Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инкар 28-36.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
88.06 Кб
Скачать
  1. Зейіннің түрлері жайлы психологиялық талдау негізінде өз қорытындыңызды беру

Егер бағыттылық және тұрақтылық ырықсыз болса, онда зейіннің бұл түрі – ырықсыз. К.К.Платоновтың пікірі бойынша ырықсыз зейіннің бір түрі – нұсқау (белгілі бір іс-әрекетке тұлғаның дайын тұруы) болып табылады.

Адам қызықты фильм көріп отырғанда, зейіні оның тырысуынсыз-ақ экранға бағытталады. Көшенің бойымен жүргенде автокөліктің қатты сигналы зейінді еріксіз аударады. Нақты объектіге еріксіз бағытталған зейін – ырықсыз зейін. Еріксіз зейінде үйлесімді қозумен ми қыртысында пайда болған бөлімше тікелей әрекеттегі қоздырғыштарға байланысты.

Егер зейіннің бағыттылығы мен тұрақтылығы саналы түрде жүргізілсе, ол зейін түрі – ырықты. Адамға қызықты кітаптан көз тартып, керекті жұмыспен (мысалы, шетелдік сөздерді жаттау) айналысу үшін, зейінін сол жаққа бұру үшін және ол зейін басқа жаққа алаңдауға мүмкіндік бермеу үшін тырысу керек. Мұндай зейін – ырықты. Ол нақты зейінді бағыттау үшін мақсат қояды, бұл мақсатын орындау үшін талпынады.

Адамның зейінді кез-келген бағытта ұстау қабілеті еңбек процесінде пайда болды. Ырықты зейіннің күші өте зор.

Н.Ф.Добрынин зейіннің иағы бір түрін ырықтыдан кейінгі зейіді бөліп көрсетеді. Бұл – зейін түрі тұлғаның әрекетін табиғи түрде жалғастырады; ол тұлға әрекеттенген кезде туындайды; тұтастай ассоциациялық жүйенің бар болуымен байланысты.

Зейін ұйымдастыруының маңыздылығы - өмірімізде алға қойылатын мақсаттары мен біздің қызмет түріміз. Осыған сүйене отырып, біз саналы түрде ырықты зейінді бағыттаймыз, біздің мүддеміз осы мақсаттармен анықталады. Олар – ырықсыз зейіннің басты күштері. Н.Ф:Добрынин зейінді психикалық іс-әрекеттің анықталған ұйымдасуы деп есептейді.