- •1.Алгоритм, программа ұғымдары
- •2.Алгоритм қасиеттері
- •3.Алгоритмнің өрнектелу жолдары
- •4.Алгоритмдерді график жолымен жазу
- •5.Алгоритмдердің біріңғай құрылымдары
- •6.Сызықтық алгоритмдер
- •7.Тармақталу алгоритмдері
- •8.*Таңдау*,*Аттап өту* алгоритмдері
- •9.Циклдік алгоритмдер
- •10.Арифметикалық циклдер
- •11.Қадамдық циклдер
- •12. Си тілі жайлы жалпы түсініктер
- •13.1 Си тіліндегі программа құрылымы.
- •15.Символдардың америкалық кодтар стандарты(American Standart Code for Infarmation Interchange - ascii ) және оны падалану.
- •18.Тілдің қарапайым объектілері
- •19.С тіліндегі мәліметтер типтері.Бүтін сандар типтері сипаттамалары,типтерді түрлендіру.
- •20.С тіліндегі мәліметтер типтері.Нақты сандар типтері,типтерді келтіру тәсілдері.
- •21. Си тілінде бүтін сандар жазылуы. Ондық, оналтылық, сегіздік, ондық сандарды пайдалану
- •22. Си тіліндегі нақты сандардың жазылуы. Табиғи және экспоненциал сандар
- •23. Си тілінде тұрақтыларды анықтау
- •24. Си тілінде идентификаторлар, айнымалыларды анықтау, сипаттау, пайдалану
- •25. Си тілінің стандартты математикалық функциялары, өрнектерді жазу
- •26. Си тіліндегі printf, scanf функцияларын жазу, оларды пайдалану мысалдары
- •27. Мәлімет шығарудағы символдық басқару кодтары
- •28. Си тіліндегі меншіктеу операторлары және құрама операторлар
- •4. Құрама операторлар
- •29. Си тілінде арттыру, кеміту (инкремент жəне декремент) операциялары
- •30. Тармақталу операторлары және күрделі шарттарды жазу (логикалық оператор)
- •If (шарт-өрнек) оператор; //қысқа түрі
- •If (шарт-өрнек) 1-оператор; //толық түрі
25. Си тілінің стандартты математикалық функциялары, өрнектерді жазу
Си тілінде математикадағы тəрізді стандартты функциялар бар. Олар жиі кездесетін ц р р р д математикалық жəне басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде
функцияның аты жəне жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Стандартты функциялар: abs(x), tg(x), sqr(x), sіn(x), cos(x), exp(x), ln(x), sqrt(x), arctan(x), frac(x) – санның бөлшегі, іnt(x) – санның бүтіні, pі (3.14159) т.с.с. Функцияны есептеу барысында аргумент пен функция типтерінің əр уақытта сəйкес келе бермейтінін есте сақтаған жөн. Енді программаларда жиі пайдаланылатын өрнектерді мысал ретінде қарастырайық.
|x| fabs(x) Аргументтік абсолюттік шамасы х-тей
tgx tan(x) Аргументтің тангенсы нақты
arctgx arctan(g (x) Аргументтің арктангенсы нақты
cosx cos(x) Аргументтің косинусы нақты
sіnx sіn(x) Аргументтің синусы нақты
ex exp(x) е-нің (2,71828) х дəрежесі нақты
frac(x) х-санының бөлшек бөлігі нақты
[x] іnt(x) х санының бүтін бөлігі нақты
х-lnx ln(x) х-санының натурал логарифмі нақты
π pі (π-дің мəні pі=3.14159265)
xn pow(x,n) х-тің n дəрежесі х-тің типіндей
x sqrt(x) х-тің квадрат түбірі нақты
y
=
5sin2
x
+
,
y=cosx2+lnx,
tg3x+cos2πx
деген сияқты математикалық символдарды,
стандартты математикалық функцияларды
қолдану арқылы ЭЕМ-ге енгіземіз.
26. Си тіліндегі printf, scanf функцияларын жазу, оларды пайдалану мысалдары
Printf() функциясы мәліметтерді экранға шығару үшін қолданылады. Оның жалпы жазылу түрі: printf(<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>);
(<формат тіркесі> – қостырнақшамен (”) шектеліп, аргументтердің қалай бейнеленетінін көрсетіп тұрады, экранға (баспаға) шығару алдында барлық аргументтер формат спецификациясына сәйкес түрлендіріледі, спецификация % символымен басталады және мәліметтер типін, оларды түрлендіру тәсілін көрсететін бір әріп жазылады. <Аргументтер тізімі> ретінде айнымалылар, константалар, өрнектер қолданылуы мүмкін.
Мысалы: printf (“Пи санының мәні = %f\n”, pi);
2) Scanf() енгізу функциясы жоғарыда қарастырылған түрлендіру спецификациясының көбін пайдаланады. scanf (<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>); Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары пайдаланылады. Мысалы: scanf("%d%f", &x,&y); Айнымалы адресін беру үшін адрестерді жазғанда, айнымалы адресін анықтау үшін & символы қолданылады. Ал тіркестік (жолдық) айнымалыны енгізгенде, & символы жазылмайды.
Жол енгізуден бір мысал келтірейік.
/* Жол енгізу мысалы */
#include<stdio.h>
#include<conio.h>
main()
{int S, a, b;
clrscr();
printf("\n‚a,b-ni engiz \n");
scanf("%d",&a,&b);
S=a+b;
printf("S=%d\n",S);}
27. Мәлімет шығарудағы символдық басқару кодтары
Си тілінде экранда, дисплейде, принтерде бір таңбамен көрсетілмейтін кодтар да жиі пайдаланылады. Мысалы, ке лесі жолға көшу коды \n . Осындай кодтар backslash – кері слэш таңбасы \ символынан басталып жазылады. Оларды басқару тізбектері немесе символдық басқару кодтары деп атайды. Олардың тізімі:
\n – жаңа жолға көшу (перевод строки);
\t – көлденең табуляция (горизонтальная табуляция);
\r – курсорды осы жол басына жеткізу (возврат каретки);
\0 – нөлдік символ;
\a – дыбыс беру сигналы;
\b – курсорды бір символға кері жылжыту;
\f – бір парақты бетке жылжыту (келесі көшу).
Бұларды эскейп-тізбектер (ESC-sequence) деп те атайды.
