
- •3.Алғашқы қауымдық құрылыс және мемлекетке дейінгі әлеуметтік басқаруны сандары.
- •4.Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы.
- •24.Спартадағы басқару органдары.
- •26.ЕжелгіРимніңқоғамдыққұрылысы.
- •31.Құқық дамуытудағы рим юристерінің ролі.
- •32.Хлодвиг және франк мемлекетінің құрылу тарихы
- •Франк мемлекетінің құрылуы
- •33.Франк мемлекеті (у-іХғғ.). Карл Мартелл.
- •34.Ұлы Карл және франк мемлекеті
- •Империяның ыдырауы
- •Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті
- •35.Верден шарты
- •36.,,Салий правдасы,, бойынша франктердегі негізгі құқықтық институттар.
- •37.Франциядағы сениоральдық монархия (іх-хііі ғғ.). Людовик іх реформалары.
- •38.Франциядағы сословиелік-өкілдік монархия (іух-ху ғғ.). Бас штаттар.
- •39.Франциядағы абсолюттік монархия (хуі-хуііі ғғ.). Ришелье реформалары.
- •40.Ортағасырлық Француз құқығы.
- •41.Германияда ертефеодалдық мемлекеттің қалыптасуы және дамуы (х-хіІғғ.).
- •42.Германиядағы территориялық бытыраңқылық және герман княздық
- •43.Ортағасырлық Герман құқығы. ,,Каролина,,.
- •44.Англиядағы ертефеодалдық англосаксон монархиясы (іх-хі ғғ.).
- •45.Норман жаулап алулары. Генрих іі реформалары.
- •46.Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.1215 ж. Хартия. Парламент.
- •48.Ортағасырлық Ағылшын құқығы. Жалпы құқық. Статуттық құқық.
- •49.Араб халифатының қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
- •50.Араб халифатындағы басқару органдары
- •51.Мұсылман құқығының негізгі институттары.
- •52.Мұсылмандық отбасы құқығы
- •54.Англияда конституциялық монархияның бекуі. 1679 және 1689 ж. Актілер.
- •55.Хуііі-хіх ғғ. Ағылшын парламентаризмі дамуы. Екі партиялы жүйе. ХіХғ. Сайлау реформалары.
- •56.Ұлы Наурыз Ордонансы
- •57.Еркіндіктің Ұлы Хартиясы
- •58.Хабеас Корпус Акт
- •59.Мұсылман құқығындағы мазхабтар
46.Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия.1215 ж. Хартия. Парламент.
13 ғасырда Англиядағы саяси жүйеге сословиелік-өкілдік жиналыстар қосылды. Бұл жиналыстың арқасында дворяндар, шіркеу қызметкерлері және қала тұрғындарына бөлінетін 3 сословиенің мем-ті басқаруына жол ашты. Ірі феодалдар жергілікті күшті билігін жоғалтса да, енді өкіметке осы жиналыстар арқылы әсерін тигізуге мүмкіншілік алды. Шарулар және қала тұрғындары бұл жиналысқа көбіне қатыспайтын еді.
13ғ тауар-ақша қарым қатынастарының дамуына орай ішкі нарық пайда болғаннан кейін , қоғасдақ күштердің арақатынасы корольдің күшеюіне және мем-тті бір орталыққа бағындыруға алып келді.
Натуралдық шаруашылықта тауарлық шару-қ ығыстыра бастады. Үстем таптың өз арасында топтық саралау басталды. Олар ірі феодалдарға, рыцарларға, ұсақ феодалдарға бөлінді.
Енді жер иеленушілер жалдамалы еңбекті қолданатын болды. Бұл пройес шаруалар қауымын ыдыратты. Кедей және үйсіз жүрген адамның саны көбейді де, қанау процесі күшейе түсті.
13ғ басында Жерсіз Иоанн өзінің оралымсыз қаржы саясаты мен оппозицияның наразылығын туындатты. 1215ж олар Ұлы Еркіндік Хартиясын жазда да корольге қол қойдырды. Бұл оппозицияға барондар, рыцарлар, шіркеу, ерікті шару-р және қала тұрғындары енген. Бұл құжат Англияның ең бірінші Конституциясы болып саналады. Бірақ бұл Ұлы Хартия жазылып, король қойын қойса да, ол жүзеге асқан жоқ. Король феод-ң арасындағы қайшылықтарды пайдаланып Хартияны жойды. Бұл Хартия тек қағаз жүзінде қалды.
1263 жылы король мен оппозициялар арасында оппозиция басталды да, бір жылжан кейін король баласымен тұтқынға түстію Бірінші магнат Симон де Монфор мем-тті басқаруға кірісті, 1264 ж ол мем-ң жоғарғы басшысы болды және рыцарларды мем-т басқаруға тағайындады. Бұл азамат соғысының ең маңызды нәтижесі – парламенттің құрылуы. Бұл Англиядағы ең бірінші сосл-өкілдік мекеме. Оның бірінші мәжілісі 1265ж болды. Парламентке барондар, шіркеу қызметкерлері және ірі қалалардағы рыцарлыардың өкілі қатысты.
47.Англиядағы абсолюттік монархия. Ағылшын абсолютизмі ерекшеліктері. Абсолюттік монархия кезеңі. ХІҮ-ХҮ ғғ. Англияда феодалдық жүйе ыдырай бастайды. ХҮ ғ. ІІ жарт. Ақ және Қызыл раушан деп аталатын 2 ірі феодалдық топтың арасындағы соғыстың нәтижесінде ірі феодалдардың көбісі жойылады. Асүйектердің 25 әулеті ғана қалады. Соғыс Тюдорлардың жеңісімен аяқталады. Бұрын король ақсүйектердің жерлерін сатып алған болса, енді жерлерді ірі буржуазия және ауқатты шаруалар сатып ала бастады. Жаңа топ - рыцарьлардан қалыптасқан джентри тобы қалыптасады. Олар шаруашылықты капиталистік әдіспен жүргізді. 1450 жылғы Джэк Кэд көтерілісінің нәтижесінде шаруалар бірқатар құқықтарға ие болады. Қоғамдағы өзгерістерге байланыста ХҮ ғ. халық фригольдермен және копигольдер болып 2 топқа бөлінеді. Копигольдерлер лордтарға салық төлеген, бұрыңғы бағынышты шаруалармен құқықтары тең болған. Фригольдерлер - еркін жер иеленушілер.
1539 ж. король мен парламент актілерінің теңдігі жарияланады. Бірақ, 1547 жылы Парламент қабылдаған заң король қол қойған соң ғана заңдық күшке ие болады деген ереже бекітіледі. Король билігі күшейгенімен, Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару сақталып қалады. Мемлекеттік аппарат орталықтандырылған сипатқа ие болады. Орталық мемлекеттік органдар: король, Құпия кеңес /құрамы:лорд-канцлер, лорд-қазынашы, лорд-мөр сақтаушы/, Парламент. Ең жоғарғы шіркеу органы - Комиссия болған. Оның құрамына шіркеу қызметкерлерінен басқа Құпия кеңес мүшелері де кірген. Жергілікті басқаруда графтікті король тағайындайтын лорд-лейтенант басқаратын болды. Олардың қарамағында констебльдер болды. Сот жүйесінде бітістіруші сот институты енгізілді. І Елизаветаның тұсында төтенше сот - Жұлдызды палата құрылды.