Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инкар 28-36.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
88.06 Кб
Скачать
  1. Қабылдау мен түйсінудің айырмашылықтары мен өзара байланысы жайлы өз пікіріңізді баяндау

Түйсіну мен қабылдаудың ұқсастықтары:

  • Қоршаған ортаны бейнелейтін танымдық психикалық процесстер;

  • Тітіркендіргіштің мүшелерге тікелей әсері кезінде пайда болатын танымдық психикалық процесстер.

Бірақ олардың басты айырмашылығы бар. Түйсіну заттардың бөлек қасиеттерін бейнелейтін болса, қабылдау қоршаған ортаның бүтін, заттық бейнесін көрсетеді.

Түйсінуге қабілет бізге және нерв жүйесі бар барлық тірі организмдерге туылғанынан берілген қасиет. Саналы түйсіну бас миы бар барлық тірі организмдерге тән. Ал қоршаған дүниені бейнелер ретінде қабылдау қабілеті тек адамдар мен жоғары сатыдағы жануарларға тән, ол өмір тәжірибесі арқылы алға дамып отырады. Және де бейнелерді қабылдау адам үшін үйреншікті болып қалғаны соншалық, ол түйсіну мен қабылдау арасындағы айырмашылықты байқамайды.

Біз үшін ке-келген түйсіну – бұрынғы есте қалған объектімен немесе оның қасиетімен ассоциация. Түйсіну біздің өзімізде болса, қабылданатын заттардың белгілері, олардың бейнелері кеңістікте локализацияланған.

Тағы бір айырмашылық, түйсінудің пайда болуының нәтижесі белгілі бір сезім (мысалға, жарықтықты, тұздылықты, тепе-теңдікті түйсіну) болса, ал қабылдаудың нәтижесінде өзара байланысқан түйсінулерді қосатын бейне пайда болады. Белгілі бір зат қабылдану үшін оған қарай оны зерттеуге, бейнені құруға немесе детальдауға бағытталған белсенділік орындау қажет. Түйсіну пайда болу үшін ол қажет емес.

Түйсіну пайда болу үшін, стимулдың рецеторға әсер етуі жеткілікті. Ал қабылдау процессінде пайда болатын бейне бірден бірнеше анализатордың бірлескен жұмысын қажет етуі мүмкін. Олардың қайсысы қабылданып отырған объектінің белгілері жайлы мәлімет алуда белсендірек қызмет атқарса, қайсысы маңыздырақ белгілер жинаса, осыған байланысты, қабылдаудың түрін анықтайды.

  1. Зейіннің психологиялық табиғатына талдау беру

Зейін деп сананың нақтылы объектіге бағытталғандығын айтамыз. Зейіннің объектісі ртеінде сыртқы ортаның кез-келген заты немесе құбылысы, біздің іс-әрекетіміз және ойларымыз бола алады.

Сананың нақты затқа бағытталғандықтың нәтижесінде ол анық және айқын көрінеді, сол уақыттағы басқа қоздырғыштар күңгірт және бұлыңғырланып сезіледі.

Зейін құбылысындағы сананың іріктеу сипаты мәлім болады: егер адам бір объектілерге зейін салса, онда ол басқалардан алаңдайды. Зейінді өздеріміздің қабылдау, ойлау, ес және т.б. ерекше психикалық процесстерге жатқызуға болмайды. Зейін – барлық психикалық процестердің ерекше тобы.

Дәстүрлі зейінді шектеулі қабылдаудың аймағымен юайланыстырады, яғни адам көргісі (естігісі) келген ақпарат құралын білу, яғни қалауын қабылдауы. Зейін өңделетін ақпаратты іске асырады. Адамның ақпаратты қайта жасауының орталық механизмдері бір уақыт аралығында тек бір объектімен жұмыс жүргізе алады. Мұнда көрсетілген көлем зейіннің негізгі мінездемесі болып табылады. Зейін көлемін оқыту және дайындау арқылы өзгерту өте күрделі мәселе.

Ортаны талдау бірізділігі (зейіннің бағыты) екі топ факторға тәуелді: ол сыртқы тітіркендіргіш құрылымы (белгінің физикалық өлшемдері: белсенділік, жиілік және т.б.) және адамның әрекетін анықтайтын ішкі аймақ құрылымы (жаңашылдық деңгейі, тітіркендіргіш белсенділігі және т.б.).

Зейін бейімделу қимылымен жалғасады, алайда оған жатқызылмайды. Зйін болмысы – таңдау сипатындағы психикалық іс-әрекет. Зейін психикалық іс-әрекеттің бағыты мен тұрақтылығын орнатуға жағдай жасайды.

Кейбер авторлар зейінді бағытталған іс-әрекетпен дәлелдейді (Леонтьев, Запорожец, т.б.). Келесілері (Гальперин, Кабыльницкая) зейінді психикалық әрекеттің өзіндік түрі, яғни бақылаудың психологиялық түрі деп санайды. Бұл орайда барлық бақылауды зейін деп айтуға болмайды. Алайда бақылау ашық заттық іс-әрекетте орындалады, өзі де зейінді қажет етеді. Әрекет автоматтанған, қысқарған және идеалды деңгейге жеткенде ғана бақылау зейінге айналады.