
- •Бірінші сабақ Қазақстан экономикасы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Қазақ тілінің негізгі ерекшеліктері
- •Екінші сабақ Қазақстан Республикасының Әнұраны
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақ тіліндегі жалғаулар жүйесі
- •Үшінші сабақ Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
- •Экономика кафедрасы
- •Төртінші сабақ Экономика деген не?
- •«Экономика байлыққа баратын жолды көрсетеді»!
- •Ең үлкен байлық
- •Экономиканың негізгі сұрақтары
- •Ғылым таппай мақтанба
- •Жетінші сабақ Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстан экономикасы
- •7.2. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.
- •Сегізінші сабақ Есептік жүйенің даму тарихы
- •Есептік жүйенің қалыптасу кезеңдері
- •8.4. Төмендегі шағын мәтіннен Лука Пачолидің еңбегінің маңызы туралы айтылған сөйлемді тауып, диаграммаға орналастырыңыздар.
- •Тоғызыншы сабақ Ақшаның пайда болуы
- •Оныншы сабақ Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
- •Он бірінші сабақ Қажеттілік
- •Шалдың мұрагері кім?
- •Он екінші сабақ Менеджмент
- •Ақыл мен ырыс
- •Он үшінші сабақ Сұраным мен ұсыныс
- •Он төртінші сабақ Баға және баға белгілеу
- •Он бесінші сабақ Нобель сыйлығы
- •4 Тапсырма.
- •Компьютердің атасы кім?
- •Өтіріктің залалы
Екінші сабақ Қазақстан Республикасының Әнұраны
Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің сазды рәмізі. Әнұран дегеніміз мемлекеттің бірлігінің белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран-өлең. Қай елдің де әнұраны халықтарды бірлікке, татулыққа шақырады. Олардың психологиясына, сана-сезіміне рух беретін үндеу. Сол елдің азаматтарының намысын оятып, біріккен ел болуға шақыратын, еркіндікті сезінуге әсер ететін дабыл.
Қазақ халқының тарихында елдің ұраны әр түрлі болған. Мысалы, соғыс кезінде батырлардың аты ұран ретінде қолданылған. Жоңғарларға қарсы күресте әскерлер «Абылай! Абылай!» деп жауға қарсы шапқан. Сондай-ақ, әрбір рудың өз ұраны болған. Қазақ халқының ішінде көп тараған ұрандарда «Алаш!», «Аруақ!» деген сөздер жиі қолданылған. Арнайы сайланған ұраншылар да болған.
Қазақстан Республикасының қазіргі Әнұранының сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Өлеңін жазған – Шәмші Қалдаяқов.
Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.
салтанатты – торжественный ұран – лозунг, девиз сана-сезімі –самосознание, чувство рух беру – воодушевлять, поднимать дух үндеу – воззвание, обращение намыс - честь еркіндік – свобода әсер ету – впечатлять дабыл – призыв |
қолданылу – использоваться арнайы – специальный сайлау – выбрать ұраншы – глашатай (в старину: вестник, всенародно объявляющий что-н.) жауға қарсы шабу – сражаться против врагов ру – род, племя тарау – распространяться жиі – часто |
Сөз тіркестерін аударыңдарыздар.
Егемендіктің сазды рәмізі, мемлекеттің бірлігінің белгісі, белгісі ретінде қабылданған, салтанатты ұран-өлең, халықтарды бірлікке шақырады, сана-сезіміне рух беру, әсер ететін дабыл, азаматтардың намысын ояту, біріккен ел болуға шақыратын ұран, еркіндікті сезіну, соғыс кезінде қолданылған, батырлардың аты, ұран ретінде, жоңғарларға қарсы күрес, көп тараған ұрандарда, арнайы сайланған, жиі қолданылған,ұраншылар болған.
Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.
Сөздердің қай септікте тұрғанын анықтап, кестеге орналастырыңыздар.
Мемлекеттің, рухта, үндеуді, намысқа, халықтарды, бірлікке, сана-сезіміне, намысын, еркіндікті, жоңғарлардан, ұрандарда, батырлардың, соғыстан, әнұранның, күресте, тарихынан, өлеңін, әсер етуінен, руында.
Ілік септігінде |
Барыс септігінде |
Жатыс септігінде |
Табыс септігінде |
Шығыс септігінде |
|
|
|
|
|
Сұрақтарды жауаппен алмастырыңыздар.
1. Мемлекеттік Әнұран – ненің сазды рәмізі?
2. Әнұраны халықтарды неге шақырады?
3. Қашан батырлардың аты ұран ретінде қолданылған?
4. Кімдер «Абылай! Абылай!» деп жауға қарсы шапқан?
5. Әрбір рудың несі болған?
6. Қандай ұраншылар болған?
Тиісті жіктік жалғауын қойып, аударыңыздар.
а) мен заңгер..., біз екеу..., олар жастар..., сіз ақылды..., қыздар көрікті..., сен үнемшіл..., сіздер он екі..., сендер жауапты..., мен кезекші..., сендер алтау..., ол мақтаншақ..., ол ұқыпты..., біз өте бақытты..., сендер тым еңбекқор...;
б) сіздер тыңдайтын..., мен жазатын..., сендер барма..., сіз айтқан..., ол көріпті..., біз оқымақ..., мен тыңдар..., мен түсті..., олар айтты..., сендер сөйлесіп..., олар жазған..., сіздер орындаған..., біз әсер алды..., сен келді...;
Берілген етістіктерді жағына қарай топтап жазыңыздар.
Келіпті, айтасың, жазбақпыз, оқып жүрмін, сөйлемекпін, көтергенсіңдер, жазып отырмыз, салғансың, көтермексіздер, оқиды, көріппіз, сұрағансыздар, қоймадыңыз, көріп отырсың, келген, айтпақпын, жазамын, оқып жатыр, сөйледі, жазбақпыз, тасыпты, салармын, көтергенсіңдер, көрерміз, жүрміз, ойламақсың, жазарсыз, салмаппын, келгенсің, келдік.
І жақ |
ІІ жақ |
ІІІ жақ |
|||
көпше |
жекеше |
көпше |
жекеше |
көпше |
жекеше |
|
|
|
|
|
|