрагерлік алуға құқық бермейді.
Құран қандас туысқандардың некесіне тыйым салады. Апа-сіңлілерді бірден әйелдікке алуға болмайды. Құран еркер пен әйелдің толық басшылығын қолдайды. Еркек әйелден жоғары тұрады. Себебі Құдай дүниені оған бұрын берді. Сондықтан олар өз дүниесін әйелдер үшін жұмсайды.
Құран 4 әйел алуға рұқсат етеді. Ері әйелін баспанамен, киімдермен қамтамасыз етуге міндетті.
Некелескен адамдардың ажырасу құқығы бүтіндей еркектің қолында. Құран бойынша ажырасудың 3 түрі бар:
Талақ. Егер иддат кезінде жұбайлары бір-бірімен жанаспаса, ал оның бітіуінен кейін 3 ай ері әйеліне қайтармайды. Талақтың қағидасы: Сен айырылдың! Сен аластатылдың! Төсекті босат! Кет, жоғал! Сен боссың!
Иддат біткеннен кейін әйел үйден кетеді.
Зихар. Өзінің әйелін өз жотасы деп атай отырып, ері несені бұзады. Бұл ажырасу аяқталмаған, саиып алуынан кейін жоққа шығарылғанмен бірдей болуы мүмкін.
Айман. Еркек әйелімен жұбайлық қатынасқа түспеуге ант береді. Бұл аяқталған ажырасу.
Шариғат бойынша тағы 2 ажырасудың түрі бар: ила және хульча. Ила – уәде, 4 ай ұстағаннан кейін, аяқталған ажырасу болады. Хульча – екеуінің ажырасуға келісуі.
Әйел щариғат бойынша ажырасуды талап ете алады. Бұл ажырасу аяқталған, қадидің араласуы кезінде егер ері өзінің жұбайлық міндеттерін орындамаса.
Әке отбасын асырауға міндетті. Әйелінен ажырасып, анасы аысрай алса да, әкесі ұлын 9 жасқа дейін, қызын 11 жасқа дейін асырауы керек.
53.ХУІІғ. Ағылшын революциясы. ,,Ұзақ парламент,, актілері. Кромвель. Карл І құқық туралы петицияны бекітуге мәжбүр болды. 1629 жылы король мен парламент арасында жаңадан қақтығыс пайда болды. Осыдан кейін Карл І парламентті таратып, жеке дара корольдің басқаруы жүргізілді. ХҮІІ ғасырдың 20 жылдарындағы саяси дағдарыс қауымдар палатасы мүддесі жағында болды. Қысқа парламент.1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды,яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының нәтижесі болды. Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі Карл І –дің парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта Қысқа деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу субсидиясы ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды. Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады.
Жалпы ағылшын буржуазиялық төңкерісін төрт дәуірге бөледі:
1. конституциялық кезен (1640 жылдың 3 қарашасынан бастап 1642 жылдың 22 тамызына дейін);
2. бірінші азаматтық соғыс (1642-1646);
3. төңкерістің демократиялық мазмұнын тереңдету үшін күрес (1646-1649);
4. индепенденттік республика (1649-1653).
Индепенденттік республика.1649 жылы король өлімінен кейін парламент Ағылшын республикасын жариялады.
Кромвель протектораты. Кромвель билігі жеке диктатура сипатын жүзеге асырды.1653 жылдың аяғында Кромвель әскери диктатурасын бекіткен «Басқару құралы» деп аталатын конституцияны енгізді. Жаңа конституцияға сәйкес, жоғарғы заң шығару билігі лорд-проттектор және парламент қолында болды. Парламет бір палаталы болды. Жоғарғы атқару билігі13 –21-ге дейін мүшесі бар лорд-протектор және Мемлекеттік кеңес қолында болды. Кеңес мүшелерін тағайындау лорд-протекторлардың сайлауымен жүргізілді. Конституцияда Кромвель лорд-протекторлардың жеке диктатурасын бекіте отырып, өмір бақилыққа сайлады. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды қойып, өз қалауы бойынша Мемлекеттік кеңесті тағайындады. 1657 жылы Жоғарғы палата қайта құрылды. Жергілікті басқару билігі кромвель армиясының генералы қолында болды. Сонымен «Басқару құралы» монархиялық сипат мазмұнын құрғаны, бұл конституциялық акт буржуазиялық топ мүдделерін сипаттады. «Басқару құралы» жеке дара билік режимін бекіте отырып, монархияға сәйкес өкілеттіктерді бекітті. Осы уақыттан бастап, республикадан монархияға қозғалыс басталды.