Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

1.Алгоритм, программа ұғымдары

Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.Алгоритмді орындаушының рөлін негізінен адам немесе компьютер, робот т. б. атқарады. Мысалы, y =(ax+b)(cx-d) функциясын есептеу төмендегі қарапайым іс-әрекеттерден тұрады:

• 1) а-ны х-ке көбейту, оны R1 деп белгілеу;• 2) оған b-ны қосу, нәтижесін R2 деп белгілеу;• 3) с-ны х-ке көбейту, оны R3 деп белгілеу;• 4) одан d-ны алу, оны R4 деп белгілеу;• 5) R2-ні R4-ке көбейту, оны y деп белгілеу.6)Алгоритмге күнделікті тұрмыстан алып бір мысал келтіре кетейік. Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек.•1. Орта мектепті бітіріп, тест тапсыру.•2. Керекті құжаттарды тест нәтижесімен бірге белгілі бір жоғары оқу орнына (колледжге,институтқа) өткізу.•3. Конкурстан өту.7)Техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану үшін есептің шешу жолы, яғни орындалатын әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі дәл болуы қажет. Берілген мәселенің шешу жолдарының түсініктілігін оның алгоритмінің түсініктілігі деп қарастырады. Алгоритмде алдыңғы әрекеттің нәтижесі келесі әрекетте пайдаланылады. Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында атқарушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар тобын агоритм деп атайды. 8)алгоритм анықтамасы

  1. Алгоритм - алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып нақты нәтижеге қол жеткізетін шекті командалар тізбегін орындауда атқарушыға түсінікті және нақты нұсқаулар9)Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу. Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбегі орындалу барысында есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын ала жазылған программамен істейді. Программа дегеніміз – белгілі бір нәтиже алу үшін орындалатын командалдардың айқындалған тізбегі.Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін программа деп қарастыруға болады. 10)Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі командаларға көшу тәртібін орындау т.с.с.Компьютердің жұмысы программалық принципке негізделген, яғни ол өзінің жадында сақталатын командалар тізбегін автоматты түрде орыдау арқылы есеп шығарады. 11)Компьютер берілген тапсырманы орындауғадайын тұрған техникалық аспап болғандықтан, әрбір тапсырманы түсінікті түрде қысқаша жаза білу қажет. Тапсырма жоғарыда айтылған жекеленген командалардан тұрады. Машинаға түсінікті түрде жазылған тапсырмаларды немесе командалар жиынын да программа деп атауға болады. Программа – арнайы мәтін арқылы компьютерге тапсырманың ретті кезегін хабарлайтын ережелер мен нұсқаулар тізбегі.

2.Алгоритм қасиеттері

Алгоритмнің мәнін ашатын негізгі қасиеттерінен немесе оған қойылатын талаптардан қысқаша мағлұматтар келтірейік. Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады:

1)алгоритм анық, әрі дәл өрнектелуі тиіс –детерминділік қасиеті;

Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын,нақты анықталған болу керек.Онда қандай қадамдар көрсетілсе,тек соны ғана орындау керек.Есеп шығару жолына керектің бәрі біржақты анықталуы және орындаушыға түсінікті,әрі нақты болуы тиіс.

2) оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиеті, яғни алгоритмді шағын бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет;

Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшамды бөліктерге,ал олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді,яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.Сондықтан алгоритмді екі-үш бөлікке бөліп,оларды өзінше құра алатын дәрежеде жұмыс істелуі қажет.Олар тек бірінің қорытындысын келесі жолы керекті мәлімет ретінде қолдануы тиіс.Белгілі бір командалар негізінде біртіндеп қадамдарға бөлініп атқарылуын оның модульдік қасиеті деп атайды.

3) алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек – нәтижелілік (шектеулілік) қасиеті;

Әрбір алгоритм біршама бастапқы мәліметтердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға қол жеткізеді.Алгоритмде құрастырылған нұсқаулардың шекті саны орындалғаннан кейін ,егер есептің шешуі болса оның шешуін,ал шешуі болмаса *шешуі жоқ*деген нәтиже беруі қажет.

4) бір типтегі (біртектес) есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс – жалпылық қасиеті.

Алгоритм құрылғанда белгілі бір жеке ғана проблемаға арналып жасалмай,сол тәрізді мәселелердің барлық тобын шешуге мүмкіндік беретіндей етіліп жасалуы қажет.Жалпылық қасиеті алгоримнің практика жүзінде пайдалану бағалығын арттырады.Алгоритмнің бұл қасиеті бастапқы мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ғана нәтиже беретініне кепілдік бере алады.Егер берілген мәліметтер өзгерсе,,нәтиже де өзгереді.Басқаша айтқанда,бір алгоритм бір типтес есептердің әр түрлі алғашқы мәліметтері үшін әр түрлі нәтижелер беруі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]