- •Есту теориялары
- •Қабылдау феномендерінің 6 классы
- •Қабылдау және іс-әрекет. Қабылдау және ішкі бағдарлану
- •Қабылдау теорияларына талдау жасау
- •Түстерді қабылдау теорияларына психологиялық талдау жасау
- •Қабылдаудың түрлері туралы өз талдауыңызды беріңіз
- •Қабылдау мен түйсінудің айырмашылықтары мен өзара байланысы жайлы өз пікіріңізді баяндау
- •Зейіннің психологиялық табиғатына талдау беру
- •Зейіннің түрлері жайлы психологиялық талдау негізінде өз қорытындыңызды беру
Қабылдау және іс-әрекет. Қабылдау және ішкі бағдарлану
Қабылдау адамның өзіне байланысты болады. Қабылдауға қабылдаушының тұлғалық ерекшеліктері әсер етеді: оның қабылданатын затқа қатынасы, қызығушылықтары, білімі, армандары, адамның сезімі. Қабылдау саналы тұрде орындалатын бақылау іс-әрекетіне айналады. Яғни, қабылдау – қиын процесс және мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет. Психологтар қабылдауды ақпаратты алудың және түрлендірудің қиын процессі деп қарастырады. Бұл процесс объективті шындықтың бейнесін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға бағдарлаушы ретінде қызмет етеді. Егер қабылдауды заттың сезімдік бейнесінің формасы деп қарастыратын болсақ, онда қабылдау өзіне келесі этаптарды қосатынын мүлтіксіз айтуымызға болады:
1) объектіні бүтін деп айқындау;
2) объектідегі бөлек қасиеттерді айыру;
3) объектінің ақпараттық құрамын бөліп көрсету;
4) әрекеттің адекватты мақсаттары;
5) сезімдік бейнені қалыптастыру. Іс-әрекеттің құрамы оны туындатқан қажеттілікпен ғана анықталмайды.
Іс-әрекет сәтті болу үшін психика заттардың өзіндік объективті қасиеттерін бейнелеу керек және солардың көмегімен қойылған мақсатқа жету жолдарын анықтау керек. Әрекеттерді іске асыру үшін, яғни, пайда болған қажеттіліктерді бірден қанағаттардыра алмайтын белсенділікті стимулдандырып, қолдау үшін, біздің іс-әрекет адамның мінез-құлқын басқару керек. Яғни, іс-әрекет таныммен және ерікпен байланысты.
Сонымен, іс-әрекет – мақсатпен реттелініп отыратын адамның физикалық және психикалық белсенділігі. Белгілі бір мақсатқа жету үшін, бірқатар әрекет пен қимылдарды орындау керек. Осылайша, іс-әрекет өзіне мақсат, құралдар, нәтиже және процесстің өзін қосады.
Кез-келген әрекеттің тараптарын қозғалыстық, сезімдік және орталық компоненттер деп атауға болады. Қимылдарды атқарудың автоматтандырылғандығы және қимылдардың реттелуін – қабілет деп атайды.
Қабілеттің қалыптасуының басты құралы тілдік іс-әрекет болып табылады.
Қабылдау теорияларына талдау жасау
Қабылдаудың құрылымдық теориясы түйсінуді перцептивті бейненің бірлігі деп анықтайды. Табиғи жағдайдағы түйсінуді өлшеуге арналған әдіс – аналитикалық интроспекция ұғымы енгізілді. Барлық дүние белгілі бір рецептор тітіркенгенде пайда болатын түйсінулер мен бұрынғы түйсінулердің естегі бейнелеріне бөлінеді.
Гештальттеория перцептивті процесстердің туа берілген қасиеттеріне акцент жасайды. Және де басты деп қабылдаудың элементтерін емес, оларды туғызатын процесстерді есептейді.
У.Найссердің қабылдау теориясы өзіне когнитивті схема ұғымын қосады да, перцептивті циклды қарастырады. Қабылдау – ол, ең біріншіден, мотивациялық процесс.
Г.Гельмгольцтың қабылдау теориясы первичный образдың, перцептивті бейненің, елестету бейнесінің және санадан тыс қорытынды жасау ұғымдарына н,егізделген.
Дж.Брунер қабылдауды өткен тәжірибені категоризациялау процессі деп қарастырады. Перцептивті дайындық кез-келген категорияда бар. Қабылдау процессі первичный категоризациядан – қабылданған шешімді дәлелдейтін белгілерді іздеу және вторичный категоризациядан тұрады.
Эмпирикалық теория – бейненің пайда болуы үшін бізге таныс психикалық қабілеттерден басқа күштің қажеті жоқ. Ең дұрыс, оң елестер – біздің ойлау заңдарымыз арқылы қалыптасқан және біз оларды шындыққа көшіре аламыз.
Когнитивті-бағдарлық теория: бұл жерде танымдық процесс ретінде бітістіруші бар; санадан тыс тұжырымдар тәжірибе кезінде қалыптасады.
