- •1.Алгоритм, программа ұғымдары
- •2.Алгоритм қасиеттері
- •3.Алгоритмнің өрнектелу жолдары
- •4.Алгоритмдерді график жолымен жазу
- •5.Алгоритмдердің біріңғай құрылымдары
- •6.Сызықтық алгоритмдер
- •7.Тармақталу алгоритмдері
- •8.*Таңдау*,*Аттап өту* алгоритмдері
- •9.Циклдік алгоритмдер
- •10.Арифметикалық циклдер
- •11.Қадамдық циклдер
- •12. Си тілі жайлы жалпы түсініктер
- •13.1 Си тіліндегі программа құрылымы.
- •15.Символдардың америкалық кодтар стандарты(American Standart Code for Infarmation Interchange - ascii ) және оны падалану.
- •18.Тілдің қарапайым объектілері
- •19.С тіліндегі мәліметтер типтері.Бүтін сандар типтері сипаттамалары,типтерді түрлендіру.
- •20.С тіліндегі мәліметтер типтері.Нақты сандар типтері,типтерді келтіру тәсілдері.
- •21. Си тілінде бүтін сандар жазылуы. Ондық, оналтылық, сегіздік, ондық сандарды пайдалану
- •22. Си тіліндегі нақты сандардың жазылуы. Табиғи және экспоненциал сандар
- •23. Си тілінде тұрақтыларды анықтау
- •24. Си тілінде идентификаторлар, айнымалыларды анықтау, сипаттау, пайдалану
- •25. Си тілінің стандартты математикалық функциялары, өрнектерді жазу
- •26. Си тіліндегі printf, scanf функцияларын жазу, оларды пайдалану мысалдары
- •27. Мәлімет шығарудағы символдық басқару кодтары
- •28. Си тіліндегі меншіктеу операторлары және құрама операторлар
- •4. Құрама операторлар
- •29. Си тілінде арттыру, кеміту (инкремент жəне декремент) операциялары
- •30. Тармақталу операторлары және күрделі шарттарды жазу (логикалық оператор)
- •If (шарт-өрнек) оператор; //қысқа түрі
- •If (шарт-өрнек) 1-оператор; //толық түрі
28. Си тіліндегі меншіктеу операторлары және құрама операторлар
Меншіктеу операторы символдар арқылы жазылады. Си тілінде меншіктеу операторының бірнеше түрі бар. Жалпы меншіктеу операторының жазылу форматы мынадай болады: <айнымалы> = <айнымалы> <операция> <өрнек>; Мұны Си тілінде қысқаша былай жазуға болады: <айнымалы> <операция> = <өрнек>;
Төменде бірнеше мысал келтірілген.
a=a+b; → a+=b; a=a*b; → a*=b;
a=a-b; → a-=b; a=a/b; → a/=b;
Си тілінде тізбектеле жазылған меншіктеу операцияларын да қолдануға болады. Мысалы: sum = a = b;
Мұнда меншіктеу операторы оңнан солға қарай орындалады, яғни b-ның мəні a-ға меншіктеледі, ал а-ның мəні sum-ға меншіктеледі.
4. Құрама операторлар
Құрама операторларға жай құрама операторлар жəне блоктар жатады. Екеуі де жүйелі жақшаға алынып жазылады. Блокта жай құрама операторларға
қарағанда, айнымалыларды сипаттау жолдары болады.
Мысалы:
{
n++; жай құрама оператор
summa+=n;
}
{
int n=0;
n++; бұл блок
summa+=n;
}
29. Си тілінде арттыру, кеміту (инкремент жəне декремент) операциялары
++ жəне – – түрінде жазылады. Бұлар кез келген оператордың мəндерін бірге арттыруға немесе кемітуге мүмкіндік береді. Инкремент, яғни арттыру операциясы (++) жəне декремент (– –), кеміту операциясы айнымалы (тек
айнымалы мəнін) мəнін бірге арттырады немесе кемітеді. Олар айнымалы мəнін өзгертеді, яғни жасырын түрдегі меншіктеу амалы болып табылады. Көбінесе олар жеке оператор түрінде жазылады: i++; немесе ++i;
Бұл екеуі де мынадай амалмен бірдей болып саналады: i = i + 1;
Бұл екеуін өрнектерде жиі қолданады. Мысалы: sum - sum + х * --i;
Инкремент пен декремент екі формада жазылады: префикстік
жəне постфикстік. Постфикстік арттыру былай жазылады: х++ , ал префикстік арттыру былай жазылады: ++х .
Префикстік амалдар негізгі операция алдында, ал постфикстік
амалдар негізгі амалдан кейін орындалады. Постфикстік формада Х айнымалысының мəні оны қолданғаннан кейін өзгереді, ал префикстік формада –айнымалы мəні оны қолданғанға дейін өзгереді, яғни бір деген
санға артады. Мысалы:
k=10;
x=k++; /* x=10 k=11 */
x=++k; /* x=12 k=12 */
Арттыру/кеміту операцияларын өрнек ішінде де орындау мүмкіндігі бар. Мысалы: sum=a+b++;/*алдымен a,b қосылады, сонан соң b
мəні 1-ге артады */
sum=a+ ++b; /*алдымен b 1-ге артады, сосын
барып a,b қосылады */
Арттыру/кеміту операцияларының приоритеттері өте
жоғары, тек жақша ішіндегі операциялардың приоритеті олардан жоғарылау болады.
Кез келген ; таңбасымен аяқталатын өрнек меншіктеу операторы болып табылады. Өрнектің бір түріне бос оператор жатады, ол жай ; операторы.
Мысалдар:
y=1.5e3;
i++;
a+=2;
m1: ;
x=a+b-sin(2*alfa);
30. Тармақталу операторлары және күрделі шарттарды жазу (логикалық оператор)
Тармақталу операторлары – бұлар шартты оператор жəне ауыстырғыш (переключатель) оператор.
1. Шартты оператордың толық жəне қысқа түрі бар.
If (шарт-өрнек) оператор; //қысқа түрі
Шарт-өрнек ретінде арифметикалық өрнек, қатынас немесе логикалық өрнек жазылады. Егер шартты өрнек мəні нөлге тең (яғни ақиқат болса) болмаса, онда оператор атқарылады.
Мысалы:
if (x<y && x<z) min=x;
